Қазақ ертегілері -Тұрмыс-салт ертегілері

ҮШ ҚЫЗ


 

Баяғыда біреудің үш қызы болыпты. Үшеуі де сақау екен. Бұған әкесі қатты намыстанып жүріпті. Бір күні қыздарын оңаша шақырып алып, былай деп тапсырады:

— Қыздарым, мен сендерге бір акыл айтайын, естерінде сақтандар,— дейді.

—       Айтыңыз, ешімізде шақтаймыз!— дейді кыздары.

—       Олай болса, ұғып алыңдар: бұдан былай үйге келген кісілердің көзінше ләм-мим деп, ауыз ашпандар. Келіп-кеткен адамдарға да сөйлемендер. Әйтпесе, сендердің сақау екендерінді жұрт біліп қояды да, былай шыққан соң «пәленшенің қыздары сақау екен» деп мазақтап кетеді.

Қыздары әкесінің бұл ақылын құп алып,айтқанына көнеді.

Бір күні бұлардың үйіне бейтаныс жолаушы келіп түседі. Қыздардың әке-шешесі бір жаққа қыдырып кеткен екен. Ақ үйдің көлеңкесінде үш қыз шүйіркелесіп, жүн түтіп отырыпты. Бейтаныс жолаушы қыздарға жақындап келіп амандасады. Қыздар үндемейді.

—       Әкелерің үйде ме?—дейді жолаушы. Қыздар жұмған ауыздарын ашпайды.

—       Неге үндемейсіндер, сақаусындар ма, әлде тілдерің жоқ мылқаусындар ма?— деп шұқшияды жолаушы.

—       Мылқау емеспіз, тіліміз бай,— деп жауап береді намысқа шьдамаған бір қыз.

—       Ендеше неге жөндерінді айтпайсындар?

—       Әкеміз бізге бейтаныш кішінің көзінше шөйлемендер деген,— деп береді әлгі қыз. Сонда оның қасында отырған кыз:

—       Шен шөйлеп қойдың, шен шөйлеп койдың! Әкеме айтамын,— деп орнынан ұшып тұрыпты.

 - Шендей шөйлешендер сөйлей бейіндер, өзім шөйлемеймін,— деп отыра беріпті үшінші қыз.



←кері қайту

 

Басты бет > Дәстүр > Тағам > Ұлттық Ойындар > ЖігіттіңҮшЖұрты > Қолөнер > Әндер > Ырым-Тыйым > Бата > Жұмбақ > М.Мақатаев > ШешендікСөздер > Ертегі > ТөртТүлік > Қазақтар > Абай > Кочевник