Қазақ ертегілері -Тұрмыс-салт ертегілері

ҚЫЗҒАНШАҚ


 

Не болса соны қызғана беретін кісінің үйіне бір жолаушы келіп қоныпты. Қызғаншақ жолаушыдан көз айырмай қарап: «не қылып жүрген адам» деген оймен, таң атып, жолаушы аттанып кеткенше аңдумен болады.

Кетер кезінде жолаушы жөтеліп қалған екен, қызғаншақтың әйелі де жөтеледі. Сол арада жолаушы түшкірген екен, әйел де түшкіріп жіберіпті. Жолаушы аттанып кеткен соң қызғаншақ:

— Е, сенің бұл жолаушымен бір шатысың бар екен ғой, әйтпесе тегіннен тегін ол жөтелсе-жөтеліп, түшкірсе-түшкіріп несі бар еді. Бұл жұмбақтасқаны жәй емес. Бұл қорлыққа көнгенше қаңғып кетейін,— деп, әйелін тастайды да, қаңғырған бойы бір елге барып қонады.

Жолда тұмау тиген екен, қонып отырған үйінде жөтеліп қалғанда, бұл үйдің әйелі де жөтеліпті. Одан кейін түшкіріп жібергенде, әдейі андып отырғандай әйел де түшкіреді.

«Бұл қалай?» деп, танданған қызғаншақ байқап отырса, өзі сықылды әйел де тұмауратып жүр екен. Сонда барып, сол күні әйелінің тұмауратып жүргені есіне түседі де: «Мен әйелімді бостан бос қызғанған екенмін» деген ақыл есіне кіріп, әйеліне қайта оралыпты. Сөйтіп, қызғаншақтық қылығын қоюға ант беріпті.



 

Басты бет > Дәстүр > Тағам > Ұлттық Ойындар > ЖігіттіңҮшЖұрты > Қолөнер > Әндер > Ырым-Тыйым > Бата > Жұмбақ > М.Мақатаев > ШешендікСөздер > Ертегі > ТөртТүлік > Қазақтар > Абай > Кочевник