Махаббат туралы
Май - Махаббат. «Ат суара барғанда жылғаға мен...». «Ғашықпын!...». «Сенің көзің түпсіз терең тұңғиықтан жаралған....». «Қарғам-ау, кайдасың сен, жүрсің бе есен?...». «Көңілде ән, көгімдегі Күн көруші ем...». «Жамылып сағыныштың сал шекпенін...». Махаббат моласы. «Махаббат, Сенен келсін деуші едім ажалым...». Мен сені сағынғанда... Байқалмай өткен махаббат. Сүйген ерін... Сен. «Қилы тағдыр қарсы алдымда тұрғанда...». «..Махаббат па?...». З-ға. Маған ыстық. Махаббат диалогы.
Май - Махаббат.
Аспанда да, жерде де,
Айдын шалқар көлде де,
Жатқан сонау көлденең
Асқар-тауда, белде де
Ынтызарлық кернеген,
Махаббат жүр шөлдеген.
Май - Махаббат.
Жерге ғашык сұр аспан,
Жер де ғашык, жете алмай,
Екі ғашык жыласқан,
Қосылысып кете алмай,
Кедергіден өте алмай.
Май — Махаббат.
Адамдар да, андар да,
Шыбықтар да, талдар да,
Жәндіктер де, малдар да
Ғашық болып калған ба?!
Малынады арманға,
Махаббат жүр орманда,
Махаббат жүр тауларда.
Бірін-бірі іздеген
Ғашықтар жүр жалғанда.
Жеңгетай Май жел беріп,
Желпінтеді бәрін де —
Кәрісін де, жасын да...
Махаббатқа зәру ме
Мына дүние, расында?!
Май — Махаббат.
Жайнасын
Араша боп ар, мұңға!
Ей, ғашықтар, қайдасың?
Махаббатың бар мұнда.
Тағзым ет те, и басың
Май айының алдында.
Жүректерге от тасып,
Май — Махаббат,
Бағала!
Бір-біріне боп ғашық
Өтсін біздің замана!
Өзді-өзімен оттасып,
Өшіккендер соттасып,
Мал боп кетсін, оттасын!
Махаббаттан садаға!
Май айынан садаға!
* * * * * * *
Ат суара барғанда жылғаға мен,
Ашаң жүзің ашылып, бір қарап ең.
Құлағында ай-сырғаң дір-дір етіп,
Енді үзіліп кетердей тұрған әрең.
Қимыл сайын майысып бос буының,
Асылып тұр арқаңа қос бұрымың.
Құла бесті құлағын тіге калды,
Қыз көрмеген мақұлық осқыруын!
Жақындатпай жаныңа үрікті кеп,
Тарпан неме тулап тұр бүлік тілеп,
Жолбарыстай атылып тізгінді алдың,
Жігіт жүрек кыз едің, жігіт жүрек.
Тарпаң неме тайсалды қуатыңнан,
Кұлай түстім қасыңа құла атымнан.
Ерге кондың.
Жөнелдің ен далаға,
Артында тек шаң қалды шұбатылған.
Кұла сайтан барады оқтай ағып,
Шыт көйлегің алаулап оттай жанып,
Әудем жерге жеткенде бұрылдың да,
Қол бұлғадың артыңа тоқтай қалып.
Кім болды екен жолынды торып жүрген?
Біреу барды қасыңа торы мінген.
Тентектердің өзімдей бірі ғой деп,
Әйтеуір жақсылыққа жорыдым мен.
Құйын боп қырға тарттың екеуің де,
Құла кетті торының жетегінде.
Құмды құшып, дәрменсіз қала бердім,
Қуатым жоқ еңсемді көтеруге.
Айналамда дүрлікті ауыл болып,
Адастырдың басына бағың қонып.
Кұйын болып жылғадан бастадың да,
Сардалада жоғалдың сағым болып.
Қидым саған құла аттың тұяқ күшін,
Қарғамаймын, демеймін ұяттысың.
Сағым болып алыстап кеткеніңмен,
Самал боп оралатын сияқтысың.
Серігіңмен сен асқан жұмбақ кырдан,
Жұмбак қырдан - жүрекке мұн қаптырған
Сағым жүрсе, телмірем сен екен деп,
Жете алмай орамалын бұлғап тұрған.
* * * * * * *
Ғашықпын!
Шын ғашықпын сол адамға!
Мен болмасам, болмайын. Сол аман ба!?
О, тәңірім! Неткен жан қайрылмайтын!
Жүрегі еттен бе, әлде қоладан ба?!
Ғашыкпын,
Қайтіп оны жасыра алам,
Бір алтын оның әр тал шашы маған.
Сағынайын, таусыла сағынайын,
Сағынышқа жаралған ғашык адам.
Шарықтап, қолым жетпес көкте Күнге,
Ақ канат құсым менің, кеткенің бе?
Шарқ ұрып бар ғаламды шыр айналып,
Мәңгілік сені іздеумен өткенім бе?
Сарғайған сағынышты басып толык,
Бар үміт, бар сенімді шашып болып,
Өтермін сірә да мен бұл өмірден,
Мәңгілік қалармын мен ғашык болып.
* * * * * * *
Сенің көзің түпсіз терең тұңғиықтан жаралған,
Сонда жатыр менде жүрген орындалмас бар арман.
Сенің жүзің көкте күннен, жерде гүлден нәр алған,
Шашың сенің — жан баспаған жапандағы қара орман.
Қас-кірпігін қарлығаштың қанатындай қап-қара,
Үлбіреген жүзің сенің ақ жібек пе, мақта ма?!
Әсем басың әп-әдемі, мүсініне шақ қана,
Шиедейін еріндерің қызарып тұр шоқтана.
Толықсыған тұла бойың шыбық па екен, тал ма екен,
Бейнең сенің баяу атқан жазғы шұғыла таң ба екен,
Күлкің сенің шашылған нұр, сөзің кәусар, бал ма екен,
Бұл ғаламда сенен артқан сірә, біреу бар ма екен!?
Бұл ғаламда сенен артқан жан бар деуге сенбеймін,
Сен солайсың, Ләйлім менің, сенбе маған, сен мейлің.
Бұл ғаламда сенен артқан бір жан болса егерде,
Өз көзімді өзім оям, оны мәңгі көрмеймін.
Зәмзәм суы сенен арзан, тата алмаған кәусарым,
Сенін әсем мүсінінді сөзбен қалай тауысамын?!
Мың Мәжнүн мендей, сірә, тебіренбеген шығар-ау,
Аппақ кұсым, кайдасын сен? Аңсадым-ау, аңсадым...
* * * * * * *
Қарғам-ау, кайдасың сен, жүрсің бе есен?
Хабар бер касиетімді білсін десен.
Зіл батпан көкірегім көтертпейді,
Демігіп әлсін-әлі күрсінбесем.
Енжарлық, көңілсіздік, езілемін,
Қалғандай қара жаяу сезінемін.
Егер де осы өмірде бақыт болса,
Сол бақыт менің үшін өзің едің.
Есімде ақырғы үн, ақырғы леп,
Ақ моншақ жанарыңнан атылды кеп.
Үндесерге тіл келмей, амал қанша,
Қош дедік алғашқы рет, ақырғы рет.
Қайдасын, хабарын жоқ, өтті уақыт,
Сан жылдар жігерімді кетті уатып.
Жетім құлын секілді көшке ілескен,
Сенімен кетті жастық, кетті бақыт.
* * * * * * *
Көңілде ән, көгімдегі Күн көруші ем,
Барғанда маған ылғи гүл беруші ең.
Жалт етіп жай отындай көкжиектен
Әттең-ай, маған енді бір көрінсең!
Кетер ем бұлтпен бірге араласып,
Көрер ем найзағаймен жағаласып.
Артыңнан ақша бұлт боп жүзер едім,
Көзіме бір көрінсең бала-ғашык.
Сандал тау, сайдан соққан самалым-ай!
Ой-санам құлайды кеп саған ұдай.
Әлдеқандай күн кешіп жүр екенсің,
Сүттен ақ, судан таза, адалым-ай!
Сап-сары сағынышпен жағаласып,
Жастық өмір басымнан барады асып.
Кезіме бір көрінші, тынайын мен,
Қайдасын, кайдасын сен, бала-ғашык!..
* * * * * * *
Жамылып сағыныштың сал шекпенін,
Сарғайып сенің үшін зар шеккемін.
Зарықтыр, о, тәңірім, жалықтырма?
Мәңгілік ғашықпын мен, ант еткемін!
Көзіме көрінбесең, көрінбе сен,
Күнім боп тұра бергін көгімде сен.
Өлді деп ойлай бергін сонда мені,
Бұлт болып шуағынды тұтып алып,
Нөсер боп селдетіп мен төгілмесем.
Көкке емес, жерге сонда құлайды арман,
Сел болып ағар, мүмкін, лайланған.
Сен сол кез кезбе бұлтқа бір қарап қой,
Сол — менмін көктің жүзін шыр айналған.
Білем саған жете алман, ғарыштасың,
Белгілі мәңгілікке табыспасым.
Дерт те емес, күйік те емес, жар да емессің,
Сен маған сағыныш боп жабысқасың.
Қайтсем екен сені ұстап қалу үшін?!
Сен маған шексіз дала сағымысың.
Мен өтермін, өтермін, өтермін мен,
Мәңгілік сен қаласың, сағынышым!!!
* * * * * * *
МАХАББАТ МОЛАСЫ
Аяқтап болып,
Махаббат дейтін сапарды,
Қозы мен Баян моласы, міне, атанды.
Қалауын қанша тапқаныменен, қара тас,
Кайырымсыз ата Қарабайдайын қатал-ды.
Басына бардым,
қасында тұрмын солардың,
(Қозыдай маңырап,
сүймеген, сірә, болармын...)
Егіз жүректі екіге бөліп мола тұр,
Тұмсығы үшкіл қанжарындай-ақ
Қодардың.
Төрт жанардың да
тауысып түгел көлдерін,
Төрт бұлақтарынан
төге де жүріп селдерін.
Ескерткіш етіп,
қос Ана тастап кеткен бе?!
Аялап жатқан Аякөз сынды белбеуін.
Жол түсіп, ұрпақ,
Таңсықка барсаң тегінде,
Бір соқпай кетпе
күмбезге сонау көрінген.
Қазақтың осынау
қасқайып тұрған төрінде,
Бабаларыңның
махаббаттары көмілген...
* * * * * * *
Махаббат,
Сенен келсін деуші едім ажалым,
Сүйе алмайды екем,
Тарқапты менің базарым.
Шаршапты көңіл,
Шаршатты бәрі, шаршатты,
Қош енді
Менін ажалым менен азабым!
Сергелдең болма,
Сен енді мені іздеме,
Іздеме қыста,
Іздеме көктем, күзде де,
Шәйі жамылғыш;
Шәлкездеу желпіп қалғанда,
Лып етіп сөнген
Шырақтың нұры — біз деген...
* * * * * *
Мен сені сағынғанда,
Қарамай жауындарға, дауылдарға,
Қарсы қарап жүземін ағындарға,
Кеудемде қимылдаған жаным барда,
Мен сені сағынғанда,
Бір минут та қақым жоқ дамылдарға.
Мен сені кызғанамын,
Кызғаныштан мұз шайнап,
Тұз жаладым.
Шаңқылдап алдымнан шык,
Ана-қыран,
Алыстан келеді ұшып мұзбалағың.
Тәкаппар ең, өрлікке бола туған,
Жет тездеп,
Дауыл тұрғыз қанатыңнан.
Сен — мендік, мен — сендікпін, ана-қыран,
Қыранбыз, қырандардан жаратылған!
Сағыныштың сағымын жамылғанда,
Қарамай қара нөсер қағынғанға,
Саған ұшам,
Қалмайды сабыр жанда,
Мен сені сағынғанда, сағынғанда...
* * * * * * *
БАЙҚАЛМАЙ ӨТКЕН МАХАББАТ
Қысқы түн.
Аяз.
Ай жарық.
Төңірек тегіс қалғуда.
Басқаға көңіл бұрылмай,
Тұратын едім байланып,
Терезеңнің алдында,
Желідегі кұлындай.
Қадалып жарық кең үйге,
Арманым - сені бір көрсем.
Сырттағы байғұс не күйде
Тұрғанын әсте, білмеуші ең.
Ызғарын аяз төккенде,
Терезең кеткен қыраулап.
Арыда-бері өткенде,
Көленкең ғана жүр алдап.
Бөз кырау аты кірпідей,
Келетін әкең жұмыстан.
Тазыдан қашқан түлкідей,
Ініме мен де жылысқам.
Махаббат өткен байқалмай,
Бұл шақта бәрі ұмытылған.
Сүйем деп саған айта алмай,
Сүйсініп жүргем сыртыңнан...
Сүйгісі келе берер сүйген ерін,
Сүй, жаным!
Сүйкімді бір күйге енемін.
Жүрегіміз жақыннан бірге соқсын,
Ағытшы бешпетіңнін түймелерін?
Сүй, жаным!
Сүйе бергін, кім біледі...
Бір кезде еске аларсың түнді, мені.
...Жалт етіп өте шыққан баяғыда,
Жастықтың талықсыған бір күні еді.
Ұялып, барады өтіп бұлак — бала,
Бұйығып, үн катпайды жылап қана.
Баланың мандайынан сипалаған,
Дірілдеп айдан тамған шуақ қана.
Тау-аталар түкситіп қабақтарын,
- Ар аттадын, - дегендей, - қарақтарым...
Сүйген жүрек қалады есеңгіреп,
Есеңгіреп, білмеппіз таң атқанын.
Сүйген ерін сүйгісі келе берер,
О, жастық! Махаббаттап, көгере бер!
Сүйгемін жоқ, өлгемін — дер едім мен,
Сүйдің бе деп сұраса менен егер...
Сен керікті едің...
Көріктісің!
Баяғы бойыңдағы желік-күшің.
Не істеймін десең-дағы еріктісің,
Себебі көріктісің, көріктісің!
Сен ақылды едің...
Ақылдысын!
Тал бойыңда талмаған ақыл-күшін.
Ерке мінез, есен-сау жатырмысың,
Жатырмысың, жаныма жақын құсым?!
Жаратқан қолдан соққан асыл мүсін.
...Алдыңа келу қандай қиын маған!
О, менің ақ бақытым, бұйырмаған.
Саусағыңнын ізіне көзің салшы,
Шым-шытырақ шимаймен шиырлаған,
0, менің ақ бақытым, бұйырмаған.
Сен сүйікті едің...
Сүйіктісің!
Сені көріп тағы да күйікті ішім.
Мен шыға алмас шың едің, шын бақытым,
Әлі де биікпісің?
Биікпісің?!
* * * * * * *
Қилы тағдыр қарсы алдымда тұрғанда,
Мен шорқақпын махаббатты жырлауға.
Өлеңде емес,
Өмірімде ат ізін,
Амал қанша, салғамын жоқ бұл маңға.
Он сегізге, жиырмаға толғанда,
Отау тігіп, ойнағам жоқ ол маңда.
Шын махаббат көрмедім мен,
Болғанда,
Даяр едім Отанымдай қорғауға.
Махаббатым өзімде деп ескерткем,
Кез болған жоқ құлай сүйіп, ес кеткен.
Кім біледі, сырт айналып кетті ме?!
Босана алмай жүргенімде бөстектен.
Капелімде арты — өкініш, алды — мұң,
Қаламаймын махаббаттың қалдығын.
Содан болар...
Содан болар кім білсін,
Махаббатқа шорқақ менің жан-жырым.
Махаббатқа шорқақ менін өлеңім,
Телісем де тели алмай келемін.
Неге керек өзімді-өзім демеуім,
Кімге керек сені сүйем дегенім?!
* * * * * * *
...Махаббат па?
Махаббат болған еді.
Таудың мен еркін жүрген тағысы едім,
Тапты да, түсірді ғой торға мені.
Махаббат па?
Махаббат болған менде.
Жиі барғам аққулар қонған көлге.
Ал, қазір тоңған жүрек, солған кеуде.
Ғашықтық па?
Ғашық та бола білгем.
Бір-ақ жанға ғашықпын бала күннен
Жанымменен сүйемін, жанарыммен.
Сағыныш па?
Калай оны тауыса аламын.
Сағынғамын, шөлдегем, аңсағамын,
Ақыры шаршағамын, шаршағамын.
Сүйгенім бе?
Сүйгенім өмірде емес.
Үйықтасам, түнде түсім, көңілде елес.
Өлгенше кетер емес көңілден еш...
Құмартасың жете алмай,
Қайғырасың сағынып.
Қыл көпірден өте алмай
Қиыласың табынып.
Жүрегіңді бос етіп,
Жүдеп жүріп сүйерсің.
Өзіңе өзің қас етіп,
Өз отыңа күйерсің.
Өзіңе бал, баскаға у,
Сезімдіге ең қымбат:
Қайғы, сүю, құмарту –
Ең бірінші махаббат.
Жарқ етіп найзағайдай сөне қалған,
Жастықтың тұңғыш нәрін сенен алғам.
Сәбилік пердеңді мен дал-дүл етіп,
Махаббаттың тәттісі саған тамған.
Күнәсіз сәбилікпен ойламаған,
Жасырып махаббатпен қайнамаған.
Жаныштап жетілмеген екі алмаңды,
Астынан тамағыңның аймалағам.
Хош, сүйіктім, есіңе ал сол бір күнді,
(Менен артық сүйсең де мейлі кімді).
Есіңе алсаң, егіліп жылағайсың,
Жайлауды, шулы өзенді, айсыз түнді...
* * * * * * *
Жылуы жалыннан да өтімдірек,
Көңілімді керген сайын бекіндіред.
Шығарып махаббаттың асқарына
Шыңдайды, сүюімді жетілдіред.
Қайғырса, қам көңілі қыстан жаман,
Қуанса, лебі оттай алаулаған.
Көңілімнің сүйетіпі жалғыз-ақ жан,
Кедір-бұдыр кейпі оның ыстық маған.
Көңілсіз кейде оның томсарғаны,
Құдіретті көңілге ой салғаны.
Еркелеп, шалқығаны кейде күліп,
Мен үшін келер бақыт, бір зор үміт.
Жүрегімнің жүбайы - жалғыз-ақ жан,
Ол маған оттан да ыстық лаулаған.
* * * * * * *
- Құс боп үшып жоғалсам, не етер едің?
- Сені іздеумен мәңгілік өтер едім.
- Отқа түсіп өртенсем, не етер едің?
- Күл боп бірге соңыңнан кетер едім.
- Бұлдырасам сағымдай не етер едің?
- Жел боп қуып, ақыры жетер едім.
- Қайғы әкелсем басыңа не етер едің?
- Қойшы, сәулем, бәрін де көтеремін.
* * * * * * *
Басты бет Дәстүр Тағам Ұлттық Ойындар ЖігіттіңҮшЖұрты Қолөнер Әндер Ырым-Тыйым Бата Жұмбақ М.Мақатаев ШешендікСөздер Ертегі ТөртТүлік Қазақтар Абай Кочевник