Қазақ ертегілері -Тұрмыс-салт ертегілері

ЕСТІ ҚЫЗ


 
Баяғыда байдың қолында бір жетім қыз болыпты. Әке-шешесі ерте өліп, жалғыз қалған екен. Орімдей жас бала байдың отын-суын тасып, тамағын асырапты. Күндердің күнінде сол ауылдың қыздары жиналып, шөпшек теруге шығыпты. Терген шөпшектерін буып, арқалап алыпты. Үйлеріне қайтып келе жатқанда жолда жаңбыр құйып кетеді. Қыздар отындарын арқалап үйлеріне қарай жүгіріпті.
Жетім қыз қырық жамау жаман шапанын шешіп алып, отынның үстіне жауып, жаңбырдың басылуын тосып отырыпты.
Алыстан келе жатқан салт атты жолаушы мұны көріп, кыздың қасына келеді де:
—        Шырағым, ана балалар ауылға кетіп калды ғой. Сенің бұл отырысың не?—деп сұрайды. Сонда қыз былай дейді.
—        Барса, бара берсін, менің нем кетеді? Олардын отындары да, киімдері де су болады.
Атты кісі ауылға барса, айтқанындай-ақ елдің көбісі отындары су болып, шай қайната алмай отыр екен.
—        Жәміш деген қыз бала тұратын үй кайсы?— дейді жолаушы.
—        Анау жотаның үстіндегі үй,— деп көрсетіп жібереді.
Жолаушы сол үйге барып түседі: Шайы қайнап, тамағы пісіп тұр екен. Бір-екі кісі келіп, құрғақ отыннан тамызық та сұрап алып жатады. Мұны көріп отырған қонақ жетім баланы шақырып алып:
—        Қызым, сен ақылды бала екенсің, алдыннан жарылкасын!— деп батасын беріпті.

 

Басты бет > Дәстүр > Тағам > Ұлттық Ойындар > ЖігіттіңҮшЖұрты > Қолөнер > Әндер > Ырым-Тыйым > Бата > Жұмбақ > М.Мақатаев > ШешендікСөздер > Ертегі > ТөртТүлік > Қазақтар > Абай > Кочевник