Қазақ ертегілері -Тұрмыс-салт ертегілері

АРБАНЫҢ ШИҚЫЛЫ


 

Екі жаяу келе жатады да, бір жүк тиеген арбаға кезігеді. Арбаның дөңгелегі шиқылдап, кұлақтарын тұндырады. Сонда жаяудың біреуі жолдасынан:

— Мына арба неден шиқылдайды?—деп сұрайды. Сонда жолдасы айтады:

—        Арбаның дөнгелегі өрге қарай жүргенде: «Май-ла-ма-ды-ау, май-ла-ма-ды-ау»,— дейді.

—        Ал тегіс жерде не дейді?

—-Тегіс жерде: «Құй майла, құй майла ма, кұй майла, кұй майла ма!»— деп дөңгелейді.

—        Ылдиға қарай дөңгелегенде ше?

—        Ылдиға қарай жүргенде: «Майламасаң, майлама! Майламасаң майлама!» дейді.


 

Басты бет > Дәстүр > Тағам > Ұлттық Ойындар > ЖігіттіңҮшЖұрты > Қолөнер > Әндер > Ырым-Тыйым > Бата > Жұмбақ > М.Мақатаев > ШешендікСөздер > Ертегі > ТөртТүлік > Қазақтар > Абай > Кочевник