Қос өркешті түйе

Көшпелі мал өсірген халқымыздың тұрмыс қажетіне нар түйе қандай керек болса, қос өркешті түйе де сондай маңызды. Қос өркештінің піштірілмеген еркегін «бура», ал ұрғашысын «інген» дейді. Бұл түліктің шатыс келген тұқымдарына қарай мынадай түрлері бар:

Қос өркешті. Түйенің екі өркештісі. Мұның өркештерінің арасы алшақ келеді.

Айыр. Екі таза қанды айырдан немесе айыр мен қоспақтың арасынан туғаны. Өркештері баладай, әрі қомды, әрі өркеш аралығы кең, қарынды болып келеді. Саны үлкен, сирақтары әлді. Түсі боз, ұзын талшықты, тығыз түбіт жүндес, шудалы, сүтті. Ыстық пен суыққа шыдамды, күшті, бойы биік. Таза айырдың бурасы кісі алмайды. Бақырып, құсуды білмейді.

Мырза қоспақ. Бұл атаудың алдыңғы сөзі «таза, жақсы» деген мағынаны білдірсе, соңғы сөзі екі тұқымның араласуынан пайда болғанын білдіреді. Бекбатша мен жамбозды қос өркештің бурасына шағылысуынан, немесе бекбатша мен жамбоздың бірін айырдың інгеніне шөгеруінен пайда болған түйе. Бұл түйенің дене құрылысы өте ірі, өзі күшті. Түсі боз, шудалы, бұйра жүнді, өркеші қомды, аласалау, арасы тарлау болса да өркешінің аралығына бір кісі отырарлықтай орын болады. Өзі сүтті, ыстық пен суыққа шыдамды, бақырып құспайды. Шөлге шыдамдылығы мен сүттілігі жағынан нардың ешқайсысынан қалыспайды. Ал өзі өте сұлу келеді. Түйенің бұл тұқымында нардың қаны басым екендігі сырт пішінінен білініп тұрады. Бұны шаруалар көбірек малданып, қадірлеп өсіреді.

Қырысты қоспақ. Лөкті мырза қоспаққа шағылыстырып жіберуден туған. Жалғыз өркешті түйеге ұқсас көрінеді. Мұның жалпақтау жалғыз өркеші болады. Өркешінің жоғары жақ ұшы болымсыз айырлау, түсі бозғыл, салалы түяқ жүнді. Бірақ жүнінің қылшығы ірі, шудасы таза айырдың шудасындай ұзын болғанымен, қылшығының әрбір талы ірілеу келеді де, өріодші биік болады. Қырысты қоспақты кейбіреулерінің екі өркешінің ұш жағы қысылыңқырап, арасы тар, жүні бұйра болмай, ешкі жүндес келеді. Қомды, биік өркешті, бойы аласалау, қарынды, жуан денелі. Саны үлкен, сирақтары өте күшті, табаны ылайлы жерден таймайды. Сүттілік жағынан орташа. Бақырып, құспайды. Бурасы кісі алғыш келетіндіктен, ауыздарына темірден тұмылдырық салынады. Суық пен ыстыққа берік, шөлге, аштыққа шыдамды.

Ара қоспақ. Лөкті айыр өркеш түйенің інгеніне шөгеруден пайда болған будан. Мұның бойы биіктеу, қомды, үлкен өркешті, өркешінің арасы тарлау, жуан санды, сирақтары әлді, табаны лайлы жерден таймайтын күшті. Бұлар уақ жүнді келеді, емшегі жұмсақ, сүтті. Ыстық пен суыққа берік, шыбынға шыдамды. Бурасы кісіге қарсы айбат қылады. Мұмдай мінезді бураның аузыпа темірден құрсау тұмылдырық салынады.

Айыр қырысты қоспақ. Бұл таза айыр түйенің бурасын қырысты қоспаққа шөгеруден немесе қырысты қоспақтың таза бурасын айырдың інгеніне шағылыстырудан туады. Түйенің бұл түрі де жақсы болады. Қомды, биік өркешті, салалы ұяң жүнді, ұзын шудалы, ірі денелі, жуан сапды, сирақтары әлді, табаны лайдан таймайтын күшті. ЬІстық пен суыққа, шөл мен шабынға шыдамды. Бурасы кісіге қарсы айбат қылып шабады. Бірақ бақырып, құсуды білмейді.

Қоспақ нар. Бір туардың ұрғашысы айыр түйенің таза қанды бурасына шөгерілуден туған тұқым.

Қос өркешті інген атаулары

Бұлар боталы және ұрғашы бойдақ түйелер болып бөлінеді:

Боталы түйелер

Буаз інген. Бураға шөгеріліп кетіп, әлі боталамай жүргендері. Қос өркештің буаздары он төрт айдан соң боталайды.

Қенже буаз інген. Бураға кеш шөгерілген түйе.

Қайыған інген. Бураға шәккізіліп кеткен түйе.

Боталы інген. Бота тастап немесе бурадан қайымай қалған түйенің былтырғы туған ботасының бір жасқа толған тайлағы арқылы сауылатыны.

Сауулы інген. Ботасы өліп, немесе оны қасқыр жеген жағдайда сол өлген ботаның тұлыпы арқылы сауылатын түйе. Бұдан басқа шұбат үшін қолға ұстаған боталы түйені де айтады.

Сүті шымыр інген. Сүті өте қою, жұғымды келген түйе.

Тел інген. Ботасы өлген інгенді ботасы өлмеген інгеннің ботасына телігенін айтады.

 Ұрғашы бойдақ түйелер

 Iнген. Қос өркешті түйенің ұрғашысы.

Інгенше. Үш жастан үлкенірек ұрғашы түйе, бұл жаста бураға шөгеріледі. Сонан барып қайымалы інгенге айналады.

Iнгеншік. Екі жастан үш ай асқан ұрғашы түйе.

←кері қайту

Басты бет > Дәстүр > Тағам > Ұлттық Ойындар > ЖігіттіңҮшЖұрты > Қолөнер > Әндер > Ырым-Тыйым > Бата > Жұмбақ > М.Мақатаев > ШешендікСөздер > Ертегі > ТөртТүлік > Қазақтар > Абай > Кочевник