Тұрмыс дәстүрлері
Аманат. Қымбат, бағалы заттарын уақытша біреуге аманат етіп қалдыру. Аманатты сақтау үлкен адамгершілікке жатады. «Аманатқа қиянат қылма» бұл сөзде сенім тапсырған адамға аса адалдықты, адамгершілікті сақтау керектігін білдіреді. «Аманат» рулар мен жүздер арасындағы ауызша келісім шарт болып, үлкен сенімділікті білдіреді. «Аманат» достықты, бірлікті, келісімге келуді білдіреді. Сол уақытта жауласып жүрген ел арасында келісімге келіп, татуласудың белгісі ретінде бала берісіп, бала алысқан.
Ант – адалдықтың, құрметтің белгісі. Ант бұзған адамды «ант атқан» - деп сөгетін болған. «Ант» беру өте ерекше жағдайда беріледі. Кінәлі адам сенімділікті, адалдықты сақтай алатын адамды арашалап, бұл жағдай қайталанбас үшін ант береді.
Ақ алып шығу. Сүт, қымыз, шұбат, айран т.б. қазақтар «ақ» деп атайды. Ақта қасиет бар деп есептейді. Ақ түс – адалдықты, сенімділікті білдіреді деп ойлайды. Жаңа көршілеріне ақ алып шығып, қарсы алады, біріне-бірінің қарым-қатынасы таза, шын болудың белгісі. Жаңа көшіп келген көршіні қонаққа шақырады, бұл «ерулік» деп аталады. Көршіні ерулікке шақырмау әдепсіз, дәстүрді бұзу болып табылады.
Ақ құйып шығару. Қазақ халқы ақты (сүт тағамдарды) төгіп шашпаған. Кей жағдайда сүтті төгетін уақыт болады: үлкен өртте төгеді, үйге жылан кірсе оны ақ құйып шығарады. Бұл қазақ халқының зор құрметпен достарына, еліне, жолдастарына қарау мен бірге өзіне онша дос, жолдас емес адамдар ғана қымызын, шұбатын беріп құрметтеген.
Ақ жол. «Ақ жол» - әйелдерге сын. Өзінің еріне адал, шын берілген, өтірік айтпаған әйел ауырған адамның үстінен үш рет аттаса, ол адам жазылады, деп, сол ырымды пайдаланған. Ауру аттаған адам жазылып шықса, ол әйел шын қасиетті, деп аталған. Ілияс Есенберлиннің «Каһар» романн оқыған адам біледі.
Ат мінгізіп, шапан жабу. «Ат мінгізіп, шапан жабу» - өте жоғары құрмет. Қазақта аса жақсы дәстүр бар. Қадірлі қонағына, ақынына, батырына, күрескеріне т.б. аса сыйлы адамына ат мінгізіп, шапан жабады. Бұл салт бүгін де жалғасын табуда. Бұл қазақтың құрметтеп жүрген дәстүрлері.
Айып. «Айып төлеу» - істеген қылмысы үшін айыптау. Кез келген қылмыс міндетті түрде өзінің жазасын алады. Ұрыс, барымта, малын айдап кетуі, көпшілік ортасында ұрыс-керіс жасау, дәстүрді бұзу,әдет-ғұрыптан өрескел қателік жасау т.б. бәрінеде айып төленеді. Оны міндетті түрде орындау керек.
Айыптың түрлері әр түрлі. Айыбы үшін атынан не шапанынан айрылу. Аса үлкен қылмысы үшін тоғыз айып салынған: түйеден бастап 9 мал төлеген (3 түйе, 3 жылқы, 3 сиыр), не жылқыда бастап (3 жылқы, 3 сиыр, 3 қой). Ұрлық үшін аяусыз айыпталып 3 тоғызды 3 есе не оданда көп айып салынған. Бұдан өзге айып түрлері болған. Тәрбиелік, қоғамдық, адам құқығына салынған айыптың да маңызы көп болған.
Ат тергеу. Біздің халықта жас адамды тәрбиелеудің әдістері өте көп, үлкенге құрмет, жасқа әдепті үйретеді. Жаңа түскен келін ауылдың үлкендеріне, жастарына өзінше атау береді, мысалы, қайын атасын – ата, қайын енесін –апа, інісін - «қайны», қарындасын - «қайнысіңілім», үлкен ағасы – «ағеке», «мырза қайнаға», «би атам», «еркем», ағасының әйелің –жеңеше т.б. деп атайды. «Ат тергеу» үлкен кішіге деген құрмет. Үлкендердің атын атау – құрметтің жоқтығы, әдепсіздік болады. Қазір бұл салтта жоқ, ешкім көңіл бөлмейді.
Айырылысар көже. Тату тұрған көршілердің біреуі жайлауға не қыстауға көшер болса бірін-бірі «айырылысар көжеге» шақырған. «Айырылысар көже» деген шартты түрде айтылған. Іс жүзінде аса мол құрмет көрсетіліп, мал (қой) сойылып сыйлаған. Көршілер алдағы уақытта да бірін-бірі сыйластықпен, құрметпен денсаулықтың арқасында сыйластық жалғасатына сеніммен қарап, қимастықпен айырылысқан.
Ауызбастырық. Біреудің атына кіркелтіретін сықақ өлең, лайықсыз сөз, топастық қылықтар тез тарайды. Көпшілікке күлкі, мазақ болмау үшін естіген білгенін өзі айтқан адамға ауызбастырық беріп, елге жайылып кетпеуін өтініп сұрайды. Сыйлық, аса құнды зат, әшекей бұйымдар болады. Алған адам айтып елге жаюға қақысы жоқ. Бұл анттың бір түрі.
Ауыз тию. Алыс жолға демалуға, емделүге бара жатқан адам, оқуға түскен, әскерге бара жатқан жастар жасы үлкен құрметті адамның үйіне кіріп амандасуы керек. Ол үйден тамақ ауыз тимей шығармайды. Содан кейін жол жүруге рұқсат.
Абысын асы. «Абысын асы» ағайынды, жақын туыстардың әйелдері «абысындар» деп аталады. Үлкендердің, ағайындарының, күйеулерінің үйде болған түрде абысындар жинала алмаған. Үлкендер тойға не басқа мерекеге кеткен уақытта әйелдер ғана қалған кезде абысындар жиналып ет асып, самауыр қойып, ет жеп, шай ішіп, әзілдесіп, ақылдасып арқа-жарқа болған. Бұл жағдай бұларды жақындастырып, үйымшылдыққа жол ашқан.
Араша. Өзара сөзге келісіп, төбелесіп жатқандарды көргендер оларды айырып, ақылға келтіреді. «Араша, араша» деген сөзді естігенде олар ұрысты тоқтату керек. Тыңдамаған жағдайда оларға айып салынады.
Ақтық. Белгілі бір қызметіне қарай ақы төлеу. Сатқын үшін, айтылмайтын іс жөнінде басқа біреуге айту, сол үшін сыйлық алу. Ол «ақтық» деп аталады. Мұндай істі халық жаратпаған, ол жазаланған, айыптылар ол үшін айып төлеген. «Ақтық» - айғырын биеге салғаны үшін, түйеге де солай. Ол үшін айғырдың иесіне ақтық төлеген.
Ат құйрығын кесу. Әр түрлі себептермен керісіп жүрген адамдар кейіннен бір-бірімен жауласып кетеді, елінен, туыстарынан безеді. Қайта келіспеске белбұған адам өзінің мініп жүрген атының, құйрығын кесіп, екі қолын көтеріп төбесіне қойып елінен безіп кетеді. Бұл қайта бұрылмастық белгісі болады. Сол себепті «атынның құйрығын кеспе», қолыңды төбеңе қойма. Ол жамандықтың белгісі.
Ат майын сурау. Қазақтың қазағына көмек көрсетпейтін күні жоқ. Өмірдің әрбір кезеңіне зер салып отырған. Әсіресе күн көріс жағдайлары ауыр адамдардың от басына, жетім балаларға, жесір әйелдерге үнемі көмектесіп отырған. Соның бірі аты жоқ адам жағдайы жақсы адамнан «ат майын сұрайды». Жақсы көршілерінен, жақындарынан да сұрайды. «Ат майы» уақытша атын пайдалану. Сұраушы адам «ат майын» алады. Бұл да қазақтың жан -ашырлығы, білгендігі деуге болады.
Әмеңгерлік. Күйеуі қайтыс болғаннан кейін әйелі күйеуінің інілерінің біріне, ағасы болса да қосылу керек, олар болмаса жақындарынан, не алыстау ағайына. Әйел өз еркімен шығу керек. Ертеден келе жатқан дәстүр. Егер әйел бөтен біреумен кетсе, күйеуінен қалған мал, мүліктен әйел ала алмайды, үйінен келген жасауымен кетеді. Бұны «іргеден шығару» дейді. Қайны, не қайны ағасына барса, ол ұрпақ жалғастырушы болады. Күйеуінің туыстарының бірі алса, бұл «әмеңгерлік» деп аталады.
Әдеп. Кішіпейілдік. Үлкендерге, өзінен кішілерге дұрыс қарым-қатынас жасау әдептіліктің белгісі. Сыпайлық,әдептілік ұлттық қасиеттерімізге тән. Үлкеннің, кішінің алдында, әйелдің ер адамның алдында, ер адамдардың әйелдер алдында, атасы келінінің алдында әдепті болуы. Келін өз кезегінде әдепті сынайы, кішіпейіл болуға тырысады. Мешітте, басқада көпшілік орындарда да әдептілікті ұмытпағаны жөн. Адам бойындағы сыпайлық, , кішіпейілдік, әдептілік адамға абырой әпереді.
Бата. Бата – жақсы тілек – бағалы рухани тілек. Бата беруші шын ақ ниетімен алладан тілеп айтады. Батаны жасы үлкен адамдар береді. Батаның түрлері әр түрлі болады:
- Ұзақ жолға шығатын адамдарға ақ тілегін білдіреді. Мысалы, Қошқарұлы Жәнібекке, Қаракерей Қабанбайға, соқыр Абыздың батасы.
- Дастарханға бата
- Алғыс бата – үлкен ақсақалдар береді
- Жаңа туған айға берілетін бата: Ай көрдім, аман көрдім
Баяғыдай заман көрдім
Ескі айда есірке,
Жаңа айда жарылқа. – деп береді.
Біздің кәрілеріміз айдың, жұлдыздардың қалай орналасқанына қарап болжам айтқан.
Теріс бата. Қарғыс. Бата деп аталғанмен бұл жазаның бір түрі. «Теріс бата» әкесі баласының іс – әрекетіне риза болмай, тіл алмаса, әке сенімінен шықса теріс бата берген. «Теріс бата» қолының сыртын қаратып бата берген. Мысалы, «Қыз Жібектегі» Төлегеннің әкесі Базарбай қолын теріс жайып теріс батасын береді. Сырлыбайдың қызы Жібекке барыуына бөгет жасайды. Тыңдамаған соң «теріс батасын» береді. Ақыры не болғанын, оқыған, киноны көрген адам біледі. Бұндай адамдардан халық теріс айналған.
Байғазы. Отау үйге алғаш келген адам байғазы беріп, қайырлы-құтты болсын айтады. Байғазы көбінде балаларға, жас адамдарға беріледі: киім кешек алса, астына машина, мотоцикл т.б. бағалы заттар болса соларға байғазы береді.
Базарлық. Алыс жолдан, демалыстан келген адам базарлықсыз келмейді. Базарлық - қымбат емес зат не сувенирлер, т.б. өзінің жақын адамдарына, дос, жолдастарына сыйланады.
Байлау. Тапқан әлде тапқан олжасын біреуге сыйлау. Мұны «байлау» деп атайды. Аңнан қайтқан адам алған түлкісін, қасқырын, қарсағын ауылдың үлкен ақсақалына байлайды. «Байлау» - мырзалықты, сыйластықты білдіреді. Солай бола тұра алғашқы алған аңын ешкімге бермейді.
Баутағар. Аңнан қайтқан адам алғанын біреуге байлайды. Байланған кісі байлаушыға ақша не соған тұратындай зат береді. Бұл «баутағар» деп аталады. Байлауды алған адам «баутағар» бермесе, екінші рет оған «байлау» жоқ. «Баутағар» бермеген адам малынан айырылады деген ырым бар.
Бармағын жалау. Ол қонақ өзінің сый-құрметін достармен бөліскісі келеді.Жақын адамдары не достары шақырылған қонақты үй иесіне хабарлайды. Біз онымен қонақ асын бөліскіміз келеді. Бұның ешқандй өрескелдігі жоқ. Үй иесі бұған қуанышты. Кейде үй иесі жастарды шақырады: Бізге үлкен сыйлы ақсақал келе жатыр, бармағын жалауға келіңдер - дейді. Бұл арнайы шақыру емес, ескерту ғана, жастарды сыйлау болып табылады. Жүздесу мен әңгімелесу, сыйласымдық ұлттық дәстүрдің бірі. «Бармақ жалау» соның бірі.
Барымта. Күш пен қаруланып келген қарсы жақтың адамдары табынымен жылқыны айдап кетеді. Соңынан іздеп келгендерге есе бермесе «барымтаны» сіңіріп кетеді. Барымта ұрлық деп санамайды. Барымтаның арты үлкен дауға айналады. Барымта есе қайтару үшін, не өш алу үшін істеледі. М.Ауэзовтың «Абай»нында барымта өте жақсы баяндалған жауласқан Базарәлі мен Тәкежан арасында. Барымта қазақ даласында жиі қайталанатын.
Бал басы. Ертеде көріпкелдер, құмалақшылар, жауырыншылар көп болған. Қазіргі күндерде де олар бар. Жоғалған мал, заттар балгердің алдын ала болжап айтқандары келген. Балгердің жұмысына ақы төлеу керек. Оны «балбасы деп атаған. Әркім өз жағдайына қарап ақы төлейді. Кедейлерге балгер «құдай үшін», - деп тегін балды ашып берген. Балгер алғысын айтып бата берген. Егер балгер бал ашқаны үшін белгілі бір сома сұраса, не мал, бұларға ешкім көңіл бөлмеген.
Бәйге. Сыйлық. Көпшіліктің пікірінше бәйге «ат жарысы» деп ойлайды. Той, ас басқа да мейрамдар күрессіз, ақындар айтысынсыз, ат жарысыз өтпеген. Ерекше сыйлықты жүйрік ат алған. Бәйгеге «100 не одан да көп аттар жіберілген. Бәйге тіккен сыйлықтың бәрін айдап кетпеген. Бәйге күрестен жеңгенге – түйе кілем жамылған, ақындарға жақсы ат, шапан сыйлаған. Бәйге жарыста озғандарға берілген. Осы дәстүр біздің халықтың рухын, мәдениетін көтерген.
Белкөтерер. Қарт адамдарға көрсетілетін құрмет. Арнайы ас дайындалған. Ол кісілерге дәмді, жұмсақ, колориясы мол қазы, сары май, жент, қымыз, ақ ірімшік, т.б. дайындалған. Дайындалған тағамдарды көршілері, балалары, жақын туыстар әкелген. Естеріне алып құрметтегендеріне риза болған кәрілер жақсы тілектерін айтып, бата берген. Бұл дәстүр келешекте жастарға үлгі болған. Қарт адамдарға қалай күтім көрсету керек екені жөніңде. «Белкөтерер» аурудан жазылып келе жатқан адамдарға жасалып берілген.
Бес жақсы. Бес жақсы. Атына заты сай «бес жақсыны» сыйға беретін адамдары: құрметтеп жақсы көретін бай адамға, мырзаға, батырларға, билерге құрметтеп сыйлаған сыйға лайықты, достықтың белгісі ретінде берілген. Құдалар арасында «бес жақсы», қалың мал, киіт ретінде берілген. «Бес жақсы» аса зор құрметтің, сыйластықтың, достықтың белгісі болған.
Бес жақсыға жататындар:
- Түйе – қара нар
- Жүйрік ат
- Парсы кілем – аса бағалы
- Алмас қылыш
- Бұлғын ішік
Осының ішінде біреуін қымбат асыл тастармен безендірілген сәукелеге айырбастаған. Бұл дәстүр байлықты, мырзалықты адамдар арасындағы сый құрметті білдіреді. «Бес жақсының» құны 4-5 ат болған.
Бетке түкіру. Сөзбен, қолжұмсамай өзінің жек көретін, көңілі қалған адамның «бетіне түкіреді» - қолынан басқа ештеңе келмейтін шамасыз адам осыған барған. Бетіне түкірілген адамға бұл аса ауыр болған. Намыстанып қиналған.
Дау. Қазақтарда болатын дау, төленетін айып, жер және жесір дауы. Дауласқан адамдар биге жүгінген. Жиналыс өткізеді. Екі жағы шешендік сөзбен даудың себебін дәлелдейді. Сөз сұраған адам қамшысын ортаға тастап сөз алады. Мұндай дауды төбе би шешеді, екі жақты татуластырады. Ақсақалдар мен төбе бидің қортынды сөзі қайта қаралмайды. Дау шешілген соң айыптың оннан бір бөлігі «төбе биге» беріледі. Айыптыларға мал басы кесіледі.
Дауыс. Өмірден қатты соққы көрген, тағдырдың талқысына түскен жағдайда дауыс шығарып қатты қайырған. Бұл дауысты әйелдер атқарады. Дауысты естіген ауылдың ақсақалдары, жасы үлкен адамдар келіп тоқтау айтады. Дауыс қылу ды көп естілген кез 1928жылғы тәргілеу (конфискация), 1932-34… жылғы аштық, 1937 жылғы репрессия, 1941-1945 жылдарғы Ұлы отан соғысы. Кәзір бұл дәстүр жоқтың қасы. «Дауыс қылу», «жоқтауды» шатастырмау керек. «Жоқтау» - өмірден өткен адамды жоқтау. «Дауыс қылу» -адамның ішкі көңіл күйі.
Дерт көшіру. Ауырған адам, не мал болса көшіру арқылы емдеген. Ауыл адамдары, жастар жиналып аурудың атын дауыстап «көш, көш» - деген. Бұл арнайы өлең түрінде, тақпақ түрінде айтылған, мысалы: сен жауға, суға, бұлтқа – көш, көш – делінген. Тері ауруына байланысты да айтылған. Қазір бұл ырым мүлде ұмытылған.
Денгене. Бұл ырым ұмытылып бара жатыр. 3-4 жігіт жиналып малды азаматтың үйіне денгенеге келдік дейді. Бұл келісті түсінген үй иесі бір семіз қойды сойып тастайды да етін түгелдей қазанға салып пісіреді. Келген жігіттер етті тауысып, сорпасын да түгел ішу керек. Егер тауыса алмаса 2 есе айып төлейді яғни бір қойдың орнына екі қой. «Денгене» - сірне деп аталады. Оңтүстік облыстарда 4-5 жанұя бірлесіп «денгене» -«сірне» жасайды. Аз болса тағы бір қой сойылады. Кейбір өңірде сірнені кәделі ас ретінде құдаларға тартады.
Дүре. Дүре –жазалау. Аса ауыр, ұяты жаза. Дүре салудағы қару қамшы болады. Жазаланған адамға қылмысына қарай 25,50, 75,100 рет қамшымен соғылады. Бұл жаза – ұрлық істеген, ауылын (отаның) сатқан адамдарға беріледі. Жаза көпшіліктің алдында болады. Бұның тәрбиелік мәні зор. Көрген адамдар мұндай қылмысқа бармайды. Дүреден өлген адамға «құн» төленбейді.
Ен. Ен – белгі. Мал құлағына салынатын белгі. Қазақтың басты шаруашылығы мал өсіру болған. Әр отбасының, ауылдың, рудың өз белгілері болған. Белгі кейде қара малдың мүйізіне салынған, ені бойынша малын жоғалтып тауып алған, «енді» өшіріп не басқа түрге енгізі алмаған. Сондықтан ешқандай дау туы мүмкін емес. Ен әртүрлі болған. Қиықша, түзу, кейде сырға салынған. Ертеректе ен құлдарға салынған.
Ерулік. Ауылға жаңа көшіп келген отбасын құрметтеп қонаққа шақыру. Олар жаңа ортаға тез үйреніп кетулері үшін, жаңа келген қоңыстанушыларға қажеттеріне қарай көмек көрсетеді: отын, су, т.б. Бұл адамдардың достығын күшейтеді, қоғамға белсенділігін, бірліктерін, қарым-қатынастарын жақсартады. Бұлда қазақ халқының көп дәстүрлерінің бірі.
Емге сұрау. Емге сұрау – ауырған адамға ем болу үшін тамақтың өзін де жоқ түрін сұрау. Мысалы: қазы, май айындағы, сары май, т.б. Дәстүр бойынша емге сұраған затты беретін болған. Халқының бұл дәстүріне ешкім қарсы болмаған.
Емшегін көкке сауу. Баласының істеріне риза болмаған анасы «емшегін көкке сауады». Төбелес, қол көтеру, ата-ананы тыңдамау, өрескел істерге бару - бұл іске баласына «теріс батасын» береді. Қарғыстың ең ауыры «теріс бата», «ананың емшегін көкке сауу». Бұл қарғыс түрлерін өзгертуге, қайтарып алуға болмайды.
Есекке теріс мінгізу. Қылмыскерді, ұятқа қалдырушы әйел, еркек жеңіл жүрісті адамдарды дала заңы бойынша жазалаған. Жазалына қара есекке не қара сиырға теріс мінгізіп, аяғын есектің не сиырдың қарнына байлап, мойнына ескі қара кигізді кигізіп есекті не сиырды жетектеп әр үйдің есігің алдынан жүргізеді. Көрген адамдар бетіне түкірген. Бұл балалар мен жастарға аса қатаң жаза болып көрген. Өздері бұл көргендерінен сабақ алып, ондай бұзықтыққа бармайтын болған.
Жаза. Жазалау. Билер кеңесінен соң қылмысты адам бидің шешімі бойынша сазайын алған. Оны осының алдындағы есекке теріс міңгізуден білеміз. Дүре соғу – қамшымен жазалауда алдыңғы тақырыпта айтылады. Ішімдіктен көз жұмған адам басқа адамдар жатқан жерден 100 қадам ары жерленген. Егер әйел ерінің көзіне шөп салған болса, оны «қарабет» - деп шашын кекскен. Егер күйеуі жазаласа, «талақ» етіп тастаған (айырылған). Егер адам дінін өзге дінге ауыстырып кетсе, оның дүние мүлкі тәркіленіп, басқа адамдарға бөлініп берілген.
Жекпе-жек. Бұл ертеден келе жатқан дәстүр. Бұрын әскері адамдар осы жекпе-жектен бастаған. Мұндай сайыстарда біреуі өледі. Осыған қарағанда батырлар бұл сайыстан қайтпаған, еркімен қатысқан. Қазақ халқының батырлары Қабанбай, Бөгенбай, Олжабай, Малай-сары, Наурызбай, т.б. мұндай сайыста жеңіп шыққан. «Мақсат-жеңіс» болады. Жеңілгендердің атын, қару-жарағын алып қойған. Өлең, жырларда батырлардың жекпе-жегі көркем тілде толық жазылған.
Жеті ата. Әу баста бір атадан тараған жеті жұрттың қамын жер – деген бар. Олай деу жеті атаға дейін тараған ұрпақ туысқан, жақын адамдар болып саналады. Сол себептен жеті атаны білу керек. Жеті атаға толмай қыз алып, қыз беріспеген.
Жиен құрық. Қыздан туған балаға берілетін сыйлық. Қыздан туған бала «жиен» - деп аталады. Біздің халқымызда дәстүрлі тәртіп жиенге «жиын құрық» беріледі. Нағашы жұрты (анасының туыстары) «жиенқұрықты» беруге қарсы болмауы керек. Жиен құрықты үш рет орындайды. Жиенді ешуақытта өкпелетпейді.
Жол аяқ. Ұзақ жолға шығатын адам үйінде қой сойып, қонақ шақырады. Мақсаты аман-есен қайтып оралуына, барған мақсатына жетіп қайтуға «жол аяқ» жасайды. Келушілер оған шын көңілден тілектес екендіктерін білдіріп бата береді.
Жылу. Тұрмыстық қажетке берілетін дәстүр. Табиғат апатынан келген бақытсыздыққа көмек көрсетіледі (өрт, су тасқаны, т.б.). Адамдарға (отбасыларға) көрсетілетін көмек. Бұл жерде тек қана туыс, жақын адам емес, сол өңірдің басқа да адамдардың көмегі қажет-ақ. Мұндай отбасыларына мал, үй, киім, тамақтай көмек көрсетіледі. Бұл жағдай біздің елімізде кездеседі. Біреулердің осы жағдайға кездескендеріне көмек көрсету, халқымыздың адамшылық қасиеттерінің аса жоғары екендігінін, басқаның қайғысын өз қайғысындай түсінетін олармен бөлісуі керек екендігін көрсетеді.
Жыртыс. Жыртыс - кәде. Әйелдер арасында болады. Үйлену тойда өзге кәделер мен бірге қоржынға мата да салынады жыртыс үшін. Қоржын ашарда қоржын ауызындағы мата алынып, шетінен жыртылып отырған әйелдерге тегіс беріледі. Жыртыс кейде «құдайы», не өмірін жақсы өткізіп, ұзақ ғұмыр кешкен адамның қазасында беріледі.
Кәде. Тойда, үлкен мерекелерде түрлі ойындарда шақырылған қонақтарға кәде беріледі (сыйлықтар). Құдалықта кәде міндетті түрде болады. Кәде болмаған күнде – әдет-ғұрыпты елемеу, сыйламау, дәстүрді бұзу болып табылады. Қазақтың ұлттық дәстүрінде кәденің түрлері өте көп: тойбастар - әнмен басталады, айттық – айт күндері, көрімдік – келін көрімдігі, өмірге сәби келгенде, жыртыс. Құдалыққа байланысты – қарғы бау, шеге шапан, қалың мал, бата аяқ, өлі-тірі, құда тартар, т.б. Күйеуге байланысты кәделер: есік көру, балдыз көрімдігі, күйеу табақ, сүт ақы, ат байлар, т.б. Балаға арналған кәделер: ат қою, кіндік кесу, бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесу т.б. Өлімге байланысты кәделер: садақа, жыртыс, арулау, киім беру, дұға оқыту.
Кек алу. Өткен уақыттарда қазақта «барымта», «жауласу» көп қан төгіске әкелген. Бұл жолда адам өлімі де болып тұрды. Кісі өлген соң кек алу басталады. Қан төгіліп, өлім болған жақ «қанға қан, жанға жан» - деп ауылға шабуыл бастайды. Батырлар өздерінің қас жауларынан кек ала бастайды. Кек алу батырлық болып саналады, кек ала алмаған жағдайда ол қорқақ, адамдың қасиеті жоқ деп есептеледі. «Қанға қан» деген тәртіпті бұзған адам, Қазыбек би. Орта жүзден шыққан. Дала қазағының ескі заңын жойып «қанға қан» емес «құн беру» туралы заң шығарды. Бұл аса әділ, білгір би еді.
Көрімдік. Бұл қалыңдығын алғашқы көргені үшін - күйеудің көрімдігі. Нәрестені алғаш көру үшін, жаңа туған балаға -берілетін көрімдік. Бұл табыс табу емес, адамдардың шын қуанышын, туысқандық қарым-қатынасын білдіреді. Байғазы, көрімдік екі түрлі нәрсе. Көрімдік - адамды, мал түлігін көру үшін берілсе, байғазы - жаңадан киілген киімге, алған затқа беріледі.
Көрісу. 3 түрлі бар:
1 - жаңа түскен келін алғашқы жылы өз үйіне баруға болмаған, оның себебі жаңа үйіне, жаңа туыстарына үйренсін - , деген мақсатта. Бірақ келіннің бауырлары мен сіңлісі келіп тұрған, келін олармен жылап көріскен, өзінің қуанышын, өкпесін айтқан.
2- алысқа ұзатылған қыз туысқандарын көргенде көрісіп амандасқан.
3 - жақын адамы қайтыс болғанда өте қайғырып келген адамдар жылап көріскен, ер адамдар көріскенде дауыс шығармаған.
Көз тию. Жеке адамдардың түсінігі бойынша жас балаға, жүйрік атқа, сұлу қызға көз тиді - деп болжам жасайды. Бәйгеден озып келген сәйгүлікке көз тиеді, - деп көрсетпеуге тырысқан. Жас балаға көз тиеді, - деп маңдайына күйе жаққан. Жас келін мен балаға қызғана қараған адамды түкіруге мәжбүрлеген. Мұндайда «тоба-тоба», «тіл көзім тасқа», - деген. Көз тиюден, бүлдіруден кейін адам, не мал ауырған.
Көңіл сұрау. Ауырған адамның көңілін сұрау – жақсы дәстүр. Қолынан келсе көмектесу – бұл адамгершілікті көрсетеді. Көңіл сұрау келген адам, аурудың көңілін көтеріп, жазылатын кеңес береді. Көңіл-денсаулығын сұрау адамгершілікті, құрметті көрсетеді. Ауырған адамның халін білуге түс ауа, кешке, түнде көңіл сұрауға болмайды. Ауыр жатқан адамға болып жатқан жағымсыз істерді, жақын адамдардың қиын жағдайда екенін, өмірден өткенін айтпау керек. «Көңіл сұраған – көңілге жақсы» деген Мұхамбет Пайғамбардың хадистерінде айтылған.
Күн санау. Қазақ халқы күн санауды сенбіден бастаған. 7 күн бір жұма деп аталады. Жұманың әр күні сәтті, әр күннің өзіндік тәрбиелік мәні бар. Сәрсенбі күні - сәтті күн. Бұл күні жақсы киініп, кішіпейіл болып өмірден өткендерге дұға қылып, құран бағыштайды. Жұманың жеті күні: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
Ай санау. Бір жылда 12 ай бар, «ай санау» - ертеден келе жатқан дәстүр. Әрбір айдың аты табиғаттың құбылысына байланысты, адамдардың түсінігіне байланысты. Далалық білімді адамдар айлардың шаруашылыққа, тұрмыс қажеттілігіне, астрологиялық маңызы бар деп есептеген. Ертеде астрономиялық мәні бар – әрбір айдың өзінше климаттық ерекшелігі бар, бұл құбылыс «ай амалдары» не «амал» деп аталған, әсіресе суық айлары. Халық арасында ай өзгерістерін есептеп, шығарып отырған. Қазақ халқында жыл санауды Наурыз айынан басталады.
Жыл санау. Жыл санауды ғылымға сүйене отырып жыл есебін шығарған: жылға 12 ай кіргізген, жылдың басы Тышқан. Әрбір күнге, айға, жылға анықтама берген. Мысалы: Тышқан, Қоян, Мешін, Қой, Доңыз. Қоян, Мешін жылдары халық үшін ауыр жыл болған. Тышқан, Қой , Доңыз жылдары - жайлы. Өте ауыр жыл, шаруашылыққа жайсыз – Қоян жылы. Халықтың есінде қалған жұт жылы қоян болған, тарихта ел есінде сақталған. «Ақ қоян», «Тақыр қоян», «Жалпақ қоян» - ұзақ жыл, егін шықпай, мал қырылған, халық ашаршылыққа ұшыраған. Күн, ай, жыл есебін шығарған халықтың жаңалығы, өмірден алған өмірлік тәжірибесі.
Жыл қайыру. Ең пайдалы, ең ыңғайлы жол жыл қайыру, адам жасын анықтау. Адамның мүшел жасы 13. Жасыңды білу үшін 12 бөлу. Егер қалдықсыз бөлінсе – мешін жылы тұған боласын. Егер қалдық 1 болса –тауық жылы, қалдық 2 болса – ит жылы, 3 - доңыз, 4 –тышқан, 5 –сиыр, 6 – қой т.с.с. Жыл басы Наурыз . Жас есептеу жыл есептеу мен бірге, Наурыз айынан басталады. Жыл басы – Тышқан, Сиыр, Барыс, Қоян, Ұлу, Жылан, Жылқы, Қой, Мешін, Тауық, Ит, Доңыз.
Қалау. Көңіліне ұнаған ат, зат болса қалап алу. Қалағаныңды алу үшін жақсы сыйлық апару керек.
Қазан шегелеу. Жақсы таныстар, жақын адамдар жиналып жақын жолдастарына барып қалжыңдап «қазан шегелеуге келдік»,- дейді. Мұны түсінген үй иелері: «Жақсы болды, қазанды шегелетуге біреуді іздегелі отыр едік, өздеріңнің келгендерің жақсы болды, - деп, қазан шегелеуге келгендерді қазан көтеріп аспен сыйлайды. Бұл әрине қазақтың қонақ жайлығы және мырзалығы.
Қарғыс. Ең ауыр қарғыс үлкендерден алған теріс бата, ақ сүтін көкке сауу. Әкесі мен анасының тілін алмай, тәрбиесі көнбейтін, бетімен кеткен балалар қарғыс алады. Бұл әрине үлкен қарғыс тек адамға ғана емес малға, заттарға да айтылады. «Қарғыс» -қатты ашудың, ызаның, есе қайтарудан шығады. «Қарғану» деген де сөз бар. Өзінің таза, пәк екенің дәлдеу үшін қарғану.
Қарашаңырақ. Қарашаңырақ атадан балаға қалатын мұра. Қарашаңырақтың үлкен балалары отау тігіп жеке шыққан сон, кенже, ең кіші ұл қарашаңырақтың иесі болады. Әкесінің орнын басатын ұл қарашаңырақтың барлық жауапкершілігін атқарады. Егер осы үй батырға, биге,молдаға тиісті болса, ұзақ жолға шыққан адамдар, дін жолында жүргендер, әдейілеп осы қарашаңыраққа соғып, сәлем беріп, батасын алып жолға шығатын. Қарашаңырақты атақты, абройлы адамдарды жылдар өтседе ұмытпайды.
Қап қағар. Қыстың аяғында, көктемге қарай «соғым» еті бітеді. Қалған етті қап түбіне салып, сол күні қалған етті асып, шағын адам шақырып, сыйлайды. Бұл сыйлықты «ет қайтар» - деп атайды. Ал қалған етті (қаптағы) көршілерін шақырып, құрмет көрсетеді. Ол «қап қағар» деп аталады.
Қонақ асы. Қазақ халқы өте қонақжай екендігін көрсете білген. Бұл мырзалықты көптеген шетелден келген қонақтар да айта жүреді. Қонақты құрметтеп, қарсы алып, бар тәтті-дәмдісін қонағына береді.Тәуір асын қонағына сақтайды. Қонақ үш түрлі болады:
- арнайы қонақ – әдейілеп шақырған қонақ , не келген қонақ.
- құдайы қонақ – жолда жүрген адам, шаруасымен жүрген адам.
- қыдырма қонақ –ауылының адамы – ас піскен кезде келе қалған.
Кейбір бай, атқа мінерлер қонағасы бермеген үйге айып салып кеткен. Айып түрі жылқы, түйе болған.
Қонақ кәде. Үй іесі келген қонақтан «қонақ кәде» сұраған. «Қонақ кәде» - ән не қисса (батырлар жыры, не ғашықтық жырлар), не күй, не өлең шығарып, орындап берген. Қонақ кәде – өлең, жырға бала күнінен үйренген адам бұл жөнінде қысылмаған, көңілді отырыс болған.
Қорықтық құю. Қатты қорыққан бала, үлкен болсын оның төбесіне ыдыс ұстап қорықтық құйған. Құятын зат қорғасын болған. Қорықтық құйылғанда ол бір бейне ұқсап тұрады. Адамның неден қорыққандығы айқындалады, бұдан ол жазылады.
Құмалақ салу. Құмалақ салу, алдын болжау. Құмалақ саны 41 болу керек. Құмалақ құрманың сүйегі, өріктің сүйегінде пайдаланады. Ертеректе қойдың құмалағын пайдаланылған. Бірақ ешкінің құмалағын алмаған. Құмалақ тартудың өзінің сыры болған, атаулары мен аттары сияқты. Мұны шын құмалақшылар білген. Небір атақты құмалақшылар болған. Қазір де бар.
Құн. Барымта да ұрыс жаң жалдарда адамдар өмірі қиылса. Оған құн төленетін. Күнәлі жақ пен құн сұраушы жақ биге жүгінеді. Ақсақалдар кеңесін, шешімін айтады. Қандай мөлшерде құн төлеу керек екендігін. Егер «қанға қан» деген шешімді кісі өлген жақ айтпаса, онда құн төлейді. Тәуке ханның «жеті жарғы» заңында ер адам үшін: 100 жылқы, 50 түйе, 1000қой болады. Бұл ердің құны. Ал өлген адам әйел болса осының жартысы болады.Егер әйел адам түсік тастаса кінәлі адам құн төлеген. Ол – 1жылқы, 1түйе. Жаңжалда адам бас бармағы сынса – 100 қой. Егер әйел күйеуін өлтірсе, әйелге өлім жазасы берілген. Өлген күйеуінің туыстарының кешірімінсіз жазадан құтылмайды.
Құтты болсын айту. Құтты болсын айту қуанышқа байланысты айтылады. Ертеден келе жатқан дәстүр. Дүниеге сәби келсе, ұлдың үйленуі, қыздың тұрмысқа шығуы, жаңа үйге кіру, оқуға түсу, т.б. Сәбиің өмірлі болсын! Келін қайырлы-құтты болсын! Қоныс құтты болсын! т.б.
Құрдастық қалжың. Бір жылда туған адам құрдастар болады. Құрдастар бір-бірімен тату, әзіл қалжыңдары жарасқан жандар. «Түйдей құрдас» - бір жылда, бір айда, бір күнде туған адамдар. Әйелдері құрдас болса – ерлері де құрдас. Әкесі құрдастың баласы да құрдас деген бар. Ауыз әдебиетінде құрдастар қалжыңы жақсы суреттеледі.
Салт. Әр халықтың ғасырлар, жылдар бойы сақталып келе жатқан дәстүрлері бар. Ол әр халықтың ұлттық ерекшелігіне байланысты, өнер туындылары тәрбиелік, тәртіптілігіне, рухани өрісіне т.б. қазақ дәстүрі, әдет-ғұрыпы әр қазақ үшін заң болып табылады. Дәстүр тәртібін бұзған, оған немқұрайды қарағандар қазақ дәстүрімен жазаланады. Мысал үшін: той, Наурыз көже, қонақасы, шашу, ерулік – біздің ата-бабамыздан қалған дәстүр, ал біз мұны өмірімізде қолданамыз. Оны «ғұрып» дейміз. Мәдениет, тарих ата-бабамыздан қалған мазмұнды, маңызы жоғары дәстүрлер. Ұрпақ тәрбиесінде атқарар ролі өте зор.
Сал серілік. «Сал, серілік» - қазақ халқының өнерлі мәдениетті екендігін көрсетеді. Бұл ақындық, әншілік, сөз өнері. Сал, сері – деген атақ өзі мырза, адал, ақ көңіл өнерлі адамдарға беріледі. Сал, сері бір өзі халықтың алдында өнерін көрсете алатын адам. Ол әдемі киінеді, жүрісі, тұрысы ерекше көзге түседі, өзгелерден бөлек болып көрінеді. Мысалы, Біржан сал суырып салма ақын. Сері – бұлда әнші, импровизатор ақын, серілігіне қоса ол аңшы, балуан, құралайда көзге ататын мерген, құсты да жүйрікті де қолға үйретеді, қолынан іс келетін шебер, сөзге шешен. Әрине кез келген адам сал, сері бола алмайды. Сал Біржан, Ақан сері сияқты бұл адамдар бай болулары керек, өнер туындалырын бағалап сүйетін, он саусағы өнерлі болып. Ол адамдардың жүрген жерлері мереке, көңілді күй, ән, жыр той болады. Халық оларға зор құрметпен қарап сыйлаған. Халықтың мақтанышы болған.
Сауға. Өлім жазасына кесілген, басқада ауыр жазаға ұшыраған адамның жазасын жеңілдету үшін, не босатып алу үшін айыптаушыдан сауға сұраған. «Сауғаны» беделді адамдар сұраған. «Сауға» сұраушы адам кінәлі адам үшін «құн» төлеген. Екі жақты келісімге келтірген.
«Сауға» - кінәлі адамның жазасын жеңілдету.
Саулық. Жақсылық тілеу. Көктем шыға наурыз келеді. Әрбір адам шын көңілмен өзінің жақсы тілектерін білдіріп «бата» береді.
Сауын айту. Үлкен той не ас берілетін болса, алдын ала хабарлаған. Мұны «сауын» деп атаған. Сауын бірнеше ай, не бір жыл бұрын айтылған. Оған себеп: тойға, асқа келетін адам уақытында дәстүр, ғұрып бойынша батырларын, күреске түсетін балуандарын, сәйгүліктерін, ақындарын, әншілерін-импровизаторларын (суырып салма ақындарын) сойыс малдарын, қымызын ала келеді.
Сарқыт. Тойдан, астан, айттан қалған тамақты бауырсақ, тәттілерді, т.б. әйелдер алып кетеді, үйдегі балалары мен немелеріне. Қалған табақтағы еттерін де алады. Сарқыт деп соны айтады. Тәрбиелік мәні - қалған тағамдарды ысырап етпеу.
Сәлем беру. Сәлем беру, сәлем ету –сәлемдесу, халқымыздың дәстүрі бойынша алыстан келген жолаушы не ауыл адамдарының ақсақалы мен құрметті сыйлы адамдарына сәлем беру. Сәлем берудің бірнеше түрі бар.
- Ауыл ақсақалдарына алыстан келген жолаушы сәлем береді.
- Келіннің ата-енесіне, басқа да күйеуінің туыстарына тізесін бүгіп сәлем береді. Келіннің сәлем етуі әдептілік, үлкен құрмет ата-енесіне.
- Мойны сіресіп ауырған иілмейтін адам сәлем бергенде сәлем алатын адамның сыртынан басын иеді. Мұндай сәлем ету отырғандары күлкіге бөлеген.
Сәлемдеме. Дәстүрдің бір түрі. Бұл сәлемдеме екі жақтың бір-біріне деген құрметі. Көптен көріспеген адамдар бір-біріне сыйлықтар жіберіскен: қымбатты бұйымдар, сувенирлер, қымбатты заттар,т.б. Көбінде соғым малын, жанға жайлы жылы сөздер. Сәлемдемені алған кісі аса ризашылықта болып, бата берген. Сәлемдемені достары мен көршілерімен бөліскен.
Соғым басы. Қысқа қарата сөғым сою ертеден келе жатқан ғұрып. Шамасы келгендер соғымға бір емес, бірнеше мал сойған. Соғым басын беру міндетті түрде орындалатын дәстүр. Ауыл ақсақалдарын, көршілерін, достарын соғым басын беріп құрметтейді. Жаңа сойылған соғымның етін жеп, дастархан басыда әңгіме дүкен құрады. Соғым иесіне жақсы тілектерімен бата береді.
Сүйек жаңғырту. Қазақ дәстүрінде сүйек жаңғырту жиі кездескен. Бір рет құда болып қыз алған жақ, екінші баласы оның сіңлісін алады. Мұны «сүйек жаңғырту» дейді. Бір үймен екі рет құда болып, сүйек жаңғыртады. Қазір де мұндай жағдай сирек болса да кездесін қалады. Бұл жөнінде халқымыз құдалық дәстүрді бұзбаған. Ру басшылары қатаң бақылаған, керек жерінде ескертіп отырған. Көршілес отырған ауылдар ру, жүз дегенді ажырата біліп, сыйласып, береке бірлікті сақтаған.
Сүйінші. Жақсылықты, қуанышты хабарлау. Сүйінші сұраушыға сыйлық беріледі. «Не қаласаң, соны ал» - дейді. «Сүйінші» - деген сөзден қуанышты хабар екенін біледі.
Сыбаға. Құрметті, сыйлы адамға оның сыбағасын (қазанға) салады. Ақсақал мен құдаларға бас, жая, жамбас, белдеме, омыртқа - бәрі де дәмді ет. Құдағи, қыздарға, күйеулерге, балаларға тиісті мүшелері болады. Дәстүр бойынша кез келген жолаушыға, қонаға келген адамға тамақ асып (сыбаға) салған. Олай болмаса қонақ өкпелеп сөз қылып кетеді.
Өлі сыбаға. Сыбаға - құрметті алыс, жақын адамдарға сақталған. Өмірден өткен балықшының сыбағасын оның отбасына беріледі. Қазақ халқында отағасын жолғалтқан отбасына қолдан келген көмегін аямайды, үнемі көмектесіп отырады. Жалғыз қалған жесірге балықшылар ауға түскен балығынан үлес береді. Бұл көмектен ешкім бас тартпайды, өйткені асыраушысы жоқ. Бұл тәртіп заңдастырылған. Егін жинап алған соң, аңшылықта мал түрінде бөліп берілген. Сонымен «өлі сыбаға» балықшылардың қайырымдық қоры. Өзен жағалауында көлге жақын тұрғандарға көрсетілетін көмек.
Таңба. Таңба – әр рудың, жүздің белгісі. Таңба зиратта жатқан адамдардың қай ру, қай жүзден екенін білдіреді. Таңба батырдың туында, кейде қару-жарағында да болады. Әз Тәукенің «Жеті жарғасында» әр ру өзінің таңбасы болуы керек деген заң болған. Соған байланысты әр ру өзінің таңбасын шығарған.
Ұлы жүз: Қаңлы таңбасы жүген, көсеу, Шанышқылы – қойылған қол, Жалайыр – тарақ, Шақшам – садақ оғы, Шапырашты – ай, тұмар, Албан, Дулат, Суан – шеңбер, Ысты – көсеу, жүген.
Орта жүз: Арғын –көз, Қыпшақ – абаб алфавитінде қос әріп, Найман- сырғауыл, ожау, Қонырат – табалдырық, Уақ – (қада, сырық, сырғауыл, бақан), Керей –екі өркеш.
Кіші жүз: Шеркеш, Алаша – сырғауыл, Тама – көсеу, араб алфавитінде бірінші әріп, Таз- қамшы, Адай – садақ, Есентемір – қада, сырық, сырғауыл, бақан, Төлеу – балға, жүген, Рамадан – ожау, Тама – көсеу, тарақ, Керейит – жүген, қылыш, Табын – тарқ, көсеу, ожау, Жағал байлы – балға.
Тәбәрік. Бәйгеден не құдалықтан алған сыйлығынан, кәдесінен «тәбәрік» сұрау. Сый алған адам бөлісуі керек. Бұл әдет-ғұрыптан бас тартқан адам дәстүрді бұзушы болады. Оны көпшілік алдында күлкі етеді, айыптайды.
Мүшел. Адамның жасы – мүшелмен есептелген: бір мүшел – 13 жас, әрбір 12 жылдан соң қосылып отырады. 25 жас – екі мүшел, 37 – үшінші мүшел, 49 – төртінші мүшел т.с.с. Ертеректе адамдар жасын нешеде дегенде: Менің жасым 5 мүшел және 2жыл, деген (63 жас). 7 мүшел – 85 жас. Әр мүшел өткен сайын адам өзгеріп отырады: 1 мүшел – балалық шак, 2 мүшел – жастық шақ, 3 мүшел – жетілу, 4-5 мүшел – даналық онан әрі қарттық. Әрбір мүшел 12 жылдан 13-ке қарағанда адамға қорқыныш сезімі болады. Киімінің жаңасын біреуге сыйлау керек. Алладан денсаулық, ұзақ ғұмыр сұрап: «құдайы ас» береді. Мүшел жасында ұзақ жолға, сапарға шықпау керек. Бұл сақтықтың белгісі, өйткені әрбір 12 жылда адам организмде өзгерістер болып тұрады. Бұл жай Шығыстың ғұлама оқымыстылары дәмелдеген.
Мүшел той. Мүшел той –мерей той. Мерей той – ірі қоғам қайраткерілері, атақты ақын, жазушыларының мемлекет бастыларының мерей тойлары аталып өтеді. Бұның саяси әлеуметтік, тәрбиелік маңызы бар. Қазақ халқы 20-шы ғасырдан бастап мерей тойды 50, 60, 70 келген еңбегі сіңген, халқы үшін қызмет еткен, ағартушы, оқымысты, Алаш орданың негізін қалаушылардың 50 жылдық Мерей той аталып өтгізілген.
Тойбастар. Той өлең мен әнмен басталады. Бұл ән «тойбастар» деп аталады. Той иесі той бастар әнін айтқан ақынға құрмет көрсетіп сыйлық берген. Ертеде Баймағамбет сұлтан Ақылқанкей сұлуға үйленгенде «тойбастарды» атақты ақын Шернияз айтқан.
Той тарқар. Құрмет пен сыйға риза болған әлеумет « той бастардан» соң тарай бастайды. Қызықты, думанды тойдан кейін тойда қызмет еткен адамдарға дастархан жайылып, алғыс айтып, құрмет көрсетіледі. Той тарқарға ауылдың кәрі, жасы түгел жиналады. Тойға жұмыла кіріскен ауыл адамдарының береке, бірлік, ұйымдастырушылық қабілеттерін білдіреді.
Топырақ шашу. Қылмысты, отанын сатқан, жексұрын, ұрлықшы адамдарды ортасынан аластап, ат құйрығн кесіп, оларды айыптап ауылдан құған, артынан топырақ шашып: «Көзіңді жоғалтып кет!»– деп. Бұл қарғыстың өте қатты түрі. Онын атын ауыздарына алмаған, естеріне алмаған.
Тізе бүгу. Келген үйге кіріп шыққанда отырмаса да тізе бүгу керек. Тізе бүгу үйге, үй иесіне деген құрметі деп есептелген. Тізе бүкпей шыққан, келген жұмысын тізе бүкпей айту үй иесі көңіліне алып «Тізеңді неге бүкпейсің, біздің үйдің сиыры түрегеп тұрып бұзауласын дейсің бе? – деп өкпелеген. Тізе бүкпесе сиыр түреген тұрып бұзаулайды деген түсінік болған.
Туған жерге аунату. Туған жерінде ұзақ уақыт болмаған адам. Еліне, тұған жеріне келген адамды жерге аунатып алған. Бұл жол ер адамдарға жасалған. Туған жерге ауанату рәсімі – үлкен тәрбиелік мәні бар. Туған жерін ұмытпау, туған жер сенің отаның, ол сенің әкең, шешең. Олардың жақсы қасиеттері сенің бойыңа дарысып – деген ұғым береді. Бұл дәстүрдің рөлі өте жоғары. Отан сүйгіштікке, туған жерді қастерлеп сүйе білүге үйретеді.
Туырлығын тілу. Өзара жауласып отырған, келісімге келмеу үшін, бір-бірінің туырлығын тіліп кету. Жауласудың белгісі болған. Тұырлық –кигіз үйдің кигізін тіліп кету. Бұл үлкен жаулықтың белгісі. Әрі жауынан кек алу. Жеңісі болады.
Түс жору. Ұйқыдағы адам жақсы түс көрсе, оянған соң Алладан тілек тілеп: түсімде, өңімде де жақсылығынды көрсете көр – деп тілейді. Түсті жорушы адамдар болған. Түс әртүрлі болады, бірде жағымсыз түс көреді. Жорушылар әрқашан жақсылыққа жориды.
Тыйым. Өзге халықтарда болатын тыйымдар қазақтарда жетіп артылады. Мысалы: табалдырық баспа, босағаны керме, жақын адамға пышақ, ит сыйлама - артынан жауласып кетуің мүмкін. Үй ішінде ысқырма – бақ пен байлықты, ақшаны қуасың. Қазаққа тән тағы бір тыйым - үлкен адамның жолын кесіп өтпеу.
Отпен аластау. Ертеден келе жатқан ырым. Жаңа тұған баланы бесікке саларда бесікті отпен аластайды, бар болса аршамен. Жастар жаңа үйге кіргенде үлкендер үйдегі кері әсерлерді отпен кетсін деп аластайды. Отпен аластау жақсы тілекпен орындалады.
От басын сабау. Тұрғындар арасында түрлі келіспеушілік болады, әлдісі әлсізге үстемдік жүргізіп малын тартып алу, көбінде «жесірлерге» жасалады. Мұндай жағдайда кек алуды ойластырады. Оның түрлері: сол үйге, ауылға зорлық жасаушының үйін сыртынан соғып, ошағының күлін кигіз үйдің айналасына шашады, үйге де шашуы мүмкін. Осыны істеген адам өз ісіне риза болып рахаттанады. Ертеретте «от басын сабау» жиі болып тұрған. Қазір кек алу жолы басқаша түрде болып жүр.
Наурыз. Наурыз парсы сөзіннен шыққан. «Жаңа күн» деген ұғым. Наурыз мерекесі 22 марта шығыс халықтары үшін үлкен мереке. Наурыз - жаңа жыл, жаңа күн, көктем мерекесі. Табиғат жаңа түске бөленеді. Күн мен түн тенеседі. Қазақта «Ұлыстың ұлы күні».- жылдың басы. Ұлыс күні – адамдар үшін үлкен мереке.
Наурыз көже. Бұл мейрам күні тамақтың түрлері де көбейеді. Халықтың әл ауқатының мол екенін көрсетеді. Бұл күні үлкен мән беретін салт-жоралар бойынша жасалатын «наурыз көже». Наурыз көжеге жеті түрлі дәм кіреді. Олар: ет, тары, күріш, мейіз, тұз, су, сүт. Наурыз көже қазақ халқының –мырзалығын қонақ жайлылығын, зор құрметіп көрсетеді.
Мойнына бұршақ салу. Алладан ұрпақ (бала) беру үшін тәңіріне сыйынып бала сұрау ырым бойынша ерлізайыптылар мойнына жіп салады (кәдімгі қозы, құлын байлай жіпті). Оны «мойнына бұршақ салу» деп атайды.
Үй сынығы. Ер адамның үйленген адамы бірінен сон бірі өле берсе, қайта үйлену оған ауыр да қиын жағдай болады. Қыздарын бұл адамға бергісі келмейді. Келіскен күнде бұл азаматтан «үй сынығын» сұрайды. Келісім бойынша қалың малға қосымша «үй сынығын» қосады. Ол қалың малдан кем болмайды. Құда түсушілердің бұған келіспеуіне болмайды, үйткені неше рет үйленген адам жас жағынан көп үлкен, қыз үшін шалдыққа жетіп қалады. Бұл дәстүр қыз үшін әділ шешім болады.
Ұран. Дәстүр бойынша әр рудың, жүздің өзінің ұраны болған, әскери ұран. Ұран үшін өткен аталарының, бабаларының, қасиетті адамдарын да ұран етіп алған. Ұрандар мен жорыққа аттанған, отанын жерін, руын, жүзін қорғау үшін күресетін болған. Ұран арқылы батырдың, жүздің, рудың қайсысы екенін айыра алған.
Ұлы жүздің ұраны: Қанлы ұран – Байтерек, Айырылмас, Жалайыр. Шақшам – Қабылан. Сіргелі, Сарыүйсін – Байтақ, Шапырашты – Қарасай, Ысты – Жауатар, Албан – Райымбек. Дулат, Ошақты – Бахтияр.
Орта жүздің ұраны: Арғын –Ақжол, Қыпшақ – Ойбас, Найман – Жалғабай, Қонырат –Алатау, Керей – Ошыбай, Уақ – Жаубасар.
Кіші жүздің ұраны: Кете –Майлыбай, Шемекей –Дейт, Шеркеш – Шағырай, Ысық – Бәйтерек, Масқар – Қаратай, Алаша – Байбарақ, Тана - Тана, Қызыл өрт – Жиенбай, Таз – Теремұрат, Беріш – Ағатай, Адай – Бекет, Есентемір – Алдонғар, Алтын, Даппас – Баймұрат, Телеу – Арғымақ, Рамадан – Дулат, Тама – Қарабура, Кердари – Қожахмет, Керейит – Ақсақал, Табын – Тостаған, Жағалбайлы – Малату.
Іргеден шығу. Қазақтың ғұрпы бойынша күйеуі өлген әйел ерінің жылы өткен соң, қайта тұрмысқа шығуы керек. Ол енді өлген күйеінің ағасы не інісіне тұрмысқа шығу керек. Мұндай адамдары болмаса әйел басына бостандық беруді сұрайды. Бұл мәселені ақсақалдар мен молда шешеді. Егер әйелге бостандық берілсе, ол басқа адамға қосыламын десе онда әйел ерінен қалған мал-мүлікке ие бола алмайды. Өзінің үйден келген жасауымен кететін болған. Ол үшін оның жақын туысы өкпелі болмайды. Бұдан кейін келінді бөлектейді. Оны «іргеден шығару» дейді.
Шашу. Тойда, құдалықта, басқа да мейрам, мерекеде шашу шашылады. Көбіне тәтті конфеттер, ұсақ ақша шашылады. Бұл «шашу» деп аталады. Бұны балалар, әсіресе үлкендер қуанышқа кенеледі. Бұл жақсылыққа ұласады деп, қуанады.
Шаң басты. Ертеде қазақтың әдет-ғұрыпы бойынша ауыл жанынан өткен жолаушы ауылға кіріп сәлемдесіп кетпесе, ол адамға айып салынған. Ауыл ақсақалдарымен үлкендері жүргіншіні ауылға кіргізіп, сұрақтың астына алып, айып салынған, не ескерту жасаған. Кінәсі – ауылға кіріп сәлемдесу тәртібін бұзғаны.
Шүлен тарту. Байлар мен билер тұрмыстары нашар жақын туыстары мен ауылдастарына қамқорлық жасап отырған. Бұл көрініс күз жақындағанда мал, ақшалай, заттай, тамақтай көмек беріп отырған. Бұны жақсы атану үшін емес, рахмет үшін емес, өздерінің міндеті деп есептеген. Кедей шаруалар соның өзіне оларды сөгіп отыратын, солай бола тұра бергендерін алып отырған.
Шөміш қағу. Көктем келе қар кетіп, жер жіпсіп, көк шыға бастайды, бәйшешек шығады. Сәуір келе аспанды бұлт жауып, күн күркіреп, найзағай жарқылдайды. Үлкендер бұл күнді қуанышпен қарсы алған. «Күн күркіреді, көк дүркіреді»,- деп. Себебі, күн күркіресе, жаңбыр жауып, жер гүлденеді. Осы мезгілде қолдарына ағаш ожау алып, табалдырыққа қойып, маңдайшаға тигізіп: Сүт пен, айран мол болсын. Аштықпен, бақытсыздық алысқа кетсін. Халық тоқ болсын, жайдары жүзді, көңілді болсын – деп алғашқы көктемді күннің күркіреуі мен жаңбырды қарсы алған. Көктемде шығатын жуа, қымыздықты жеуге болатын – күн күркіремей жеуге болмайды.
Шөп сындыру. Бұл адамның бір жақсы ісіне риза болып, көз тимесін – деген ұғымнан туған. Сараң адам бір мырзалық, берегендік көрсетсе, асқа (дастарханға) шақырса, ал қорқақ адам бір ерлік іс көрсетсе – шөп сындырған.
Хан сарқыты. Хан сарқыты – басқа халықта жоқ. Хан атына мініп, Ордаға кірген соң ол хан болады. Хан болып, таққа отырады. Енді ханға малдың керегі жоқ - халықта болса хандікі болады, - деп ханнын малын бөлісіп алған, Ханның халықтың қамын ойлағаннан басқа жұмысы жоқ, - деп тұжырым жасаған. Хан сайлауында қатыса алмаған адамдарды дастарханға шақырып сыйлаған. Бұл хан үшін зор құрмет болған.
Хан талау. Халық сенімін ақатамған, өзі қаһар халқына мейрімсіз ханды халық өзінше жазалаған. Ханға тиесілі, оның меншігіндегі мал-мүлкін , билігін тартып алған. Бұл дәстүр барымта да емес. Ол хан қол астындағы халықтың шешімі болған. Бұл шешім тек хан ғана емес әділетсіз әкімдерге, атқамінер белсенділерге, төрелерге т.б. қолданылған. Алдымен ескерту жасап, әділетсіздікті айтып отырған. Бұған мән бермеген ханды дәстүр бойынша хан талауға түсірген.
Ырым. Қазақта ырым түрлері өте көп. Халқына қызмет еткен, халқы сүйіп құрметтеген азаматтардың аттарын жаңа тұған нәрестеге қойған. Мысылы: Абай, Сәкен Бауыржан, Фариза, Мұхтар т.б. Осы азаматтардың жақсы қасиеттері балаға жұғысты болсын – деген ізгі тілекпен. Той дастарханнан үлкендер балаларға тәтті, бауырсақ, т.б. дәмділерді ырымдап берген ғой. Кейде мүмкіншілік болса көп жасаған адамдардың киімдерін ырымдап алған. Мұндай дәстүрлер мен ырымдар біздің халықта өте көп. Қазір де іске асып жатады. Ырым –жақсылыққа деген сенім. Басқаларға қарағанда бұл да қазақтың бір ерекшелігі.
Ым, ишара. Ойыңды сөзбен емес, ым мен ишарамен де түсінісүге болады кей жағдайда. Жұдырық көрсету, басты шайқау, саусақпен ату ызаны көрсетеді. Бас шайқау наразылықты білдіреді, көз қарастың өзі адамның көңіл күйін білдіреді.
Басты бет Дәстүр Тағам Ұлттық Ойындар ЖігіттіңҮшЖұрты Қолөнер Әндер Ырым-Тыйым Бата Жұмбақ М.Мақатаев ШешендікСөздер Ертегі ТөртТүлік Қазақтар Абай Кочевник