Ат-айғырлар (еркек жылқылар)

Ат-айғырлар атаулары

Жылқы өсіруші шаруалар бойдақ жылқыларды айғыр және саяқ деп екіге бөледі

Айғыр атаулары

Айғыр атауларының өзін бірнеше жікке бөлуге болады:

Айғыр. Жылқының жыныс қуаты жетілген еркегі. Мінезіне, түр-түсіне қарай әр түрлі атайды. Айғырдың үйірінде 10-нан 30-ға дейін бие болады.
Жасамалы. Үш-төрт жастан асқаны. Желқуық айғыр. Көктемде айғырдың көкке тойынып, үйіріне қараған кезін, күйін білдіреді.
Сәурік айғыр. Үш-төрт жастағы піштірілмеген, әрі үйірге салынбағанын айтады.
Құр айғыр. Өмірі жүген-құрық тимей, әбден семірген айғыр.
Бұзғыш айғыр. Айғырдан шыққан биеге еріксіз шауып, немесе екі құлағын жымырып, басын жерге салып, биені сауырлап қуып жүріп, құлынын ағызып жібереді.
Шақар айғыр. Өз үйіріндегі биелерді місе түтпай, басқа айғырдың бауырындағы үйірін тартып алып жүретін айғыр.
Сыңар ен айғыр. Туысынан бір ен боп туған еркек жылқы.
Шартық айғыр. Екі енінің бірі піштірілмей қалғаны.
Азбан айғыр. Алты жасында піштірілген жылқы. Ол піштірілгенімен айғырлық әдетін қой- майды. Оқыранып биелердің есін шығарады. Бірақ бұрынғыдай биенің күйітін қандыра алмайды.

Саяқ (бойдақ) жылқылар атаулары

Бойдақ жылқылар. Піштірілген құнандар мен дөнендер және бестілер.
Ат. Піштірілген еркек жылқы.
Сақаат. Жас мөлшері он бір-он екіге келгендері.
Арда емген. Құлын кұйінен бастап немесе құнанына дейін енесін еміп, ақ жілік болғаны.
Еркек тел тай. Өз енесі мен телінген енесін, немесе екі енені бірдей еміп жүрген еркек жылқының бір жастағысы.
Еркек кенже тай. Бір жасқа толмаған, былтырғы кеш туған құлын.
Тоқтасқан ат. Жас мөлшерінің он екі-он үшке келгені.
Ши арқа ат. Қөп міністен жауыр болып, ер батқан соң арқасының шиі шығып тұратын мініс көлігі.
Мықырат. Шоқтықсыз келген жылкының тапалы.
Қысыр емген. Айғырдан шығып, құлын тастаған биенің былтырғы құлыны бір жастан екі жасқа дейін енесін еміп өскені.
Шобыр. Мініске, күш-келікке өте мықты келетін шабан ат.
Тұғыр. Шобырдың ең жақсысы, мініске мықты ат.
Мес ат (мәстек). Тоқ-аштығы білінбейтін жуан денелі, қарынды, сирақты, күшті боп келген ат.

Жылқының піштірілуі мен күш-келіктілігіне қарай аталуы.

Саяқтар. Бұл атау піштірілген тайлар мен құнандарды және дөнендерді (аттар да осының ішінде) бірыңғай беліп жібергендерін білдіреді. Кейде саяқ деп үйірден бөлініп, тоқтамай, лағып кететін бірлі-жарым биелерге де айтылады.
Ығырат. Көп мініс көріп «ерғашты болған» деген ұғымды білдіреді. Ол жануар жүгеннің сылдыры шықса болды, қаша жөнеледі. Сондықтан ат қора түгілі, ауылға жоламай, малдан бөлек жайылады.
Құр ат. Жүген-құрық тимей, әбден семірген ат.
Сетер ат. Құлын күнінен бастап, қартайып өлгенше үстіне шабыннан басқа ештеме шықпаған, жүген-құрық тиіп, ер-тоқым салынбаған атты айтады.
Уыз ағыздыру. Піштірілген кезде енін алмай, оның тек ішіндегі ұрығын ағызып жіберу.
Піштіру (кестіру). Құнан, денен, бестілердің енін еткір кездікпен өте жылдам сылып тастау.
Пішпе. Піштірілген жылқы.

 

 ←кері қайту                                                                                                   


Басты бет > Дәстүр > Тағам > Ұлттық Ойындар > ЖігіттіңҮшЖұрты > Қолөнер > Әндер > Ырым-Тыйым > Бата > Жұмбақ > М.Мақатаев > ШешендікСөздер > Ертегі > ТөртТүлік > Қазақтар > Абай > Кочевник