Қазақ ертегілері -Тұрмыс-салт ертегілері
ЕКІ ПАЛУАН
Өз елінде даңқы шығып жұрген Тәңірберген деген бір мықты палуан күш сынасу үшін басқа бір елдегі Назар деген палуанды іздеп шығады. Сол палуанның ауылына жақындайды. Ауылдың алды үлкен өзен екен. Өзеннен аты үркіп өтпейді. Тәңірберген атынан қарғып түседі, астына кіріп, арқалап алып судан өткізеді. Назар палуан да мұны көріп тұрған екен.
Ауылға келген Тәңірберген одан Назардың үйін сұрайды. Сонда Назар көкке өрлеп тұрған бәйтеректі бір қолымен жұлып алып: — Анау шеткі үй,— деп өзінің үйін нұсқапты.
Осылай танысқан екі палуан достасып, өмір бойы сыйласып өткен екен.