Қазақ ертегілері -Тұрмыс-салт ертегілері

ТАПҚЫР ӘЙЕЛ


 

Бір жалғыз басты кедей әйел үмітін артып отырған жалғыз қойын далаға жайып, қайтып келе жатады. Өзеннің үстіне салынған ескі көпірден өте бергенде, көпір сынып, қойы суға түсіп кетеді.

Жалғыз қойынан айырылған әйел жылап отырғанда, сол елдің ханы келіп қалып:

—        Неге жылап отырсың?— деп сұрайды әйелден. Сонда әйел:

—        Мына жаман көпірден жалғыз қойым өте алмай, суға құлап ағып кетті. Енді осы көпірден қойымның құнын алып бер, хансың ғой. Егер алып бермесең, қияметте екі қолым жағаңа жармасады,— дейді боздап. Хан ойланып тұрып:

—        Апырмай, бұл адам болса, алып берер едім. Жаны жоқ көпірге қалай үкім айтамын,— дейді. Сонда әйел:

—        Дұрысын айтсам,— дейді,— бұл көпірдің иесі өзің емеспісің? Осы елдің ханы бола тұрып, бір көпірді жөндетпей жүрсің. Соның салдарынан менің жалғыз қойым суға кетті. Ендеше қойымның қүнын өзің төле!

Хан әйел сөзінің қисынына жеңіліп, қойдың құнын төлеп, әйелді разы қып жұбатады. Содан кейін көпірді қайтадан жасауға жарлық түсіреді.

 

Басты бет > Дәстүр > Тағам > Ұлттық Ойындар > ЖігіттіңҮшЖұрты > Қолөнер > Әндер > Ырым-Тыйым > Бата > Жұмбақ > М.Мақатаев > ШешендікСөздер > Ертегі > ТөртТүлік > Қазақтар > Абай > Кочевник