Мұқағали Мақатаев

Поэмалар

Аққулар Ұйықтағанда        І      Райымбек! Райымбек!      І      Ақ қайың әні     І      Мұзбалақ    І     Ару ана

АҚҚУЛАР ҰЙЫҚТАҒАҢДА
                        І
Өзен де жоқ сыймаған aрнасына,
Жылға да жоқ даламен жалғасуға.
Таста тұнған жаңбырдың тамшысындай,   
Қалай біткен мына көл тау басына?!   
Мөлдірейді, қарайды қарға, шыңға,   
Жалғыздықтан жамандық бар ма, сірә.
 
Канша ғасыр өтті екен, қанша заман?   
Қанша ұрпак кетті екен, қаншама адам?   
Қанша шырша есті екен, құлады екен,   
«Жетім көлге» қараудан шаршамаған?   
«Жетім көлден» су ішкен қанша марал,   
Қанша киік қалды екен сай-салада?   
Қанатынан үзіліп ән-самала,
Қаншама аққу кетті екен — ансаған ән?
 
Ортаймаған «Жетім көл» толмаған да,   
Болған өмір ұқсайды болмағанға.
Сызат та жоқ бетінде, сызық та жоқ,   
Айдынына аққуы қонбаған ба?!   
Кызғыштары қиқулап, қорғағанда,   
Сорлағанға ұксайды, сорлағанға,
Шүрегейлер айдынын қорлағанда,   
Көкқұтандар қанатын қомдағанда...
 
Беу, дүние-ай, аққулар оралғанда,
Айдын көлдің иесі жол алғанда.
Жетісіп бір «Жетім көл» қалушы еді-ау,   
Тынушы еді-ау, теңселген қара орман да.   
Таянғанда аққулар қонар маңға,
Басушы еді-ау, байызын бар арман да!
 
Қанатынан аққудын балапандап,
Ән ұшатын сымпылдап тан атарда.   
Сүйінші бер дегендей бір толықсып,   
Сыбырлайтын «Жетім көл» Алатауға.   
Тына қалып бұлбұл да жаға-талда,   
Қарайтұғын айдынға, ақ отауға.
 
Таң мен күннің арасы таянғанда,
Таудың басы алаумен боялғанда,
Тірілетін таудағы бар тіршілік,
Қанатынан аққудың оянған ба?!
 
Көмейінде тәтті үні былай қалып,   
Жаға-талда жас бұлбұл тұр ойланып.
Жетті аққулар.
Түгендеп «Жетім көлін»,   
Жағалауда ұшып жүр шыр айналып,   
(Бірден көлге қонбайды құлай барып.)
 
Сондайтұғын, аққулар сондайтұғын,   
Асығыстық оларда болмайтұғын.
Қомағай көкқұтандар секілденіп,
Жалп беріп, жағаға кеп қонбайтұғын.    
Сондайтұғын, аққулар сондайтұғын,
Ақ мүсін айдынға кеп орнайтүғын.
 
Әлдилеп ақ төсінде, бермей тыным,
Ақ айдын ақ мүсінін тербейтұғын.
Бұл келге мылтық алған саятшы емес,
Тірі жан аяқ басып келмейтұғын.
Аққулар аман-есен қайтқанынша,
Суына «Жетім көлдің» шөлдейтұғын.   
(Суымен сырқаттарын емдейтұғын.)
 
Ұрпақтан ұрпақ алып жалықпастан,   
Сондай бір дәстүр бар-ды қалыптасқан.   
Заманнан заман өткен, жаңарған жұрт,   
Аққуын айдын көлдің налытпастан   
Дәстүрін аттамаған, анық басқан.
Сондай бір дәстүр бар-ды жарық шашқан,   
Бір ұрпақ бір ұрпаққа алып қашқан.
 
Қайсыбір қиын-қыстау ай, күндерде,   
Шойырылтып, түссе-дағы қайғым белге,   
Алаңсыз аққуымды атпасын деп,
Жатқа да дастарқанды жайдым төрге,   
Аққулар ұйықтағанда айдын көлде...
 
...Оралмады аққулар осы манға,   
Жылдар өтті, байғұстар шошынған ба?   
«Жетім көл» жетімсіреп қала берді.   
Арман-ай, аққуымен қосылар ма?!
                     II
Бала жатыр төсекте, албыраған,
Әке жатыр еденде, қалжыраған.
Түн күзетіп ана отыр, қос жанары   
Шарасыздан шаршаған, жаудыраған.   
Түні мынау - тамыздың маужыраған,   
Тауың анау — шымылдық салбыраған.
 
Биік барып жаралған жер бетінен,
Сол байырғы «Жетім көл» келбетімен.  
Айдынында аққулар ұйыктап жатыр,   
Сайдан соққан самалмен тербетілген.   
Жер бетінде тыныштық, көл бетінде,   
Қауышыпты қара орман, көл де, түн де
 
Бала жатыр төсекте күйіп-жанып,   
Баласының ана отыр күйін бағып.   
Қайдағы бір қатыгез, сұрқай ойлар,   
Миын қарып барады, миын қарып.
 
«Сарқытындай өлімнің қалған қарға,
Екеу болса, дүние-ай, арман бар ма!..»   
Арагідік назарын аударады,
Төрт бүктеліп еденде қалған жарға.   
Кауіптеніп түндерге, тандарға да,
Үн шығармай іш құса, зарлауда ана.
 
«Мана, күндіз, тәуіп шал не деп кетті?!  
Әлде өтірік, әлде шын демеп кетті...
— Аққуменен баланы аластандар,  
Деді-дағы жәйімен жөнеп кетті...»
 
— Тұрсаңшы,
таяу қалды таң атуға,   
Неткен жансың санасыз жаратылған?!   
Манағы тәуіп шалдың айтқан сөзі,
Ұмытылып кетті ме санатыңнан?   
...Айналайын акқудың қанатынан,   
Қайтеміз, ол да адамға бола туған.
 
«Жетім көлге» барып қайт таң жамылып,   
Таң атқанша қалайда тауға ілік.   
Біреулердің көзіне түсіп қалып,   
Дүрліктірме жұртынды, салма бүлік!
Кім білсін, мүмкін, бәрі жалған үміт...
 
—Апыр-ай, қалай барам, қалай барам?!   
Атармын аққу құсты қалай ғана?!   
Айдынның аққулары ұйықтағанда,
Өрген мал, өскен шырша абайлаған,   
Барлығы қасиетке қарайлаған,
Оқ атам қасиетке қалай ғана?..
Бармаймын, бара алмаймын, қалай барам?!
 
Адуынды жан екен алған жары:
—Жалғыз ұлдан артық па, жалған бәрі!   
Балам өлсе, бақыттың керегі не?!
Топан су басып кетсін қалғандарын.   
Перзент сұрап несіне армандадың?!   
Құрысын онсыз сенің жанған бағың!  
Мылтықты әкел!
Атты ертте!
Жалған бәрі!
 
...Оятып дүниені дел-сал қылып,   
Тамыздың таңы да атты тамсандырып,   
Сай-сайдан бошалаған бозала тан,
Таудағы тіршілікке ән салдырып,   
Еміндіріп, еріксіз қарсы алдырып,   
Бұлбұлға дүниеге жар салдырып,   
Тамыздың таңы да атты тамсандырып.
 
Қасқа таң.
Бұлбұл үні.
Көл бетінде,
Аққулар ұйықтап жатыр тербетіле.
Бас бағып жағада өтыр жалғыз ана,   
Танданып тәкаппар құс келбетіне.
 
Тығып ап тұмсықтарын мамығына,
Айдын — төсек, аспанды жамылуда.
Арша, шырша, жартастар жағадағы,   
Сұғынып, бәрі көлге табынуда.   
Аласұрып, қан ойнап тамырында,   
Ана-жүрек тыпыршып, қабынуда,
Не қыларын біле алмай, жабығуда.
 
Асқар белден күн нұры шашырады,  
Шашырап, ол да көлге бас ұрады.
Құс аппақ, айдын аппақ, нұр да аппақ,  
Аппақ нұр — аппақ нұрға қосылады.
 
Көл — көкке,
көк — көлге кеп асылады,   
Ұйқысы аққулардың ашылады.   
Сұлулыққа сұқтанып, қашып әлі.   
Ана-жүрек солқ етіп, басылады.
 
Қызғанып, қызғыш байғұс шыр айналды,   
Абыржып ана-көңіл мың ойланды.   
Ғазиздің көзінде емес, көңілінде,
Айдын көл астан-кестен лайланды.   
Дәстүр, ырым, жәйімен кұдай қалды,   
Жалғыз ұлдан басқасы былай қалды.   
Айдынның аққуының орынынан   
Кергендей, көзі тұнып, құмайларды.
 
...Аққулар...
Аққу мойын, сүмбе қанат,
Алаңсыз тарануда күнге қарап.   
Айдынның еркелері, білмей тұрмын,   
Етермін тағдырынды кімге аманат?!
 
Жаны сұлу ақ еркем, ары сұлу!
Бір мамығы майысса ауырсынып,
Тарақ етіп тұмсығын, тарайды кеп,   
Тарайды кеп, тарайды қауырсынын,
Құм тұрса да бір түйір ауырсынып,
Жаны сұлу ақ еркем,
ары сұлу!
 
Ақ қанатын сабалап, асыр салып,
Бірде суға сұңгиді басын малып. ...  
Ойнасыншы, өйнасын ерке құстар,   
Тыныштығын олардың қашырмалык.
Мерген отыр жағада.
Ей, ақша бұлт,   
Жаулығыңмен оларды жасыр барып.
Бас бағады шыршаның қалқасынан,  
Қаруынан колында қан сасыған.
...Ал, аққулар,
                  Аққулар тарануда,
Сусып түсіп, су моншақ арқасынан.   
Қарайды ана шыршаның қалқасынан.
 
«Сірә, сорлы жоқ шығар менен еткен,   
Құлынымның қасынан неге кеткем?!   
Ошақ қасы, от басы, көрмеппін ғой,   
Дүние-ау, сен осындай керемет пе ең?!»
 
Ана отыр,
Озбыр ойлар қамалауда,
Қамалауда, әлдекім табалауда.
...Аққулар ақ айдынды қалдырды да,   
Тартты кеп, ана отырған жағалауға.
 
Шошымай шолжаң өскен батырларың,  
Ана отырған шыршаға жақындады.
Көзі тұнған бейбағың, топ аққуға,
Білмей қалды мылтықтың атылғанын.   
Көздің алды көк түтін, ақыл жарым,   
Білмей отыр жанағы тыныштықтың,
Сүт ұйыған тегешін сапырғанын!..
 
Ию-қию көл маңы, астан-кестен,
Жер айналып, тау құлап, аспан көшкен.   
Жанғырығып, жар салып, жартастар тұр,   
«Жетім көлдің» қайғысын бастан кешкен,  
Көріп-біліп, таныпты тастар да естен.
 
Алып аспан астына сыя алмай бір,
Айдын көлін аққулар қия алмай жүр.   
Мөлдіреген «Жетім көл» көкке қарап,   
Мөлтілдеген кез жасын тыя алмай тұр,   
Айдын көлін аққулар қия алмай жүр.
 
Сан айналып, сұңқылдап ұшты-дағы,  
Сапар жолға мезгілсіз түсті-дағы,
Бетін түзеп, батыска бағыт алып,
Қарғыс аткан мекеннен күсті бәрі.
 
Тау жаңғыртып, тамаша құстың әні,
Қош айтысып көлменен, ұшты бәрі.
Көл бетінде көлбеңдеп, жаралы аққу,
Ұша алмайды, ұшпақ боп күш қылады...
 
Сыңар қанат сынық құс байлауда тұр,   
Тағы бірі айдында жайрап жатыр.
Қан аралас қалқыған мамығымен,
«Жетім көлдің» толқыны ойнап жатыр. ... 
Қасиетке оқ атып, жойған пақыр,
Қалай алып кетерін біле алмастан,   
Сүле-сопа, жағада ойлауда құр.
 
«Жетім көлден» сән кетті мана тұнған,   
Аққу кетті, ән кетті қанатында.   
Асқар-асқар таулардан асып әрі,   
Шын-құздардын үн қалды қабатында.   
Аққу әні естілмей қалатын ба?
Алатаудан үзілтіп Қаратауға,
Жаңғырығып жартастар таратуда...
                         III
«Жетім көлдің» басында жылқы жатқан,   
Дөңғе шығып, қарт тұрған жылқы баққан:   
«...Апыр-ай, бұл кім болды, таң сәріде,   
Көргенсіз, көл басында мылтық атқан?!   
Кұстардын зәре-кұтын шырқыратқан,   
Неғылған қаныпезер құлқы қатқан?!
 
Мылтықты атарлықтай көлге келіп,   
Апыр-ай, жөқ еді ғой елде желік...»   
Мылтық даусы, құстардың шулағаны -   
Шыдамын алды қарттың, бермеді ерік.
 
«Бұл манның адамы емес, сірә-дағы,   
Білейін, табайын да бір амалын.
Қаруы бар кәззапқа құрықпенен   
Ұмтылса, қалай қайрат қыла аламын?!   
Жөн болар алыс тұрып сұрағаным...»   
...Аққу үркіп,
               батысқа бет түзеген,
Қамшы басты атына, шыдамады.
 
Алыс тұрып, ақырды қыр басынан:   
«Берекесін бұл жердін кім қашырған?..»   
Өнім бе, түсім бе деп танданады,
Көз алмай орамалды ұрғашыдан,
Көз алмай сүле-сопа тұлғасынан:
 
—Ей!
Кімсің?
Тірісің бе?
Жанын бар ма?
Аққуды неге атасың, арың бар ма?!   
Тастағын қаруынды, келгін бері,
Келгін бері, кеудеңде жаның барда!
 
...Байғұс әйел үн-түнсіз жылап тұрды,   
Карттың үні мен-зең ғып кұлакка ұрды.   
Көлындағы мылтығын кұлаштап кеп,   
Бөгелмей, «Жетім көлге» лақтырды.
 
Қартқа қарай ақырын аяндады,
Карусызға қарт келді, аянбады.
...Көзінен жас,
көңілінен зар төгіліп,
Болған жәйтті келіні баяндады.
 
—Әй, балам!..
Болмады ғой, болмады ғой...
Қасиет кетті көлден, сорлады ғой.   
Тәуіптің айтқанының бәрі өтірік,
Атқа мін, ауылға қайт, олжаны қой!..
 
Мін атқа, қайт ауылға тағат қыл да,   
...Білмеймін, сор аттың ба, бақ аттың ба?!   
Аққуға кезенерде, ырым жасап,
Тым құрыса саусағынды қанаттын ба?
 
—Әлек боп, арпалысып сор-қайғымен,   
Жоқ, ата, жасамадым ондайды мен...   
Жасымнан естігенім бар-тын еді,
Әйтеуір аққу атқан оңбайды деп...
 
—Солай, солай...
Аманат бір кұдайға...
Қай-қайдағы түседі құрғыр ойға...
...Ат басын шұғыл бұрып, тайып тұрды,   
Қарт тастап — нелер сұмдық сырды бойға.
 
Бәрі ұмыт: бақытың да, байлығың да,   
Күлкі шаттық, күйзелткен қайғы, мұң да.   
«Жетім көл» жетімсіреп қалып қойды,
Бір өлі, бір тірі аққу айдынында...
Бар өмірден көңілі шайлығуда,
Байғұс ана еркінен айырылуда.
 
Әлденеден сұм жүрек сескенеді,
Арагідік әлдене ес береді.
Табиғаттын, таудың да, аққудың да,   
Байғұсқа бөлмай қалды еш керегі.
Келеді ана, сезбейді ештеңені.
 
Бай ұмыт, әлсіз жатқан бала да ұмыт,   
Қайтқан құстай алыстап барады үміт.   
Көліменен қоштасқан аққу үні,
Құлағына келеді арагідік. -
 
Өмір емес өмірі, қораштанған,
Байғұс ана тірліктен қалас қалған.
Келеді ана, қарабет қарақшыдай,
Ел мен жерден біржола аласталған.   
Аппақ нұрды көре алмай ақ аспаннан,   
Түн-түнекте бейне бір адасқан жан.
 
...Абыр-сабыр, үй маңы дүрбелен-ді,   
Алғаш ана абыржып, білмеген-ді.
Ат үстінен түсе алмай қатып қалды   
Мелшиіп, білмей тіл мен үн дегенді   
Білмейді, қайда келді, кімге келді.
 
Өң бе, түс пе, әйтеуір таласуда,
Өлі менен тірінің арасында.
Отырғандай «Жетім көл» жағасында,   
Аққу жатыр көзінің шарасында.
 
Аунап түсіп атынан, үйіне енді,
Есіне алып ерін де, баласын да.
Өліп жатқан ұлына қарасын да,
Қалсын ана «Жетім көл» жағасында,
Өлі менен тірінің арасында.
 
...Аппақ нұрмен шөмылтып айналаны,
Ақ сәулемен айдынның өйнағаны,
Көз алдында...
Кұлақтан кетер емес,
Танда бұлбұл тамылжып сайрағаны,
Көз алдында - аққудың жайрағаны.
Сынар қанат, сынық құс - жаралы аққу   
Өлі аққудан кете алмай айналады.
 
Ақ төсек — аппақ айдын, аққу - бала,   
Жаралы аққу секілді жаттың ба, ана?..   
«...Мына жатқан «Жетім көл», мына аққуды,   
Өз қолыммен өлтірдім, аттым жаңа...
 
Жоқ!
Мен емес...
Мен атпадым...
Кеше гөр, кешіре гөр, жаратқаным?!»
Ғазиз ана, ербендеп екі қолы,
Жиылған жұртқа қарап алақтады.
 
Кұледі, бірде жылап, зарланады,
Көкке қарап, бекерге қарманады.
Бірде үнсіз, мелшиіп тың тындайды,   
Кұлағында аққудың арман-әні.
Алдымен жұрт үн-түнсіз танданады,   
Қыбыр-сыбыр артынан жалғанады...
 
Бірде ана көкке жайып алақанын:
«Қазір, бөтам...
Мінеки, таң атады...
Қазір, ботам, аққумен ұшықтаймын...   
Жазыласың құлыным...
балапаным!
Қасиет!..
О,  қасірет!
Осындай ма ең?!
Сорымнын қалындығы шашымдай ма ен!..   
Қасиет!..
 
Қасиеттер ұшып кетті,
Қасірет!..
Қасымдағы досымдай ма ең!..
Қасиет... Қасірет...
Қасірет... қасиет...»
Эпилог
...Сол кеткеннен мол кеттім, оралмадым,   
Жерді аңсаймын...
Жалғыз-ақ сол - арманым.
Қиын екен, қимасың екі бірдей,
Көз алдында ғайып боп жоғалғаны...
 
Көрдің бе бір-біріне дөп келуін,
Бір қырсық бір қырсықпен шектелуін?   
Балам-ай, мынау өмір-дарияның,   
Білмейсің қайда екенін өткелінің.
 
Аққулар...
Аңыз көп қой олар жайлы,
Көзіңмен көрғеніндей бола алмайды...   
Тек қана тыныштықта ұйықтайды олар,   
Шошыса, екінші рет оралмайды.
                    * * *
Орнында екен «Жетім көл», жоғалмапты,   
Ортаймапты немесе тола алмапты.   
Жағалауын жауыпты жасыл жалбыз,   
Қасиетті аққулар оралмапты.

* * * * * * * * * * * *                  ↑жоғарыға

АҚ ҚАЙЫҢ ӘНІ

П о э м а                  Ілия Жақановқа
 
Ей, күнәдан пәк жас жандар,
Қапелімде қателікке баспаңдар!
Қосыларсың қол ұстасып, саспаңдар,
Махаббатпен ойнағанды тастандар,
Ей, күнәдан пәк жас жандар!

Иә, жастық - ән, салтанат, күй, өмір,  
Жастық дейтін - жанға мирас, ие бұл.  
Махаббатқа тұрақсыздық - күйе бір,  
Махаббатты құрметте де сүйе біл!

Ей, күнәдан пәк жас жандар,
Махаббатпен ойнағанды тастандар!
Қапелімде кателікке баспандар,
Ал оқыңдар, ол туралы дастан бар.
                          I
Неліктен тұта қалды қабақ қайғы?  
Перделеп қос жанарды қаратпайды.  
Жөргекте уілдеген уыз сәби,
Отырған қонақтарға алақтайды.  

Бұп-бұлтық өкшеңменен тебінесің,
Ұмтыласың, шалқалап шегінесің.
Баданадай көздерің бақырайып,
Ей, өмірдің қонағы, не білесің?

Білесің бе, не болды маңайында?
Келесің бе, алдыма алайын ба?
Қолға түскен ұрыдай сүмірейіп,
Не көрінді отырған ағайынға?!  

Сауық-сайран неліктен басталмайды?
Неге адамдар алдында асты алмайды?
Неге анау бұрышқа қойындасып,
Қалжыраған құтылар мас болмайды?

Отырғаңдар неліктен алаңды ойда,
Анаң қайда, қарғам-ау, Анаң қайда?  
Ұстап тұрған ыдысын қиратты да,
Безіп кетті қалдырып жаман жайға.

Әкең неге соншама түнереді?
Алқымына ашуы тіреледі.
Қираған радио қобдишаны,
Тағы да періп-періп жібереді.

Ол қирады.
Ән бірақ қалықтайды.
Бұлбұл көмей сайраудан жалықпайды.  
Бұл не пәле, қарғам-ау, білесің бе,
Бұл сиқырды енді кім анықтайды?!  

Бұлбұл көмей бұралтып ән салады  
Алыста адасыпты аңсағаны.
Қарт Атаң жұрт бетіне қарай алмай,
Қарт әжең әлсін-әлі тамсанады.

Ал ән ше?
Ән күнәсіз мамырлайды.
Әр жүректі бір шымшып дамылдайды.  
Бұл не пәле, қарғам-ау, білесің бе,
Бұ не пәле, неғылған ауыр қайғы?!  

Отыра ғой алдымда, қарақапым,
Мынау қолым, саусағың, алақапың.
Неге саған мына жұрт қарамайды?
Тойың өтіп жатқанда, балапаным.

Неге, неге?
Білмейсің.
Мен білемін,
Мен айтайын кезегім келді менің.
Ей, өмірдің даңғаза қуанышы,  
Түсінерсің бір кезде, сендіремін.  

Айтпай жаным сірә да, жай таба ма,
Мен айтайын сен тыңда, байқа, бала!
Жалыны мол жастыққа кенелгенде,  
Ата-анаңның қатесін қайталама!

Әуелі әнді тыңда, ән өлмейді,
Әнсіз тамұқ, кең болсын әлем, мейлі.  
Әлемді кезіп жүрген махаббат бар,
Ән соны әрқашан да дәлелдейді.

Әнсіз жоқ нөсерде нұр, дауылда күш,
Ән сая - адам жаны дамылдағыш.
Сол әнді сорғалатып құйып жатыр,
Қираған радиоқабылдағыш.
                         II
Аттай төрт жыл екеуі достасқалы,  
Екінші жыл жүректі тот басқалы.  
Апырай, Алматыдан аттапарда,  
Бағдатпен Бану неге қоштаспады?!

Ой, арман-ай, не деген сағым еді,
Секілді ғой даланың тағы желі.
Ажырасқан ақ қайың панасына,
Бей-жай боп Бағдат бүгін тағы келді.

Өтті уақыт ақ қайың өзгермепті,
Ал арман ғайып болып, көзден кетті.  
Ішпей-жемей масайып, балбыраған,  
Балауса, бал-шырынды кездер де өтті.  

Тентек жел ақ қайыңды аймалайды,
Телміріп бала қайың жәй қарайды.
Бану жоқ, жапырақпен ойнамайды,
Бағдат тұр, бойда - дерті, ойда - қайғы.

... Күз бопты, асқарды бұлт тұмшалады,  
Жел келіп жез қияққа мұң шағады.  
Қатулы қабағына қаһар бұққан,
Қарт тауға қара нөсер мұң салады.

Қара бұлт қаралы ару түнереді,
Қарағай қара аспанға тіреледі.
Қаптай кеп қарбаласта қара қарға,
Қарайды қара тауға түнегелі.

Қара тау қара күзді ұнатпайды,
Қарайды, қамқор болып жұбатпайды.  
Қарманып, қалжыраған қара құс кеп  
Қайыңның бұтағына шуақтайды.  

Табиғатта тірліктің бәрі де егіз  
Қыс пен жаз, күз бен көктем, ән, лебіз  
Махаббатпен масайрап жүрген шақта,
Мән бермейміз олардың бәріне біз.

Солай, солай...
Бағдат та екеу еді,
Екеуін бір-ақ арман жетеледі.
Өмірде жол ашасы басталғанда,
Бағдат қалды, ал Бану кете берді.  

Махаббатын қыз Бану күйеледі,
Бағдат барып қайыңға сүйенеді.
Керуеніп тартыпты батыс жаққа,
Кер тырналар - аспанның түйелері.

Бура шуда бұлттар да жөңкіледі,
Маңа барды, әлгіндей мөңкімеді.  
Жүректің шыңырауындағы әлгі бір ән,  
Бағдаттың көзіне жас келтіреді.

Бұлт жөңкіліп барады, қарамайды,
Жел жетектсп барады қарағайды.
Әлсін-әлі жүректі дір еткізіп,
Санада сағыныш ән балалайды.

Бағдат тұр ұйып тыңдап әлденені,
Ән келеді, шымырлап ән келеді.
Нөсер тынды, қара құс бұтақтағы,  
Қауырсынан таранып, сәнденеді.  

Өрекпіп жел өлсіреп, баяулады,
Асқарға кеп ақша бұлт аялдады.
Ақ қайыңның бір сипап маңдайынан,
Қырқадан Бағдат төмен аяңдады.

Аяңдады, артына жалт қарады,
Сырлы қайың сидиып қап барады.
Тұла бойды тұлпардай тықыршыған,
Бір жылы әуез жүректі ақтарады.

Бір келеді жылы әуез, бір кетеді,
(Жолағысы келмейді-ау тілге, тегі...)
Алатаудың адуын ақ өзені,
Бар аймақты барынша гулетеді.

Екінші жыл жүректі тот басқалы,
Неге Бану кетерде қоштаспады?!
Күйген жері күлдіреп, жазылмайтын,  
Күй-көңілге қыз Бану от тастады.

Неге Бану сертінде тұра алмады,
Қандай ғана әзәзіл ылаңдады!
Алғашқы әнім эфирден шырқалғаңда,
Неге, неге құттықтап, қуанбады?!

...Әлі есімде, жазы еді Алматының,
Аясы еді Алатау жәннатының.
Арқа сүйеп қырқада ақ қайыңға,  
Отырып ек шат көңіл, жаида-тыным.

Ол сол күні мұңайып, көп қарады,
Айтпақ болып бір нәрсе оқталады.
Сала-сала сүйріктей саусағымен,
Шашымды сипайды да тоқталады.

Сол кезде қарағаны сондай бөтен,
(Әлде мені кімсің деп ойлай ма екен.)  
Сонда білгем сезімнің құдіретін,
Сезімде қанағат жоқ, тоймайды екен...  

Мен отырғам, бір нәрсе қиялдағам,
Бану өзі өпкен-ді, ұялмағап.
Соны білем, мойныма құлап қалған,
Құрметті кұшағын жия алмаған.

Әрі қарай не болды байқамадым,
(Дерт қайғысын қалай деп айта аламын)  
Етпетімнен кұлаппын есім жиып,
Бану деген есімді қайталадым.
Дерт қайғысын қалай деп айта аламын.

Жалтақтап жан-жағыма алаңдаймын,  
Алаңдаймын, Бануды таба алмаймын.
Төңіректе дүниенің бәрі бөлек,
Өмірге жаңа келген адамдаймын.

Байқадым да бетімді жер сүргенін,  
Табиғат, тажалынды келтір дедім.  
Сонда сездім, күтіп ем, сонда сездім,
Өз білгенін істепті дертім менің.  

Жоғалып махаббатым, барша тілек,
Отырдым ақ қайыңға арқа тіреп.
...Ақ қайың, арман қайың, амалым не,
Аяңда талай-талай бал татып ек...

Ақ қайың, сырлы қайың, арман қайың,  
Ақ қайың, арман қайың, тарлан қайың!  
...Артына композитор қарай берді,  
Асылы сеңде бұғып қалғандайын.

Ақ қайың, арман қайың, ару қайың,
Саяңда сауық дайын, дамыл дайын.
Бағдаттың жүрегінде ән болып қал,
Ақ қайың, бала - қайың, Бану - қайың.

Махаббат, о махаббат салауатты!
Сені адам өміріне бағалапты.
“Ақ қайың” деп күбірлеп Бағдат міне,  
Мың қайталап бір үнді бара жатты.  

Сабыр, сабыр, ей, Бағдат, қысылма құр,
Әнің даяр, қарындаш ұшында тұр.
Мына күзде көз салшы жан-жағыңа,
Әр теректен мың жүрек ұшып жатыр.

Әніңді жаз, әнсіз жоқ дауылда күш,
Жел ызыңдап әкетсін Бануға алыс.
“Ақ қайыңды” эфирден ұстап алсын,  
Ауылда радиоқабылдағыш...
                         ІІІ
Жылдан асты екі жас табысқалы,
Бәрі ортақ: арман, тілек, намыстары.
Елеусіз арасында екі өмірдің,
Бағдаттың бейнесі де алыстады.

(Деп жүрміз ғой қыздардан осал бар ма)  
Қыз жүрегі сыр бүккіш қашаннан да.  
Бану да құпиясын құмға көміп,  
Жасырды жарым деген Асаннан да.

Сыр ашуды борышым деп санамады,
(Кім білсін, татулықты бағалады)
Кешегі махаббаттың орынында,
Жазылмайтын мерездей жара қалды.

Жасыратын жас гүлге жаққандай от,   
Жасыратын Бағдатқа атқандай оқ.  
Көрінетін құлаған әлсіз дене,
Ақ қайыңның түбінде жатқаңдай боп.  

Бәрі есінде: Бағдаттың құлағаны,
Өзі шошып, аулақта жылағаны...
Құры сүлде қарманып қозғалғанда,
Тайып тұрған, көруге шыдамады.

Ол дерттің түсінбеген не екенін де,
Кете барған үрейдің жетегінде.
Жылдан асып барады Бану, міне,
Жар да сүйді, жайлы орын мекенінде.  

Мекенінде, бірақ та ұмытпайды,
Күңдер өтсе, сол бір жай жуықтайды.  
Қоныстанып жатты оның жүрегіне,
Қайдағы бір қайрымсыз суық қайғы!

Солай, Бану, адастың арманыңнан,
Аша жолда арбаң тұр аударылған.
Сезім дейтін істейді өз білгенін,  
Жасырасың несіне жан жарыңнан...         

                       * * *
Түс мезгілі, жұбайлар отырысты,
Тату-тәтті, “махаббат” оты күшті.
Әзір ғана әсерлі қос жұбайға,
Жайсыз жағдай тап болды өкінішті.

Отырысты, әр неден сыр ақтарды,  
Бір-біріне жаудыртып сұрақтарды.
Асан күліп, орнынан тұрды дағы,
Радио құлағын бұрап қалды.

Ендігі сыр кешкіге аман қалды,
Жұбайлардың мылжыңы тамамдалды.  
“Музыкасы: Мамыров Бағдаттікі,
“Ақ қайың”, - деп бір жаңа ән хабарланды.

“Ақ қайың, сырлы қайың, арман қайың,  
Сырыңды айт, құр бекерге алданбайын.  
Айналып неге саған келе берем,
Аяңда бір асылым қалғандайын.

Ақ қайың, арман қайың, ару қайың,
Сыр айтшы жанымменен қабылдайын.
Айтшы сен, махаббатым қайда кетті?
Көктемде самал қуған сағымдайын.

Арманың әлі менің жүр есімде,
Бар санам сағынышпен күресуде.  
Апырау, қайда менің махаббатым,
Ақ қайың, айтшы маған білесің бе?”  

Бөлме ішінде баяулап, қалқыды да,
Ән тынды, сөнген шамдай шалқыды да.  
Банудың жанарынан жас парлады,
Қолқа, жүрек тығылып алқымына.

Жылауға да хақың бар, жыла,- Бану,  
Жараңды жаза алса егер жылағаның.  
Махаббат тәттісіне тойдың дағы  
Адастың, ащысына шыдамадың.
Мен сені жұбатпаймын жыла, Бану!  

Бану, сені аяймын, қиналамын,
Керек емес жасыңды тыймағаның,
Бір адамның басына бар бақытты  
Қашап көрдің табиғат сыйлағанын?

Сен адал махаббатты күйеледің,
Сен даяр махаббатқа ие ме едің?  
Аурумен арпалысып жатқанында,
Бағдаттың басын неге сүйемедің?

Шын сүйген шыр айналып кетпес еді,
Керек етсе, ажалмен шектеседі.
Асықпа әлі, “Ақ қайың” қайда жүрсең,  
Арыңның алдына кеп беттеседі.

Жыла, Бану, мен сені жұбатпаймын,  
Аяймын, жыла, жыла, қуаттаймын.
Халқым жазған махаббат дастанын ап,  
Ақ қайың аясында шуақтаймын.  

Асанда “бұл не?” деген сұрақ қалды...
Бәрін де айтты Бану, сыр ақтарды.
Содан бастап бұл үйге суық кіріп,
Терезенің алдында шуақ қалды.

Бірге келдің, ей, сәби, білемісің?
Екі адамның бір ғана жүрегісің.  
Екеуінің бір ғана тілегісің,
Бірге келдің бүгін сен, білемісің.  

Білемісің не болды ата-анаңа  
Бықсып жанған ол қандай от арада.
Қуапышың еді ғой, балапаным,
Осылай да туған күн атала ма?!

Не әзәзіл бұл үйде ойнап өтті,
Не күш келіп бұл үйді ойран етті?!  
Қуанышқа жиналған қауым қайда,  
Қуанышты қонақтар қайда кетті?

Әкең жатыр неліктен төсекте аунап,
Сезім, сезім... Екеуін өш етті-ау, қап!  
Білемісің, ей, сәби, қонақтардың,
Ауызынан барады өсек қаулап.

Не көрінген бұл үйдің адамына?!  
Қуанбайды қаз басқан қадамыңа.  
Неге сенің жан анаң бір күрсініп,  
Ауық-ауық қарайды жанарыңа?!

                     * * *
Басың көтер, ей, Асан, көтерілгін,
Бану, сен, жар қадірін жете білгін.
Сен аман бол, ей, сәби, сен аман бол,
Сен межесі - тоғысар екі өмірдің.

Бұл өмір ғой, мұндай жай кезігеді,  
Бадана көз батырым, сезін енді,
Сен барсың, сен тірісің әркашан да,  
Тек алғашкы махаббат, сезім өлді.  

Қос өмірге меже боп көрінесің,
Сен осы үйге шуақ боп төгілесің.
Баданадай көздерің бақырайып,
Ей, өмірдің иесі, не білесің?..

* * * * * * * * * * *                       ↑жоғарыға

МҰЗБАЛА
П о э м а             Бауыржан Момышұлына

Екі тәулік өткен-ді,
Ата бүркіт аш қалды.
Қия тартып бөктерді,
Қия тінтті тастарды,
Күз ығысып кетті енді,
Қиямет қыс басталды.

Азық табу оңай ма,
Ақ иығын талдырды.
Аңдар ығып тоғайға,  
Адырларды қалдырды.  

Үңірейген сайларда,
Үлбіреген қар жатты.
Қан базарлы жайлауда  
Тірі жәндік қалмапты.

Сонау өткен жазда бір,
Сонау қырдың төсінде,
Көк киікті, қаз бауыр,
Бүктегені есінде.

Басталысы қаңтардың,
Бас қариды мұз демі.
Адырлардан арқардың,
Ақ лағын іздеді.

Қалықтады Мұзбалақ,  
Қансоқтаны аңсады.
Қарап шығып жүз қабат.  
Қалжырады, шаршады.

Төмен, жерде, шатқалда,  
Қорбаңдайды құмайлар.
Өлексені ақ қарда,
Жәукемдеген сыңай бар.

Бұғанасы бұлт беріп,  
Атылғанда ақ иық.  
Күшігендер сырт беріп,  
Тоңқаңдайды далиып.  

Қанаты бар дегенмен,
Ұша алмайды қорбандап.
Өлексеге кенелген,
Міне, осылай қор болмақ.

Қайқаң етті хас қыран,
Қайта көкке самғады.
Құмайлардың астынан,  
Өлексені алмады.

Мұзбалақтар әсте бір,
Өлексеге түспейді.
Олардікі басқа өмір,
Басқа тірлік істейді.

Самғап күнін откерер,
Самғамаса, кем болар.
Корек болса көкте егер,
Қонбас еді жерге олар.

Қайта атылды хас қыран,
Қайта көкке самғады.
Шар аспанның астынан,
Шолмаған жер қалмады.

Дамылдаудан дүр безіп, 
Құз ылдида сырғапап;  
Тау қойынын жүр кезіп,  
Туырлықтай ту-қанат.  

Қанша шолып өтсе де,
Тірі жәндік қаямапты.
Жылдағыдай текшеде,
Жайылымда мал жатты.

Ашуды аштық суарып,  
Арпалысып бір кетті.  
Қансоқтасын шығарып,  
Жем табуға міндетті.  

Көкке атылды, қағынған,
Қиядан кеп ілмекке.
Оқшау тұрған табыннан.
Жабағыны бүрмекке.

Шыңырау көкте шырқады,  
Көз жіберді аймаққа.
Бұлаң етті бір тағы,
Жылқы жатқан сай жақта.  

Кенет тұра қалды да,
Шұғыл кейін бұрылды.
Әлде байқап қалды ма?
Әйгілі сұм жырыңды.

Дауылдатып көктен бір,  
Бәле келе жатқанда,
Арлан бөрі көктеңбіл,
Тіке тартты қапталға.  

Жалғыз пана жан сақтар,
Қапталдағы қара орман.
Бірақ болат саусақтар,
Жауырынға қадалған.

Азулары ақсиып,
Арлан бөрі бұлқынды.  
Болат тұяқ қақшиып,
Қақ тұмсыққа ұмтылды.  

Жауырыннан, тұмсықтан,
Мыта келіп бүргенде,
Танауынан ыршып қан,
Әлсіреді бір демде.

Қос жанарын арланның,  
Екі-ақ шоқып ағызды.  
Жарығынан жалғанның,  
Тарлан бөрі жан үзді.

Бір тағыны бір тағы,
Жөндеп жатыр, не керек!
Тағылардың ұрпағы,
Тайды құртса, не дер ек?!

Арланды әбден жұлмалап,  
Қансоқтаға қанды да,
Тасқа қонды Мұзбалақ,  
Енді ұшудан қалды ма?!  

Топшылары керіліп, -  
Қалжырапты айқаста.
Қона салды ерініп,
Балақтағы жәй тасқа.

Қырқалар - ақ, құздар - ақ,  
Аппақ таудың қойнауы.
Қалжыраған Мұзбалак,  
Дамылдауды ойлады.  

Сығырайып бір қарап,
Сылқым күн де асты қыр.
Сай-саладан сырғанап,
Сал тыныштық басты бір.

Таудың тентек бұлағы,
Тас тепкілеп жатқанда,
Үнсіз іштен тынады,  
Қарағайлар қапталда.  

Танымайтын аңқауға,
Табиғаттың сыры көп.
Қаһарланған қантарда,
Қайдан соқты жылы леп?!

Ақ атанға жүк артып,  
Шынымен қыс өткен бе, ей?!  
Керуенін шұбалтып,
Мына келғен көктем бе, ей?!  

Тамсанады қыран да,
Тамсанады күртік қыр.
Жылы аспаннан бұларға,
Жылы жаңбыр бүркіп тұр.

Көк аспанның астынан 
Төгілген нұр шаттандыр!  
Қан сасыған хас қыран,  
Рақатқа батты-ау бір!

Бойы сергіп бір түрлі,
Бойкүйездік құласын:
Қыран қатты сілкінді,
Сермеп қалып құлашын.

Қос дүрбісін Мұзбалақ  
Бір ашады, бір жұмып.  
Жылы жаңбыр жүз қабат,  
Бар күнәсін жүр жуып.  

Қауырсынын қақты да,
Бойындағы қаны ұйып,
Рақатқа батты ма?!
Қалғып кетті ақиық...

Ол оянды мұздақтан,  
Айнала аппақ. Таң атқан.  
Арқа-басы зіл батпан,
О, сұмдық-ай, жаратқан!   

Алғаш ауырсынбады,
Қазір ұшып самғардай.
Әттең, қауырсындары...
Сауыт киіп алғандай.

Туырлықтай қанатта,  
Туырлықтай сауыт мұз.  
Әттең сорлы, балақта,  
Шыңда болсаң, қауіпсіз.  

Сайқал ұйқы бөктеріп,
Самұрық құс өкінді.
Ашулы арлан кектеніп,
Келе жатқан секілді.

Өлген арлан желігіп,  
Жалмайтындай көрінді.  
Төс сүйегін кеміріп,  
Баурайтындай көрінді.  

Жорғалаған жандарды  
Жоғарыдан көргенде,
Талай рет таңданды,
Қапы қалған шерменде.

“Қанаты жоқ бейбақтар  
Күнелтеді қалай”, - деп.  
Мазақ етіп кей уақта,  
Шошытатын талай кеп.  

Қанатсыздың барлығын,
Қауқарсызға балайтын.
Жорғалаған жандыны,
Жемтігім деп қарайтын.

Көкте самғап өткен ер,  
Отыр жерде, құр кеуде.  
Қорек болса көкте егер,  
Қонбас еді бұл жерге.  

Құлақтанып шықты Күн,
Құз жотасына өрмелеп.
Құдіреті мықтының,
Құрт үзілді жерге кеп.

Қара орманға текшеден  
Қайта оралды киіктер.  
Қапсыра кеп бекседен  
Халің келсе, тиіп көр.  

Шаңқ-шаңқ етіп долдана,
Шырқау шыңға бір атыл.
Қайта төмен сорғала,
Халің келсе, сұрапыл.

Қайраттанып хас қыран,  
Қайта-қайта қарманды.
Мұз сауыттың астынан,  
Шолып отыр бар маңды.  

Аспан ашық кірбеңнен,
Аспаннан бұлт тарқапты.
Салаң етіп бір белден,
Шыға келді салт атты.

Қырға шығып делдиіп,  
Шолды дағы бар маңды.  
Таста отырған ербиіп,  
Мұзбалақты аңғарды.  

Бұрылды да бүйірден,
Қиялады бөктерді.
Мұздан сауыт киінген,
Мұзбалаққа дөп келді.

Тасқа орнатқан мүсіндей,  
Мұздан сауыт жамылып;   
Кішігірім кісідей,
Отыр екен самұрық.  

Шатынайды сынғалы,
Балақтары батпандай;
Қара тасты тырнағы  
Жарып бара жатқандай.

Қалқан төсі далиып,  
Қанатынан күш алмай;  
Шойын топшы ақиық,  
Шоңқайыпты ұша алмай.  

Кебін етіп үстіне,
Киініпті ақша қар.
Шоршып тастан түсті де,  
Шоршаңдады бәтшағар.

Қалай күнін өткерер,
Қос аяқпен өрмелеп?  
Қорек болса көкте егер,  
Қонбас еді жерге кеп.  

Олжа келсе алдына,
Адам тағат қылар ма,
Аткөрпесін алды да,
Жаба қойды қырапға.

Қайта қонып атына,  
Тарта берді ақырын.  
Қалғып кетіп қапыда,  
Қолға түсті пақырың.

         * * *
Тұғырында жем берді,
Тұтқын бірақ татпады.
Аш өлуді жөн көрді,
Қыран атын сақтады.

Мынау тегін несіптен,
Бір шоқып та жемеді.  
Көздей ғана тесіктен,  
Көкке қарай береді.

Түгеп болып тағағын,
Бір сәт қалғып, қылжиып;  
Туырлықтай қанатын  
Бір созады, бір жиып.

Ұша алмайды серпіле,  
Жалғыз томар - жайлауы.  
Жібермейді еркіне  
Балақтағы байлауы.

Қан ағызған кезімен,
Қош айтысқан саусақтар.
Ауық-ауық көзінен  
Аунап түсті моншақтар.

“Босат, балам, қыранды.  
Босағаңда қатырма.
Құс қой сорлы тұмарлы,  
Бостандық бер пақырға.  

Қанаттыны ұстар кім,
Қанаттыны қамама.
Қасиетті құстардың,
Қасиетін бағала!

Бар обалын жамылып,  
Балам, қайтіп көктерсің. 
Көкті кезген самұрық, 
Көкте жүріп, көкте өлсін”,  

Әйдік ұпы көнбеді,
Айтқанымен жүз қабат.
Ақжем болып шеңгелі,
Абақтыда Мұзбалақ.

Мекені боп мәңгі - жер,   
Енді күні қараң ғой.  
Әлсіздерді әлділер  
Тұтқындаған жаман ғой...

* * * * * * * * * * * * * * * *

РАЙЫМБЕК! РАЙЫМБЕК!
                      І
«Қара таудың басынан көш келеді».
Қара жорға шайқалып, бос келеді.
Қара күнді жамылып, қара қазақ     
Қара түнді басынан кешкен еді.
Қара қайғы көрсетпей ештеңені,
Қара жауы қанатын кескен еді.
Шұлғау бөлып қыздардың кестелері,
Талай қара шаңырақ өшкен еді.
«Қара таудың басынан көш келеді!!!»

 Қара жұртта бықсыған шала қалған,
Аналардан ес кеткен, балалардан.
 
Тал да таппай қармауға жағалаудан,
Ақыл қашқан адыра бабалардан.
Қандай қарғыс атты екен қайран елді?!   
Қайда барып тығылар паналауға?!
 
Қайда барып, қалжырап жатыр екен?!   
Қандай сордын сортаңын татар екен?!
Көр болса да болса екен қазақ жері,
Қазақ жері болғасын — Атамекен.
 
...Көш келеді, боздатып боз даланы,
Көз ұшында боз сағым қозғалады.  
Әлдекімнің естілсе созған әні,
Әлдекімдер аңырап жоқтау айтса,
Әр кеудеде бір шемен қозданады  
Әр қазақтың естіліп боздағаны.
 
«Қауқары жоқ қайран жұрт, қайран халық,   
Сайран салып жатушы ең, жайлау барып.   
Опат болып, ақ ордаң ойранданып,
Қара жауың әкеліп қара қайғы,
Тас уатты-ау төбеңе тайраң қағып.   
Аңырауды доғарып, аттан қазақ!
Алты жасар ұлынды майданға алып».
 
Шұбатылған шаң көріп алыстағы,
Қабай жырау жар сала дауыстады:
— Жау келеді, жұртым-ау, жау келеді!   
Жаудан қалған жемтікке жабысқалы,   
Тағдырынды біржола тауысқалы...
Сап түзеді қажыған нар боздақтар,
Қара жаумен қайтадан алысқалы,
Қайта қозып қазактың намыстары.
 
Қайта шулап, жамырап қатын-бала,
Қанға шөлдеп, қанырсып жатыр дала.  
Қайта жауып, жай оты шатырлаған,
Қайта төнген тамұқтын сотын қара.
Қара жауы қайтадан лап қойды,
Кезек бермей пақырға, батырға да.
Қазақ қанын сылқытып жатыр дала...
 
Қиқулаған қалың қол, кұйын дерсің,   
Қайтып оған шағын жұрт тыйым берсін,  
Тозған жұртты топырлап, тапап кетті,   
Қатыгез жау қайсыбір бұйым көрсін.
 
Боздақтардың желкесін шайнап кетті,   
Қалған малды қайтадан айдап кетті,  
Қанжығаға байланған қыз-келіншек,  
Бозторғайы шырылдап, сайрап кетті.
Хас батырдың көзі еді қара жорға,
Қара жаудың астында ойнап кетті.
 
(Кім айдаса, соныкі түздің малы)
Қара жауға катын боп қыздын бәрі,
Әр өлікке жалп беріп, қонып жатыр,  
Даланың түндік қанат құзғындары.
Тұяқ та жоқ тігерге дым қалмаған,
Жау жалмаған, жабысып, құм жалмаған,  
Сырлар бар-ау қойнында, туған далам,   
Ақтарылған қанынан қазағыңның, 
Құзғыны да құдайдың құр қалмаған.   
Сенде ме?..
Сенде сұмдық сыр бар, далам...
 
Қан сасыған далаға қарайды да,
Қуған боп жүр құзғынды Қабай жырау:
-     Пәруәрдігер, неғылған сұмдык еді!   
Өңім бе, әлде түсім бе, қалай мынау?!
 
Боздақтардың даланы бояп қаны, 
Құзғындар да әнеки тояттады...
Өңім болса, тәңірім, тарт жанымды,  
Түсім болса, ұйқыңнан оятпағын?   
Оятпағын, мәңгілік оятпағын?!
 
О, тәнірім!
Неғылған шаққа айналды?!
Бір өзіңе жалынып, жақ байланды,
Түнің тұтып, ақ таңың атпай қалды,
Не қылығы жұртымнын жақпай қалды?!   
Көлім кеуіп, өзенім ақпай қалды,
О, тәңірім!
Неғылған шаққа айналды?!
 
Қаусаттың-ау іргемді қара жауым,
Қан боп ақсын басыңа қара жауын!   
Қатын, қызың күң болып әр есікте,
Құл боп өтсін мәңгілік балаларың!
 
Ордаң опат, айырыл елдігіңнен,   
Босамасын басың бір шерлі күннен.   
Тоз-тоз болып ұрпағың әр қиянда,  
Билігіңнен айырыл, тендігіңнен!
 
...Байқап еді өліктің қозғап бәрін,
Бәрі де өлік, бірі де сөз қатпады.
Қабай жырау басы ауған жаққа кетті,   
Құзғындарға қалдырып боздақтарын!...
 
Кете барған, артына бұрылмаған,
Аят оқып, ішінен сыбырлаған.
Қозы көш жер қырғыннан ұзағанда,  
Құлын-дауыс естілді шырылдаған.
 
Аппақ нұрын жинап ап, тауға келіп,
Күн де батып барады қанға бөгіп,
—О, жасаған, кімдікі әлгі дауыс.
Тірілді ме артымда қалған өлік!?
 
Жетім қалған құлындай құлдыраған,
Көз ұшында бір қара бұлдыраған.
Тағат етіп тұруға дәрмен қайда, 
Аттың,басын сол жақка бұрды баба.
...Есі кеткен алдында тұрды бала.
 
Ат үстінен баланы алдына алып,
Бір алданыш тапқандай шал жұбанып. 
Қырғын көрген қызыл Күн қырдан асты,  
Қызыл-күрең қанына тауды малып.
 
-     Сен ғанасың, құлыным, сен ғанасың,  
Мен де көпке бармаспын, сен қаласың.  
Ойран болған ордаңның орнына кеп,  
Отау тігіп, оттарын сен жағасың!
                        II
Дала жатыр.
Сағымы ширатыла,
Бара жатыр қырына, бұйратына.
Екі жетім, бұлақтың басындағы
Әулиенің бұрылды зиратына.
 
Бастарына іс түскен шақты ойлаған,  
Ағашыңа пәнделер ақ байлаған.  
Құлан жортса құтылмас құла-дала  
Құлазыған, иесіз жатты айнала.
 
Керуен жол қасынан кесіп өткен,
Осы жерді әулие бесік еткен.  
Мұсылмандар ғибрат етуші еді,  
Мұндар-тірлік мұқалтып, ескі кеткен.
 
Әулиенің бас иіп мекеніне,  
Мұсылмандық парызын өтеді де,  
Қабай жырау қайтадан еріп кетті,  
Қажап тұрған ойынын жетегіне.
 
«Жайлауымды жау алып,
Өрісімді өрт алып,
Өзегімді дерт алып,-  
Келдім саған, әулие!
 
Боздақтарым жоғалып,
Боз кебінге оранып,
Мандайымнан сор ағып,
Келіп тұрмын, әулие!
 
Қыздарымды қатын ғып,  
Шаңырағымды отын ғып.
Отауымды топыр ғып,
Отанымды қоқыр ғып,
Ойран етті, әулие!
 
Қан сасыған даламның,
Қатын менен баламның,
Кегін қайтып алармын?
Жебеп жібер, әулие?!
 
Елінің есін кіргізер,
Жерінен малын өргізер,
Жауына зауал төнгізер,
Қырықпышақ хандарды,
Қылығына көнгізер,
Дегеніне сенгізер,
Сөңынан жұртын ергізер,
Бар қазақтан — бір қазақ   
Тумас па екен, әулие?!
 
 
Көкірегім күркілдеп,   
Көзімнің асты көлкілдеп,   
Ақ сақалым желпілдеп,   
Кәрі басым селкілдеп,
Бас ауған жаққа барамын.   
Іздесем кімді табамын?  
Бағыт сілте, әулие?!
 
Айтса тілін алдырған.   
Алмастан оғын жондырған. 
Ата-қазақ баласын  
Алақанға қондырған.
Бар қазақтан — бір қазақ,   
Табар ма екем, әулие?»

                    * * *
— Армысың, Ата!
— Бар бол, балам, аман ба?
— Жолыңыз болсын?
— Жолдың несін сұрайсың, мына соқыр заманда.
Қайда барса, Қорқыт көрі қазулы тұр адамға.
 
Елде жүрген ескі аңызды,
Естіп пе едін, карағым?
Мына біздің ғаріп жағдай еске соны салады.
 
Сыңар қанат екі құс жаралыпты жалғанда,   
Бір-біріне жабысып алады екен самғарда.
Құдірет деп екеуі зарлайды екен толассыз,   
Бірінің — оң, бірінін — сол қанаты болғанда.
 
Құдіреттің құсы деп аталыпты екеуі,
Қайда екені белгісіз жері, суы — мекені.
Сыңар қанат құстардың сыңайымыз, қарағым,   
Тағдырымыз, білмейміз, қайда бастап кетеді...
 
Жерімізді жау алып, елімізді қырды ғой,   
Қанатымыз қайрылып, топшысынан сынды ғой.   
Ата-қазақ бір-бірін арашалай алмай-ақ,
Алауыз боп өзді-өзі құдай бізді ұрды ғой.
 
Қара жаумен іргелес ел едіндер, қарағым,
Ойран болып сендер де, бұзылды ма қамалын?   
Мынау азған заманда, амал нешік, бұл қазақ,   
Білуден де қалды ғой бір-бірінің хабарын.
 
Суырдайын күн кешіп әркім ойлап өз басын,  
Тұлпарларды тұқыртып, тұғырлары озғасын,  
Бүйрегіндей сиырдың бөлшектенген бұл қазақ,  
Құмалақтай бытырап, қалай ғана тозбасын.
 
-     Ата, біздің өлкені қара жаулар шаппады,  
Жауларына біздің ел сәйгүлігін баптады.
Қойын сойып, қолдарын қусырды да, сорлылар,  
Аяғына бас ұрды, бірі садақ тартпады.
Тартпаған соң олар да әуреленіп жатпады,  
Алдыдағы аларын, белімізден аттады.
 
Батыр емес, қария, қатындар бар бұл елде,
Беруге әзір барлығын билігі асқан біреуге.  
Батырлар жоқ бұл елде, қатындар бар бұл елде,  
Әркім қара басының амандығын тілеуде.
 
-     Жамандама жұртынды, жамандасаң, болмассың?
-     Қатындардын ішінде өзім-дағы оңбаспын.
«Үні шықпас жалғыздың, шаңы шықпас жаяудың»  
Мен де қатын болармын, сірә, батыр болмаспын.
 
-     Нешедесің?
Кімнің сен тұқымысың, құлыным?
-     Хангелдіден тараған бір тұғырдың ұлымын,
Мал соңына сап қойды, ұстатты да құрығын,
 Жылқы жады әкеме жақпай қалып қылығым.
 
Жылым барыс, мінеки, асып барам он үштен,  
Қатын алып берем деп, әке-шешем келіскен.  
Адамынан айттырған ат-тонымды ап қашып,
Қатынды өзім табам деп, әкемменен керіскем.
 
-     Осыншама ақылды кімнен, балам, үйрендің?
-     Ішіндегі шалдардан, анау қараша үйлердің,
Бірін төре, бірін би етсем деген ойым бар,
Бабам қолдап, бір кезде маған билік тиген күн.
 
-     Қара жауың қайтадан шапса елінді не етер ең?
-     Хас батырын бауыздап, қанын судай етер ем.  
Қатын болып күн кешіп жүргеннен де, қырқысып,   
Қылша мойным талша боп, қанжығада кетер ем!
 
-     Өзің бала болсаң да, сөзің дана, отты екен,
Ақ күн тусын алдыңнан, басқа айтарым жоқ бөтен.
Қалдым сенің ығында, мынау екі ғаріпке,
Барар жер мен басар тау, басқа пана жоқ мекен...
                                  III
— Қарадай жерге қаратып кетті-ау, қағынды  
Уатып кетті-ау, уатып кетті-ау тауымды!
— Қарадай неге түңіле қалдың, байғұс-ау,  
Басында үйің, бауырында қазан, нағылды?
 
— Неғылушы еді!
Күшігің жерге қаратты!
Күлкі етіп мені күшігендерге талатты.
— Түңіле бермей, туралап айтшы мән-жайын,  
Білейін мен де, естиін мен де, андайын?..
 
— Білесің әлі, атаңның басын андайсың?
Ұл емес, маған, жын таптың десем нанбайсың.
Ер орнына екесті ұлды туғанша,
Белгілі неге бедеу боп, қубас қалмайсың?
 
...Шағылып тауы, құлазып көңіл мекені,
Түкенің астан оралған осы беті еді.
Бәйгеде болған ұлының әбес қылығын  
Ойласа болды, өрт қарып ішін өтеді.
 
Намыстан өліп кетердей, міне, үзіліп,
Өкпесі кеуіп, қуарып, өңі бұзылып.
Малдасын құрып жұдырығымен жер тіреп,  
Бейкүнә, момын бәйбішені отыр қыжырып.
 
...Жатаған келген Түкенің жалдас күреңі,
Дүйім ел білген дүлдүлдің нағыз бірі еді.
Кешегі аста бәйгеге қосып жүйрігін,
Келерін біліп, кауіпсіз, бейкам тұр еді.
 
Көз ұшындағы көлденең жатқан қырқадан,  
Көрінген кенет бәйгенің шаңы бұрқаған.
Ию да қию ұрандап тұрған рулы ел,
Жамырай тілеп, жақындай түсіп бір табан.
 
Тұяқпен турап, көлденең жатқан көк белді,  
Кермені үзіп, сәйгүліктер де жеткен-ді.
Көре алмай Түке баласы менен күреңін,
Көзінің алды көлеңке тартып кеткен-ді.
 
Озғанды қауым қаумалап-қиіп жатқан-ды,   
Қалғандар кейін, озғандар гулеп, мақтанды.   
Шорт сынған сағы, шошайып жалғыз Түке тұр,   
Күнірентіп жүрген күрен ат қайда мақтаулы?!
 
Желпіне барып, желігін жұрт та басқан-ды;  
Оқыс бір ғажап оқиға сонда басталды.
Жалғыз бір қара жұлдыздай ағып келеді,   
Караңғы түнде қақ жарып тілген аспанды.
 
Қу даладағы құйын ба дерсің, ойнаған,
Қыран ба дерсің, қылт еткен кұсты қоймаған.  
Өз атын өзі ұрандап бала келеді,
Қамшы сабына жейдесін ту ғып байлаған.
 
Жайына қалып, өлі аруақ пенен тірі аруақ,  
Келеді бала, есімін өзі ұрандап.
Тірілер шошып, жағасын ұстап, тұр аулақ,  
Өлгендер керде, түскен де болар бір аунап  
Келеді қыршын есімін өзі ұрандап.
 
Доғара қойып, ойын мен дырду, сауықты,
Бір сәтке қауым ішінен тына қалыпты.
Он үшке толған Түкенің ұлы Райымбек,  
Албанға алғаш өсітіп өзін танытты.
 
Күрең ат тарпып, қара темірді шайнаған,  
Қыбыр да жыбыр, күбір де сыбыр айнала.  
...Асасын ұстап, Әлмерек дейтін би келді.
-     Жеті бабасын жерге қаратқан қай бала?!
 
Е-е-е, Түкенің ұлы — түлейдің ұлы сен бе едің?  
Осы болған ғой түлей әкеңнен көргенің.   
Саскөкектей. Өз атынды өзің ұрандап...   
Сырымбет пенен Хангелді сенен кем бе еді?!
 
Жетесіз туған, ант ұрып кеткір зәнталақ! —  
Булығып тұрды, баланың көзі қанталап.   
Қоқилана келіп, басына қамшы үйірді,   
Ақсақалдар да, көксақалдар да анталап.
 
—Оу, ағайындар!
Жәбірлемендер баланы,
Жәбірлейтіндей қайсыңа тиді залалы?!
Бұл да бір асау, құрық көрмеген құлын ғөй,  
Желісін үзіп, сендерден қайда барады.
 
Бара да қоймас, ұзай да қоймас сендерден,  
Сендермен бірге тағдырын тәңір тең бөлген.  
Өз атын өзі ұрандағанның несі айып?
Аузына салып, періште шығар дем берген.
 
Жауына шапса өз атын өзі ұрандап,
Қолдамас па еді өлі аруақ түгіл тірі аруақ.
Есі бар тентек есейе келе ер болар,
Ерік беріндер, неғыласындар бұғаулап...
 
Қарсы алдындағы қалқан боп тұрған Қабайды,  
Қаршадай бала сүйеніш бәлкім санайды.  
Санайды-дағы қауымға тіке қарайды.
Жүрегін жеген сөзін айтпақ боп талайғы.
 
Күреңіменен атылып шетке шықты да, 
Айғайлап тұрып, анықтап, нақ-нақ, ұқтыра:
—Дәрменсіз сорлы кедей-кепшікті бұктыра,  
Күшік тазыдай жылмандайсындар мықтыға!   
Ата жауларың аркаңа бәлем, шықты ма,  
Әкелеріңнің көріне, бәлем, тықты ма!
 
Қызынды сатып, қымызға мас боп жатындар,  
Халықпысындар?!
Қазан андыған қатындар!
Қорқау қасқырдай бірісін-бірі талаған,  
Бірісін-бірі тонаған, тозған пақырлар! —
 
Деді де, бала күреңіменен самғады,
Өз атын өзі ұрандауынан танбады.
Тетір де бөлса, тентек баланың аруағы  
Шашылып жатқан ауылды тегіс шарлады.
 
...Кешегі аста Әлмерек бидің сөккені,
Түкенің мүлде есінен бір сәт кетпеді.
Теріс айналып, шөкті де қалды шал байғұс,  
Талақ етті де бүгіні менен өткенін...
 
Түке өлген.
Он сегізде Райымбек,
Жүрген жоқ әке елді деп, уайым жеп.
Тіріге тізе бүгіп, бас имеген,
Тізесін бүктірмесе құдайы кеп.
 
Білігі, бітімі де бөтен екен,
Бар күні мал соңында өтеді екен.
Ерін — жастық, тоқымын төсеніш етіп,  
Белін шешпей, қисая кетеді екен.
 
Ел арасы дау-шарға араласпай,
Лоқ беріп, ағайынмен жағаласпай, 
Қайсар болып, қатты боп өсті жігіт,  
Қатыгез құмға біткен қарағаштай.
 
Қанағат қып әкеден қалған малды,  
Бәленнен ассам деп те қамданбады.  
Бозбасы сауыққа да алданбады,   
Бойында болсам деген қалды арманы.
 
Қалқалап, қадір тұтып естілерді,  
Талайды түйді жігіт, өсті, көрді.  
Қазақтарды жау шауып жатыр деген,  
Үзік-үзік хабарды естіген-ді.
 
Ойлап тұрса, сол жауы іргесінде,  
Ойлап тұрса, сол жаудың түрмесінде  
«Айламен алдарқатып кеткен дұшпан,  
Кім кепіл қайта шауып кірмесіне?!»
 
Қиын екен өмірдің сұраулары,  
Ойланды балаң-жігіт, біле алмады.  
«Белінен дұшпан аттап баратқанда,  
Біздің ел неге қарсы тұра алмады?!
 
Қайда жүр баяғыңның батырлары?
Бас қөйып, неге ұранын шақырмады?!  
Жігер тайып жігітгің жетесінен,  
Сарқылды ма қарттардың ақылдары?!  
Неге бірі садақ боп атылмады?!
 
Қойын сойып, қолдарын қусырды да,  
Дұшпандарын жіберді ту сыртына.  
Қақпа бөла алмаған қайран елге,  
Қауқары жоқ күндерің құрысын мына!
 
Әзірге аман тұрғанға малы-басың,  
Сауық пенен сайранға салынасың.  
Қазақ жылап жатыр ғой, казақ жылап,  
Неменеңе жетісіп, қағынасың?!
 
Қайта шапқан жауынды танығасын,  
Құдайыңа шынымен табынасың,
Атамекен, жұртынды сағынасың.
Бұралқы боп, жат жерде зарығасың.
 
Құланынды бауыздар желіге айдап.  
Құраныңның өртенер соры кайнап,
Қайда барсан Қорқыттың кері болып,  
Қонысыңнан ауарсың «Елімайлап».
 
Қайтсем екен?
Аттан! — деп ағайынға,
Құрбандыққа басымды шалайын ба?!  
Қабай жырау қайда екен, не дер екен?! 
Ақыл сұрап көрейін барайын да».
 
—Ар ма, ата!
Арнай келдім, батанды бер?
Қасыма баланды қос, қатар жүрер?
Жол сілте, ақылынды айт, қысылғанда  
Аятым болсын менің атап жүрер.
 
Сырымбет әулетінен таралғамын,  
Хангелді қасиетінен нәр алғанмын.  
Әкемдей малжанды боп, өріс күйттеп,  
Жарамас жабағы үйде қамалғаным,  
Жанымды тұншықтырған бар арманым.
 
—Айт, балам,
Арманыңды айт, жасқанбағын,
Көріп тұрмын, көзіңнен шашқан жалын.  
Не айтам саған, көл едім, көлшік болдым, 
Көзі бітіп, суалған бастауларым.  
Тындайын, арманынды айт, жасқанбағын.
 
—Кенедейден көзімді ашқан жауым,
Еске түсіп, бойымды басқанға мұң,
Деген ой «жастығымды ала жатсам», —  
Жоқтұғын менің мүлде басқа арманым.  
«Арманда, балам, арманда,
Арманға толы жалғанда,
Армансыз, сірә, жан бар ма?
Армансыз жүрген жандарға  
Алданбас, балам, алданба!
Арманда, балам, арманда,
Қапелімде, жауларда,
Ақырғы демің қалғанда,
Айырылып естен танғанда, 
Ақырғы рет қарман да,  
Арманда, балам, арманда!
 
Ақылымнан танғанда,  
Азуымнан шалғанда,
Кәрі қойдың жасындай,
Аз ғұмырым қалғанда, 
Нендей ақыл айтармын?!
Ата жауың қалмақ-ты,  
Ел-жұртынды зарлатты.
Ата-қазақ ұрпағын 
Аяқ асты қорлапты,  
Аспанынды торлапты,  
Жазиранды шандапты,  
Жазықсыз елді қандапты.
 
Жалғыз қайда барарсың?  
Жауынды қалай табарсың?  
Ауызданбаған арланым,  
Абайсызда шабарсың,  
Айлалы жаудың алдында 
Тұзаққа түсіп қаларсың!
 
Соңыңнан жұртың ермесе,  
Қолының ұшын бермесе, 
Дегеніңе көнбесе,  
Ауызданбаған арланым,  
Жауыңа жалғыз бармағын,  
Қиылып қалар арманың!  
Халқыңа хабар арнағын,  
Аужалын түйіп, андаған,  
Кекке соққан қанжарым,  
Кемтіліп жүзің қалмағын,  
Жауыңа жалғыз бармағын!
 
Беліңнен бір-ақ аттаған,  
Берекенді таптаған,
Қулығын ішке сақтаған,  
Құмырсқадай қаптаған,  
Жауыңа жөнсіз ұрынбай, 
Ұрымтал жерден шап, балам!
 
Жауыңның күшін андамай,  
Бетпе-бет ұрыс салмағай!
Ол көп-тағы, сен азсың,  
Опық жеп, балам, қалмағай,  
Алды-артынды барламай,  
Орынсыз іске бармағай!
 
Тұтқиылдан лап беріп,  
Томаға-тұйық шап келіп.  
Жауыңның есі кіргенше, 
Қара түнді қақ бөліп,
Ізінді жасыр жалт беріп.
 
Алды-артынды аңғармай,  
Айқаспай тұрып қорғанбай, 
Қолайлы жерде қамданбай,  
Ашкөзденіп, мерт болма,  
Қораға түскен арландай!
 
Шабарынды білдірме,  
Шаужайыңнан ілдірме!  
Жекпе-жек күтіп, ділгірме!  
Жер қайысқан жауынды  
Жеңемін деме бір күнде!
 
Көзсіздік іске татыр ма?  
Айласыз батыр батыр ма?!  
Отырып қалар тақырға.  
Күндіз ұйықтап, түнде жорт.  
Қарасын күннін батыр да, —  
Кегінді қайра ақылға,  
Жалғыз жортып, шатылма  
Аттанып жар сал, ер ұлым,  
Ел-жұртынды шақыр да.  
Дүние — қоңыз, енші бер,  
Соңыңнан ерген пақырға».

                  * * *
 Бидің үйі,
Іленің жағасында.
Жақсы менен жайсаңның бәрі осында  
Қарасақал, ақсақал — алқалы топ,  
Алдына алып бір істі қарасуда,
Бірі көнсе, біреуі таласуда.
 
Бірі олай тартады, бірі былай,
Бірі өзінше патша, бірі құдай,
Бір сәтте ұйып, бір сәтте іруін-ай,  
Қазекемнің осы бір ырымын-ай.
 
Бірі әріден, білгенсіп, мысалдайды,  
Бірі өзінше түңіліп, құшар қайғы.
Жүз лоқсып, жүректе запыранын,
Бірі іштен тынады, құса алмайды.
 
Бидің бағып біреуі қас-қабағын,
Бұлқ етуден бишара жасқанады.
Бірде бәрі жабылып біреуіне,
Жемтік көрген бөрідей бас салады.
 
Екі ортаны біреулер андасады,
Жең ұшынан жеңгенмен жалғасады.  
Бидің ығын қалайша табамыз деп,  
Бір-бірімен жыланша арбасады.
 
Ұйқылы-ояу би өтыр данасынып,
Қақ төріне қауымның дара шығып.
 ...Би билігін күтуде Райымбек,
Алып ұшып, жүрегі аласұрып.
 
Би дауысын бір сәтте кенеді де,
(Жұрт назарын аударсын дегені ме?!)  
Қарт жырауға қаһарын атты келіп:  
«Ылаң, дүбір саласың неге еліме?!
 
Атыспай да шабыспай тірлік құрып,  
Тыныш жатқан жұртымды дүрліктіріп,  
Арандатпай, жәйіңе жүрсең еді,
Иман сұрай алладан, кұлдық қылып.
 
Тіршілікке тірек қып дін-арманын,  
Жақсылығын күтуші ек бір алланың.  
Кедей менен кепшікті айдап салып,  
Келдің-дағы сен, бейбақ, ыландадың!
 
Бас білмейтін байғұсты еліктіріп,  
Қолтығына су бүркіп, желіктіріп...  
Амал қанша, ұялам сақалыңнан,
Таспа алар ем жоныңнан керіп тұрып!
 
Бет алыпсың, халайық, бұрылмасқа,  
Қалауынды қақым жоқ ұғынбасқа.
Бір шартым бар «батырға» қоятұғын,  
Жамыраспа, бет алды шуылдаспа.
 
Басын тартпас, «батыр» ғой несі кетсін,  
Басын тартса, сөз басқа, есі кетсін.
Топ ішінен тандаған атын мініп,
Мына жатқан Ілені кесіп өтсін!
 
Кесіп өтсін, қайтадан оралсын да,  
Дуылдасқан дау-шарды доғарсын да,
Ақ күн тусын алдынан, тарта берсін,  
Тандап-тандап елінен қол алсын да.
 
Шартым - осы!
Осыған шыдайсың ба?
Шыдамасаң тынасың, құлайсың да.  
Болсаң сосын боларсың, қол бастарсың,  
Алдыменен бағыңды сынайсың да.  
Шыдайсың ба?
Бағынды сынайсың ба?..
 
Оны да біл, құнын жоқ суға кетсең,  
Күнәлі өзің, жанынды құрбан етсең! 
Қайда жүрсең аманат бір құдайға,  
Аман-есен өсынау сыннан өтсең».
 
«Болса болсын, тәуекел, шыдап бағам,  
Болашағым белгісіз сұрақ маған,
Олсем өлдім, өзіме өз өбалым,
Ахиреттен орнымды бір-ақ табам.
 
Қайда барсаң, бәрібір, кірерің кер,  
Қабылдайды қойынына түнеріп жер.  
Қапталына түсіріп күреңімнің,
Қамыс артып, жігіттер, жіберіндер?»
 
Жарлы менен жақыбай намысты ойлап,  
Артып берді екі тең қамыс байлап.
Тілсіз жауға тірексіз тура тартса,
Жылым жұтып, жігіттің бағы ұшпай ма?
 
Райымбек мінді де күреңіне,
Келді өзенге, жетпек боп тілегіне,  
Шым-шым қайнап, ширыға шұбатылған,  
Тылсым дүлей алдында — Іле міне.
 
Оңтайлау жер осы-ау деп өтпек елі,  
Осқырынып күреңі беттемеді.
Жағада жұрт, жаны ашып, жамырасып,
— Қайтсаңшы, өлесің ғой текке, — деді.
 
Тұрғанда ашу, намыс, сезім арбап,
Тоқтасын ба, қауымның сөзін аңдап,
Қамшы басып күреңғе суға атылды,
Өз есімін айқайлап, өзі ұрандап.
 
Кәрі мен жас ұстасып жағаларын,  
Жамырайды, білмейді не боларын.
— Кеш, аруақ, — деп, — тентекті, жалыпады.  
Жаудырады иманын, тобаларын.
 
Артқан қамыс тірліктің белгісі боп,
Демеу жасап, жылымға бергісі жоқ.
Ақ айдыннан екі бас көрінеді,
Адамның да, аттың да өлгісі жоқ.
Күрең жүзіп барады өлгісі жоқ.
 
Жұрт назары — осынау ақ айдында,
Екі басқа еміне қарайды да,
Аруақтарды көрінен шақырады,
Талай аят өқылып, талай дұға.
 
Күрең менен жігіттің бағын ойлап,  
Жалынады жағалау «а, құдайлап».
Екі басты қақпақыл қағып алып,
Әлдеқайда барады ағын айдап.
 
Ағынменен күрең ат жалдап кетті.
— Кетті!
— Өлді! — жағалау зарлап кетті.
Бір кісінеп жануар жіберді де,
Ағын айдап, есен-сау ар жаққа өтті.
 
— Дауасы жоқ жан екен, оты жанған,  
Ілесіндер осыған оты барлар!
Су жол берген батырға мен жол бермей.  
Қамауда ұстап қыранды отыра алман.
 
Барындар, әкеліндер салға салып,
Сынайын сырттанынды жауға салып.  
Қияннан құйылып кеп, қиратсын бір,  
Қатарын бөрілердің қан жоса ғып.
 
Дауасы жоқ жан екен жаратылған,  
Тұлпар екен тұғырдан дара туған.  
Қамауда ұстап қыранды отыра алман, 
Ұшсын, кетсін жай атып қанатынан.
 
Хангелдінің сауытын кигізіндер,  
Қыннан алып, қылышын сүйгізіндер.  
Сырымбеттің туының алдына әкеп,  
Тәубе еткізіп, басын да игізіндер.
 
Шауламаған шабыты бала қыран,  
Балалықпен қапыда қалары бар.  
Баптап өзін, батырды қалауына ал,
Бас болғайсың балаға, дана-жырау.
 
Қашаннан би кесімі бір кесулі,  
Көнсең де, көнбесен де үйлесімді.  
Білгеніңнен жаңылтып бидің десі,  
Білдіретін кезі ғой білмесінді.
 
Би кесті.
Қара халық қабылдады,
Қару алып, қол жимақ қабырғалы.  
Жорыққа әзірленіп жатты қауым,  
Қасынан Райымбек табылғалы.
 
Ақтабан шұбырынды.
Ақтабан шұбырынды...
Қадарсың қайда барып тұғырынды?!  
Қазақ жері — алып бір қара қазан,  
Қазанда қайран жұртым қуырылды.
 
Ақтабан шұбырынды.
Қарғаған кім болды екен ғұмырынды?  
Жортпай тұрып, үйрендің жығылуды,  
Шаппай тұрып, үйрендін тығылуды.
 
Ақтабан шұбырынды,
Ақ туың жығылулы.
Олақ қатын тоқыған алашадай,  
Өрмегіңнің арқауы суырылды.
 
Жәннатынды жамсатып жау орнады,  
Жатқаны анау өртеніп қара өрманың.  
Туырлығы туралып, тоқым болып,  
Қаңкасы тұр калқиып қара Орданың.
 
Ақтық байлап, табынып тал-қайыңға,
Өтті күнің, сор қатып мандайында.
Кетті қымыз жауыңның тандайында,  
Кетті қызын жауыңның борбайында.
 
Ақыныңа, серіңе, батырыңа,
Туысыңа қимаған, жақыныңа,
Тұяғымен ор қазған тұлпарларың,
Тулап кетті жауыңның тақымында.
Нәлет айтып, кеш кірген ақылыңа,
Ана сүтің аузыңа татыды ма?!
 
Ертіс, Есіл, Жайық, Жем, Сағызға бар,  
Бәрібір, пана болмас ауызға алар.
Бәрібір, монғол шапсын, жоңғар шапсын,  
Әйтеуір, қазақ алдымен бауыздалар.
 
Тобыл, Шу, Сыр мен Іле, Нұраға бар,  
Арнасында наласы жылап ағар.
Қандай жаудың болса да қарауылы -  
Қазақ байғұс.
Қалқайып тұра қалар.
 
Өзіңнің тұрмағасын уысында,
Өз жерің өзіңе жат, құрысын да!..
Жер шетімен шекараң шектелсе ғой.  
Жатса ғой алып мұхит шығысында.  
...Жалғанның жартысындай мынау өлкең,  
Кім білсін, сорың ба, әлде ырысың ба?!
 
Пайдаланып былығың-шылығынды,  
Жауың кеп, шырылдатты шыбынынды.  
Жау да, өзің де ластап тұнығынды,
Жаяу ұстап қолыңа құрығынды,
Қайда босып барасын, қайда, қайда?  
Ақтабан шұбырынды!
Ақтабан шұбырынды!!!
Актабан шұбырынды!!!
 
...Боса берген.
Артына қарамаған.
Өзіне жат өз жерін аралаған,
Тау қуысы, өзенді сағалаған.
Бірі барып құл болып Хиуаға,
Екіншісі орысты паналаған.
 
 * * * * * * * * * * * *
 

↑жоғарыға

 

Басты бет > Дәстүр > Тағам > Ұлттық Ойындар > ЖігіттіңҮшЖұрты > Қолөнер > Әндер > Ырым-Тыйым > Бата > Жұмбақ > М.Мақатаев > ШешендікСөздер > Ертегі > ТөртТүлік > Қазақтар > Абай > Кочевник