Құлын
Құлын атаулары
Қазақ халқы құлынды өсіп-өнуіне, тұқымына, мінезіне қарай бірнеше жіктерге бөліп, әр түрлі атаған.
Құлын (төл). Биелердің көктемде туған жас төлі.
Құлыншақ. Құлынды еркелетіп атаған түрі.
Күн қақты құлын. Енесі мініліп жүріп, жөнді ембей, сүттен қақтығып қалған құлын.
Будан құлын. Әр тұқымнан туған құлын.
Добыр аяқ құлын. Қыс айларында туған құлын.
Мәйекті құлын. Енесінің сүтіне тойған, тоқ пейіл құлын.
Марқа құлын. Қыс ішінде туған құлын.
Кенже құлын. Май айының аяғында туған құлын.
Қара құлақ құлын. Жас құлынның тез ширап, байлануға келгені.
Жетім құлын. Енесі өліп, немесе енесін қасқыр жеп, жетім қалған құлын.
Жабағы. Құлынның алты-жеті айға толғаны.
Құлында болатын мінезге байланысты атаулар
Шу асау құлын. Қашып қолға ұстатпайтын қашаған құлын.
Еміншек құлын. Енесінің сүтсіз құлындағанынан немесе енесінің сүтке жарытпауынан тек емізік арқылы өсірілген құлынды айтады.
Тіленшек құлын. Қолдан сүт ішіп үйреніп, көрінген кісінің соңынан еріп жүретін құлын.
Асау құлын. Желіге байласа да жуасымайтын құлын.
Басты бет Дәстүр Тағам Ұлттық Ойындар ЖігіттіңҮшЖұрты Қолөнер Әндер Ырым-Тыйым Бата Жұмбақ М.Мақатаев ШешендікСөздер Ертегі ТөртТүлік Қазақтар Абай Кочевник