Бие

Бие атаулары

Буаз бие.  Айғырдан шығып кеткені.
Құлынды бие. Құлыны бар бие.
Тайлы бие (қысыр бие). Айғырдан шықпай қалған, немесе айғырдан шығып, іш тастап кеткен бие, былтырғы туған құлыны арқылы сауылатын, қысыр бие.
Месбие. Жуан қарынды, денесі үлкен, күшті, сүтті кәп беретін бие. Мұндай биелердің тоқаштығы білінбей, бір қалыпты түрады.
Сауулы (құлыны жоқ) бие. Құлынын қасқыр жеп, немесе құлыны өліп, басқа биенің қүұлынына телінбей, өлген құлынның терісі арқылы немесе құлынсыз сауылатын бие. Мұндай бие, сауатын мезгілінде өзі келеді, кейде сауатын кісіге үйренуі бойынша шелегін қақса немесе құрауласа келеді.
Тел бие. Құлыны өліп, басқа биенің құлынына телінген бие.
Сақа бие. Бес-алты құлындаған бие.
Сақа қулық бие. Бес-алты жасқа дейін жүріп, кейіннен айғырдан шығып, ең алғашқы құлындағаны.
Үлкен қулық бие. Міністен ерғашты болып, күш-көліктен басылып, үйірге қосылмай жүріп, кейіннен айғырдан шығып, құлындаған ірі бие.
Кіші қулық бие. Тайында айғырдан шығып, құнажынында құлындағаны.
Қасабалы бие. Құлындап жүрген биелердің жеті-сегіз жастағысы.
Шарланған бие. Құлыны өліп, не құлынын қасқыр жеп, басқа биенің құлынына телінбей, мүлдем суалып кетіп, семірген биені осылай атайды.
Асау бие. Құлынды биенің сауылып үйретілмегені.
Бошалауық (жершіл) бие. Қысқы мекенінен жайлауына барып құлындайтын, немесе туып- өскен жеріне кетіп құлындайтын биені бошалауық бие деп айтады.
Құнды бие. Тұқымы суыққа төзімді, мініске берік, құлыны жақсы туатын, сүті мол бие.
Құтымсыз (құнсыз) бие. Сүті аз, суыққа төзімсіз, құлыны нашар болып туатын бие.
Құт бие. Үнемі ұрғашы құлын құлындап, құлыны өлмей өскен сүтті бие.
Құртық бие. Құлынды биелердің ішіндегі ең кішісі, сүт өнімділігі жоқ, құлыны әлсіз туатын, тұқымы нашар бие.

Дене бітімі ерекшеліктеріне қарай аталуы

Айна көз бие. Бұл тек дене ерекшеліктеріне қарай теңеп айтылған атау. Мұның біріншісі — жазық қабақты, жылтыр көзді деген мәнде. Мұндай мал көп жұрсе, екі көзінен жас сорасы ағады. Ал, екіншісі — қабақты, асыл көзді деген мағынада. Мұндай биенің, не жылқының сонша көп жүрсе де көзіне жас сорасы ақпайды.
Қара желін бие. Бүл атау биеге ғана қолданылады. Оның қара етті немесе ет желінді екенін білдіреді.
Күпшек санды бие. Бұл атау биенің не жылқының артқы сандарының күпшек тәрізді жуан, жұмыр екендігіне қарай теңей айтылып қолданылады.
Қамыс құлақ, қайшы құлақ немесе сиыр құлақ бие. Бұлар тек сол жылқының құлақтарының бітіміне қарай теңеп айтылған атаулар.
Ноқталы бие. «Құлынды бие» деген мағынада айтылады. Бұл атау биенің құлыны бар деген мағынаны білдіреді.
Қосақты бие. Бұдан мынандай екі мағына туады. Біріншіден, биенің күзге қарай жабағысы қосақталып, сауылатындығын білдірсе, екіншіден, біреуден алынған, үйірі басқа биенің, яғни жылқының ез үйіріне қашып кетпеуі үшін мойнына қосақталып жіберілетінін түсіндіреді.
Ер арқа бие. Бұл биенің биік шоқтықты, кең сауырлы болып келгенін көрсетеді.

Құлындауына қарай аталуы

Қулық бие. Бұл атау дөнежін не бестісінде бірінші рет құлындаған биеге қолданылады.
Айғырдан шыққан бие. Күйтінің келуіне қарай биенің айғырмен шағылысып кеткенін білдіреді.
Ерте бие. Бұл — биенің мезгілінен бұрын айғырдан шығып кететінін және ерте құлындайтынын көрсетеді.
Кенже бие. Биенің айғырдан кеш шығуына байланысты басқа биелерден кейін құлындайды деген мағынаны білдіреді.
Арамза бие. Биенің мерзімінен бұрын шағылысып кетіп, қыс ішінде құлындайтынын білдіреді.

Күй-жайына қарай аталуы

Ту бие немесе құр бие. Құлын тастап кеткен, не құлыны өліп қалған немесе мүлде құлындамаған, әрі мініс көрмеген биені атайды. Мұндай бие өте семіз келеді.
Тасырқаған және тосырқаған  бие (жылқы). Алдыңғы атауда биенің (жылқының) табаны жұқарып, тозған жайын білдірсе, соңғысында өз үйірін не басқа үйірді бетенсуі, жатсынуы мағнасында қолданады.
«Дөнен» бие. Биенің қысқа шыдамсыз, қысы-жазы бойына ет алып оңалмаған, сүті аз, 7—8 жастағыларын білдіреді.
Ашаң бие. Биенің (жылқының) дұрыс қоңданып, ет алмағанын көрсетеді.
Босаң (босалаң) бие. Тез арада арықтайды деген мағынада. Бұл атау биенің (жылқының) тұқымы жаман, мініс бермейтін, өте тез арықтағышын білдіреді.
Жасық бие. Мұның мағынасы тұқымы жаман, сүті өнімсіз үнемі бойына ет алмайтын, суыққа тезімсіз дегенді білдіреді.

Жасына қарай атаулы

Тоқтаған бие (жасамыс бие). Бұл атауда екі түрлі мағына бар. Біріншісі биенің айғырдан шығып кеткенін көрсетсе, екіншісі биенің орта жастан асқандығын көрсетеді.
Құлын. Биенің жас төлі. Өте сүлу келеді. Сондықтан тілімізде «құлын мүше» деген сөз қалыптасқан. Жаңа туған құлынды «құлан мүшелі құлын», «арғымақ денелі құлын», «қаз мойын құлын» деп те атаймыз.
Жабағы. Жас құлынды алты айға толған соң, күзде жабағы деп атайды. Мұның бұлай аталуы құлын кезіндегі түгі күзге қарай есіп, тығызда- нып, жабысу (ұйысу) салдарынан жабағыланады.
Тай бие. Бір жасында құлындаған бие. Қыс ішінде туған ұрғашы құлын мен телі құлындардың сауылмай жіберілген ірілері (күйлі, семіздері) айғырдан шығып, бір жасында құлындайтындары болады.
Буаз құнажын байтал. Айғырдан бір жасында шығып, екі жасында құлындайтыны.
Буаз дөнежін бие. Айғырдан екі жасында шығып, үш жасында құлындайтын бие.
Бесті бие. Айғырдан төрт жасында шығып, бес жасында құлындаған бие.
Қәртамыс бие. Құлынды биенің он бірден он төрт жас аралығындағысы.
Кәрі бие. Құлынды биенің он бестен он жеті жас аралығындағысы.
Лақса бие. Құлындап жүрген биенің он сегіз, он тоғыз, жиырма жасқа келгені.
Жасаған бие. Жиырма жастан асқан құлынды биені айтады. Мұның асыл тұқымдылары тіс бедерін жоймайды, 40 жасқа дейін жасайды.
Сары қарын бие. Биенің қарны «сары» деген мағынаны білдірмейді, оның сегіз-тоғыз жастағы екендігін білдіреді.
Құнажын байтал. Екі жастан асқаны.
Дөнежін шығар. Үш жастағы байтал.
Дөнежін байтал. Үш жастан асқаны.

Сауылуына қарай аталуы

Сауын. Әрбір төлді малдың сауылуы.
Сауым. Бие желінінің сүтке толып, құлынын емізетін және сауылатын кезінің болғанын көрсетеді. Әрі биенің сауылу уақытын білдіреді.
Қенже (артқы, соңғы) сауым. Кейінгі, ең соңғы сауым мағынасында. Кейінгі сауым — биені ағытар кезіндегі соңғы сауымы деген ұғымды да білдіреді.
Қожыраған бие. Бұрынғысына қарағанда сүтті өте аз беретін бие. Сауылатын биенің сүті азайғанын, суалған (сүті қайтқан) кезіндегі қалпын білдіреді.
Бас сауым. Күні бойы сауылатын биенің ең алғашқы (бірінші) сауылған мезгілі, уақыты, кезі.
Қосақ. Күзге қарай ірі құлындарды енесінің мойынына қосақтап жіберу.
Иіту. Құлынды емізу (салу) арқылы бие желінінен сүт шығару.
Ақ кеуіл (көңіл). Құлынды емізбейақ иіп тұратын бие.
Желіні дерткен. Дер кезінде сауылмағандықтан бие желінін сүттің кернегені.
Жебей сауу. Биенің бас сауымынан соң, жарты сағаттай уақыт өткеннен кейін оны қайта сауады, яғни «жебей» сөзі «қайталап, қайтармалап, екінші рет» деген мағынада айтылады.
Боз емшек. Күзге қарай, биенің емшегі сүтке тырсия толған кезіндегі бірінші сауылуы.

Емшек және бітісіне қарай аталуы

Шипі емшек бие. Биенің кішкене емшектісі.
Тар үрпілі бие. Биенің емшек ұшының сүт келетін үрні кішкене деген ұғымда.
Үрпі ағару (үрпін ағарту). Биенің желін сабасын толтырып, емшек сүтінің ағаруын айтады, ол биенің кешікпей құлындайтынын көрсетеді. Үрпіндегі сүттің ағаруы — соның белгісі.
Кең үріпті бие. Бұлар бие емшегінің ұшындағы сүт шығатын үрпі «кең, үлкен» деген ұғымды береді.
Тік емшек бие. Бұл атау бие емшегінің түзу, тіп-тік екендігін білдіреді.
Сыңар емшек бие. Биенің екі емшегінің біреуінен сүт шығып екіншісінен сүт шықпайтын болса, не құлынын сүтпен бір емшегі жарытса, екіншісі жарытпаса, оны сыңар емшекті бие дейді.
Бүйен емшек бие. Емшегі ұзын болмай, түп жағы жуандау болып келген бие.
Быртық емшек бие. Емшектерін тұтамдап ұстауға келмейтін бие.
Талтақ емшек бие. Емшегі екі жағына қарай қисая біткен бие.
Тостаған желін бие. Желін бітісі тостағанның аумағындай боп келгені.
Қара желін бие. Желін безі қатты боп келген, сүті аз бие.
Желін. Бұл биенің емшек түбіндегі сүт жиналатын май безі, сүт шығатын жері деген ұғымды білдіреді.
Желін саба. Бұл бие желінінің «сыртқы терісі, сыртқы қабы» деген мағынаны білдіреді. Осыдан барып «желін сабасын салыпты» деген сөз тіркесі пайда болған. Мағынасы: биенің желіні білініп, желіндей бастаған, кешікпей құлындайды деген ұғымда айтылады.
Түйін салу. Биенің жаңа желіндей бастағаны.

Сүтінің аз-көптігіне қарай аталуы

Мама бие. Өте сүтті биені айтады. Оның сүтін құлыны еміп, тауыса алмайды. Құлыны еміп болғаннан кейін, кеп уақыт өтпей исініп тұрады.
Сүті қайтқан бие. Бұл сөз тіркесі биенің кәріліктен, күтімсіздіктен, аурулықтан беретін сүт өнімдерінің кеміп азайғандығын білдіреді.
Суалған бие. Желін сабасында сүт қалмағаны.
Мәнерсіз бие. Биенің сүт шығымы өте аз деген мағынаны білдіреді.
Ақтандыр бие. Биені сауғанда емшегінен бір тамшы да сүт шықпайтыны.
Исіншек бие. Сауар алдында құлынына жанасып, исініп сүтін ағызып жіберетін бие.

Мінезіне қарай аталуы

Бедіреуік бие. Сауғанда тез иімей тұрып алатын бие. Жалпы бұл атаудың төмендегідей екі мағынасы бар. Біріншіден, тез иімейді деген мағы- на білдірсе, екіншіден, табандап тұрып қалу, ежірейіп қарау сияқты мағыналарды білдіреді.
Тарпаң бие (жылқы). Биенің асау, үркек, жалт ету, тулағыш, тепкіш, тарпығыш, тістеуік мінезді келетіндері. Бұл биенің (жылқының) қолға үйретілмеуінен болатын ерекшелік.
Жебір бие. Қөзіне көрінген нәрсені талғамай, шайнап жеп қоюын айтады.
Безер бие. Айналасына жақындаған жылқыны теуіп, тістеп, маңына адамды не малды жуытпайтын бие.
Жанасқыш бие. Саумастан бұрын желіде үнемі құлынына жанаса келіп, емізіп қоятын бие.

Жал-құйрық бітісіне қарай аталуы

Майда жалды бие. Бұл биенің (жылқының) жалы қалың, қатты болмай, жұқа әрі қылшығының жіңішке нәзік, күлтеленіп келетінін көрсетеді. Кейде мұндай жалды биені әсерлеп жібек жалды (күлте жалды) деп те атайды.
Кереге жалды бие. Теңеу ретінде айтылатын атау. Бұлар биенің (жылқының) жалы кереге тәрізді біркелкі күдірейіп тұруын білдіреді.
Тоқпақ жалдыбие. Бұл атау көбінесе айғырға қолданылады. Бие жалының қалың боп, ұйысып бітуіне қарай айтылады. «Торы-айғыр тоқпақ жалды далада тұр» деп айтылатын қара өлең жолы да тектентекке шықпаған.
Шұбалаң құйрықты бие. Биенің (жылқының) құйрығының әрі қалың, әрі ұзын болып келетіндігін білдіреді. Кейде осындай белгісіне қарап, ұзын құйрықты деп те атайды.
Сояу құйрықты бие. Мұндай атау биенің (жылқының) құйрық қылшықтарының түсіп қалғанын білдіреді.
Келте құйрықты бие. Құйрығының шұбалаң емес, қысқа, келте болып келгенін айтады.
Сымпыс құйрықты немесе қылыш құйрықты бие. Биенің (жылқының) құйрық қылшығының селдір, сұйқылтым, жүқа болып келуін айтады.

Қысырақтардың (бойдақ биелер) атаулары

Қысырақтар (бойдақтар). Құлындамаған әр жастағы биелерді, құнажын және дөнежін байталдарды, ұрғашы тайларды беліп, бірыңғай үйірге жіберілгендерін осылай атайды.
Бордақы бие. Қөп жылқымен бірге жіберілмей, қолға алып қалып, жемге, шөпке емін-еркін, бос қойылып күтіліп, семіртілген биені айтады.
Қысыр бие. Айғырдан шықпай қалған бие, немесе айғырдан шығып, құлын тастап кеткен бие.
Тоқ бие. Семіз бие, немесе қоңданып, оты қанып, тойынған бие.
Тұнған бие. Өте семіріп кеткен қысыр бие.
Бедеу бие. Өмірі кұлындамай жүрген бие.
Тұмса қулық. Үш немесе төрт жасқа дейін айғырдан шықса да құлындамай жүрген бие.
Қызыл май. Семіздей мініліп барып, суытылмай жіберілген, ыссылысуықты болып, жүні іріп, тойынбай, жарай қатып, жадауланып жүрген бие.
Бүгежік. Жүрісінің өнімі жоқ, жүрсе кібіртіктеп жүре алмайтын жер қорқақ бие.
Қөбең бие. Қыстан арық шығып, немесе көбірек мініліп, титығына жеткесін жайылысқа жіберілген биенің бойына ет бітіп, қоңданып, тойына бастаған кезі.
Ақ жілік бие. Енесі сауылмай, құлын күнінен өзі емін-еркін еміп өскен бие.
Қара кемік бие. Енесі сауылып, құлын күнінен бастап жүдеу бас болып өскен бие.
Қағылжың бие. Көбірек мініліп, тойынбай жүрген бие.
Қолтума бие. Үйірге қосылмай жасынан бір адамның (шаруаның) қолында бағылып өскен бие.
Толған бие. Қызылы молайып, бойына ет алып, қоңданып, семіздігі артқан бие.
Шыңылтыр бие. Өмірі ет алып, тойынбайтын, не бойына шыр бітпейтін бие.
Шатыс бие. Жай тұқымнан шыққан биенің жақсы айғырға шағылысуынан туып-өскен, асыл- данған биені айтады.
Нәкүс (құтамсыз) бие. Шыққан тегі нашар, беретін өнімі аз, мың қамшыласаң да аяғын бір баспайтын, қара етті, шабан бие.
Сұңғақты (ірі) бие. Тек-тұқымы жақсы, бойшаң, кесек денелі бие.
Қазанат бие. Бойшаң, денесі ірі, әлді сирақты, тұяқтары жұмыр, құйма тұяқты бие. Мұндай қазанат биелер сүтті келіп, мініске мықты болады.
Қарабайыр бие. Үлкен қарын, қара етті, сыртты, жуан сирақты, жайпақ тұяқты болып, көп мініс бермейтін жүрісі шабан бие.
Арғымақ бие. Дене бітісі сұлу, кәрікті, майда жалды, құйрығы орта қалыңдықта болып, сирақтары ұзын, жіңішке асыл (шыны) сүйекті, қаз мойынды, қамыс құлақты, шоқтықты келген бие.
Жалбыр бие. Түгі ұзын қылшықты, жал-құйрығы қалың боп, жерге төгіліп тұратын бие.
Бүкіш бие. Бел омыртқасы дөңес боп біткен, алдынан арт жағы биік келген бие.
Ұрғашы тай. Жылқының бір жастағы ұрғашысы.
Ұрғашы тел тай. Құлын кезінен бастап екі енені бірдей еміп өскен, бір жастағы жылқы.
Ұрғашы кенже тай. Бір жасқа әлі толмаған, былтырғы май айының аяғында туған құлын.
Тобышақ бие. Қазанат пен қарабайырдың шағылысуынан пайда болған бие.
Жүрдек бие. Мінгенде қамшы салдырмай, ауыздығымен алысып, алып ұшып отыратын бие.
Құйма тұяқ бие. Жүргенде табаны көп тасырламайтын, тұяғы өте мықты келген бие.
Қазан (қаз)табан бие. Жалпақ тұяқты, жүргенде табаны тасырлағыш бие.
Өткір көзді бие. Қалың қабақты, ыстық пен суыққа шыдамды, көзінен жас шықпайтын асыл көзді бие.
Бөкен санды бие. Саны бөкеннің санындай тығыз және ойынды етті келген бие.
Серке санды. Артқы саны етсіз келген бие.
Шәлкес мінезді бие. Бастықтырылып, әбден үйретілмеген үркек, жалт бергіш, аяқ астынан тулап ала женелетін бие.

Құлындайтын бие жайында айтылатын атаулар

Толғақ. Құлындайтын биенін от оттап, су ішпей, жатып-тұруынан, жүре тоқтап, құлындағанша беймазаланып жүруі.
Тұмба. Буаз биенің құлындар алдындағы артынан білінетін құлын тынысы.
Қағанақ. Құлындайтын биенің құлын тынысынан кейін келетін жұқа сірі қабықтағы түссіз мөлдір сұйық зат.
Шарана. Жаңа туған жас құлын денесінің сыртындағы ақ сары шылым.
Ақтон. Жаңа туған жас құлын денесінің сыртындағы ақ сары шылымның ақшыл жұқа қабы.
Шу. Жаңа туған құлынның соңынан кешікпей түсетін биенің ішіндегі құлынның жолдасы.

←кері қайту                                                                                                    


Басты бет > Дәстүр > Тағам > Ұлттық Ойындар > ЖігіттіңҮшЖұрты > Қолөнер > Әндер > Ырым-Тыйым > Бата > Жұмбақ > М.Мақатаев > ШешендікСөздер > Ертегі > ТөртТүлік > Қазақтар > Абай > Кочевник