Бата-тілек
Бисмилляһи- р-рахман ир рахим
Уә, жаратқан ием құдірет!
Тілегімізді қабыл ет,
Иманымызды кәміл ет!
Достың көңілін аша көр,
Дұшпанның көңілін баса көр!
Тозақтағы оттан қақ,
Ниеті қара жаттан қақ,
Нөсіп бергей, жоқтан қақ!
Әділдікті бұрғаннан сақта,
Қайырымсыз туғаннан сақта,
Өтпес пышақ, шабан атыңнан сақта,
Көкдауыл шайпау қатыннан сақта!
Қоғамды жеген қастардан сақта,
Шарап құмар мастардан сақта,
Қарт сыйламас жастардан сақта,
Қарны тойып өсірген шақта
Нанды тепкен кесірден сақта,
Кеудесін керген келіннен сақта,
Мезгілсіз келген өлімнен сақта,
Татымсыз тұздан сақта,
Ұятсыз қыздан сақта,
Жігіттің аңқауынан сақта,
Жастардың жалқауынан сақта!
Үлкенінде нақыл жоқ,
Кішісінде ақыл жоқ,
Ағайынның бітпес дауынан сақта!
Уа, құдайым!
Ұл берсең білікті қып бер.
Қыз берсең көрікті қып бер,
Келін берсең келісті қын бер.
Мінер ат берсең желісті қып бер,
Ағаш берсең жемісті қып бер!
Төрт түлік мал аулаға толсын,
Арпа, бидай қамбаға толсын.
Ел дәулеті өрлеі берсін,
Жас ұрпақ соғыс көрмей өссін!
Жақсылыққа жанымыз асық болсын,
Е, құдайым оңдасын,
Қызыр келіп қолдасын,
Бас аман, мал түгел боп,
Береке-бірлік орнасын!
Дастарқаның бай болсын,
Пейілің соған сай болсын.
Үй ішінде ұйым болсын,
Үйіңде кұнде жиын болсын.
Биік болып мәртебең,
Топ ішінде сыйың болсын,
Луызбірлік мықты боп,
Жаман жолдан тыйым болсын.
Қонақ күтер күйің болсын,
Алты болме үйің болсын.
Осының бәрін көтерер
Бастарыңда миың болсын!
Аллауақпар!
КЕЛІН ТОИ БАТАСЫ
Жас келіннің батасы,
Жастардың көп қатасы.
Жек көрмейді баласын
Анасы мен атасы.
Балалар, көтер қолыңды,
Хайырлы құтты жолыңды.
Ием берсін мал мен бас,
Толтырсын оң мен солыңды.
Мен берейін батамды,
Кішіпейіл болып, келінжан,
Сыйла енең мен атаңды,
Кекшіл болма, қарағым.
Кешірер әркім қатаңды.
Бола берсін ойын-той,
Қызықтап тойлау — құрмет қой.
Ақыл, естен айрылмай,
Жастарым еске алып қой,
Хайырлы болсын тойыңыз,
Құдалар кеуде соқтырып,
Құйрық-бауырға тойыңыз,
Аллаһу акпар!
ДӘМГЕ БАТА
Әуелі құдай есен ет,
Жиреншедей шешен ет.
Атымтайдай көсем ет,
Луқпандай береген ет.
Ибраһимның бақытын берсін.
Сүлейменнің тақытын берсін.
Қыдыр құсы қонсын қасыңа,
Бұлбұл құс қонсын басыңа.
Жорытқанда жолың болсын,
Жолдасың Қызыр болсын.
Жоғары болсын жұлдызың,
Бақытты болсын ұл-қызың.
Ас иесі байысын,
Бар ойлаған арманың
Жақсылыққа сайысын.
Аллаһу акпар!
ОН ЕКІ МҮШЕГЕ АРНАЛҒАН БАТА
Мына берген басың,
Аман болсын кәрі-жасың.
Мына берген жамбасың,
Аман болсын жолдасың.
Мына берген жілігің,
Аман болсын ілігің.
Мына берген төсің,
Бақ дәулетің өссін.
Мына берген омыртқа,
Жамандыққа жолықпа.
Мына берген қабырға,
Ынтымақ-бірлігіңнен айрылма.
Жолға шықсаң жолың болсын,
Жолдасың қыдыр болсын.
САҚТЫҚ БАТАСЫ
Уа, құдайым, тілегімізді
қабыл ет,
Иманымызды кәміл ет.
Тозақта жанған оттан сақта,
Қаңғырып тиген оқтан сақта.
Парақор соттан сақта,
Кірлі сумен жуыстан сақта.
Ынтымақсыз туыстан сақта,
Қаражурек бақылдан сақта.
Көкдауыл қатыннан сақта,
Кеудесін керген келіннен сақта.
Мезгілсіз келген өлімнен сақта,
Ұятсыз қызыңнан сақта.
Тұнеріп атқан таңнан сақта.
Жаңбырсыз болған жазыңнан сақта,
Қарсыз мұздаң қысыңнан сақта.
Жастарында әдеп жоқ,
Үлкендерде пәтуа жоқ,
Құр айғай, шуыңнан сақта.
Алдыңнан бақытың ашылсын.
Қызыр Ілияс барлық пәлені
қашырсын.
Аллаһу акпар!
БАЛАНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСУГЕ АРНАЛҒАН БАТА
Кесілді, балам, тұсауың,
Жалтақтамай аяқ бас.
Биік болып ұшарың
Асқарлармен қанаттас.
Қасың құрар айла мың —
Қапылыста сурінбе.
Жалтан құшақ жайтанның
Пышағына ілінбе.
БАУЫРЖАН-АТАНЫҢ (МОМЫШҰЛЫ) БАТАСЫ
Ақ жүрек болсын жолдасың,
Адалдық сені қорғасын.
Жақсылық үшін күрессең,
Жаныңды арың қорғасың.
Ағынды болсын шабысың,
Алымды болсын табысың,
Найзадай болсын намысың,
Ер жігітке бәрі сын.
Қиындық көрсең мұқалма,
Ауырлық көрсен жұқарма,
Қамқоршы бол кішіге,
Үлкенді үлгі тұт алға.
Әйгілі болып әлемге,
Күндей болып жарқыра.
Адалдық жолмен жүрдағы,
Жағымды бол халқыңа.
Бәйтеректей бүрлі бол,
Бәйшешектей бүрлі бол,
Қажымайтын қайратты бол,
Дұшпаныңа айбатты бол.
Жас ұрпақ ғұмырлы болсын,
Ата-анаға мейірлі болсын.
Қуанышты, көңілді болсын,
Еңбегі өнімді болсын.
Талабы тауға өрлесін,
Қауып-қатер төнбесін,
Халқына сенімді болсын
Абройы беделді болсын.
Алуан түрлі өнері болсын,
Табысы таудай кенелі болсын.
Сөзі өткір жүйелі болсын,
Халқының жан күйері болсын.
Елінің қамқор тірегі болсын
Не тілесе тілегі болсын.
ӘРКЕЗ ӘР ЖЕРДЕ АЙТЫЛАТЫН БАТАЛАР
Әмин десең маған,
Бата бердім саған,
Қабыл болсын тобаң,
Қолтығыңнан демесін,
Қыдыр бабам.
Уа, дәм ішкендер терлесін,
Маңыңа дұшпандар келмесін,
Тәңірім берген несібең,
Күннен күнге өрлесін.
Талабыңды жүргізіп,
Тәңірім өзі оңдасын.
Гүл-гүл жайнат,
Тайдай ойнат.
Азамат туы — ар болар,
Әділдік — соған нәр болар.
Жадыңа тұтсаң осыны —
Жақсылық саған жар болар.
Қасының жолы тар болар,
Тілектен қазына жиғанның —
Ошағы, орны бар болар.
Ошақта отың маздасын,
Орныңнан ор қазбасын.
Іргеңнен иектеп итіңді ешкім
шулатпасын,
Қасыңда отырып — қалпағыңды
ешкім тулатпасын.
Төріңе шытып төсегіңді ешкім
тілмесін,
Көзіңді шуңып-көсеуіңді ешкім
ілмесін.
Тату көршіңнен — табағыңды
ешкім бөлмесін,
Қайты меңдеген қабатыңды ешкім
көрмесін.
Қарның тойса — қалыптан аспа,
Таяныш бол тарыққан басқа.
Жар болып жүр жабыққан жасқа
Жақсы ісіңді жанықпай баста.
Атаңа — ар бол
Анаңа — нәр бол,
Жақсыға — жал бол,
Жаманға зәр бол,
Халқыңның қуанышы бол,
Жалпының жубанышы бол.
Қамыңды теліп қарынға,
Қараулық жолға салынба.
Шалқып бір тұрған шатыңда
Шаттыққа елтіп қабынба.
Журерсің сонда бабыңда
Жуптасар саған бағың да.
Көзіңді кірбің ұяламасын,
Өзіңді кіржің қияламасын.
Кулікке тәңір алдыра бермесін,
Күдікке сірә шалдыра көрмесін.
Әбестікке малындырмасын,
Әлектікке жалындырмасын,
Қараулыққа қаның бурмасын,
Жақсылықты жаның жырласын.
Бапкері жоқта қыран жетім,
Бақ-тері жоқта ұлан жетім.
Байдан айырылса — қатын жетім,
Жайдан айырылса — жақын жетім,
Баладан айырылса — ана жетім.
Сарадан айырылса — дана жетім.
Қаңсып қалса — қазан жетім,
Шалықтанса — тазаң жетім.
Құдай сені жетімдікке жазбасын,
Түтінің тузу, ошақта отың маздасын.
Жақсылыққа ат байлап журейік,
Жамандықты қақпайлап жүрейік.
Арға табынып жүрейік,
Ағайынды сағынып жүрейік.
Қуаныштың тұрағы бол,
Ұлан істің бұлағы бол,
Мерекенің құрағы бол,
Мейірімнің шырағы бол,
Сабырлының сыңары бол,
Пәк үлгінің шынары бол,
Туралықтың тұмары бол,
Тұлғалы ұлттың құмары бол.
Атаңның иықтысы бол,
Анаңның сүйіктісі бол,
Халқыңа қадірі асқан
Мәртебесі биік кісі бол.
Босағаңды тептірме,
Досқа азар шектірме,
Табалдырығыңды таптатпа,
Тасырларды аттатпа,
Сұйықты төрге оздырма,
Сғананақ қолын создырма.
Міншілден жасып мұқалма,
Күншілден сасып жұқарма.
Шаужайдан жарың алмасын,
Шаңырағың датқа қалмасын,
Жақсылық нықтап іргесін,
Жандарың қайғы білмесін.
125 ЖАСТАҒЫ АБЫЗДЫҢ ШАҚШАҚҰЛЫ ЖАНЫБЕККЕ БЕРГЕН БАТАСЫ
— Ең ақырғы батамды есті, балам,
Риза бол атаңа, балам.
Бағың жоғары ерлесін, балам,
Дұшпаның шеніңе келмесін, балам,
Абыройың таймасын, балам,
Басыңа дәулет құсы орнасын, балам,
Лұқпандай милы бол, балам,
Рүстемдей батыр бол қаймықпай, балам
Дәуіттей ұлды бол, балам,
Талқадай тілді бол,балам,
Мұхаметтей көзді бол, балам,
Әділ тура сөзді бол, балам, балам
Омардай қара қылды қақ жар, балам
Әзірет Ғалидай топ жар, балам,
Ағзамдай дана бол, балам,
Ғазалидай аш-арыққа пана бол, балам,
Керегендей сөзді бол, балам,
Құралайдай керікті, жүзді бол, балам,
Атымтайдай жомарт бол, балам,
Қысыраулдай жомарт бол, балам,
Қобыландыдай қайтпас бол, балам,
Тарғындай жараға жатпас бол, балам,
Алпамыстай даңқты бол, балам,
Қамбардай халқыңа бол, балам,
Пәле-жала таппасын, балам,
Ордамыз Түркістан, балам,
Меселің қайтпасын ұрыстан, балам,
Түркістанда тугел бап, балам,
Самарқанда сансыз бап, балам,
Ер бастығы Едіге, балам,
Аман-сау бар еліңе, балам!
ЖАС НӘРЕСТЕНІҢ ШІЛДЕХАНАСЫНДА БЕРІЛЕТІН БАТА
Нәрестенің бауы берік болсын,
Ата-анасына серік болсын!
Азамат болып ер жетсін,
Ақсақал болып терлетсін,
Азамат болсын көрікті,
Ғұмыры ұзын берікті,
Қол қанаты көп болып,
Артынан ерте берсін серікті, '
Азамат болсын ардақты,
Мінезі болсын салмақты,
Өнері болсын жан-жақты,
Осы айтқанның бәрі келіп,
Алла берсін зор бақты,
Аллау әкбәр!..
КЕЛІН ТҮСКЕНДЕ АЙТЫЛАТЫН БАТА
Семьяң үлкен бай болсын,
Төрт түлігің сай болсын,
Ата-анаңның көңілі жай болсын,
Шаңырағың жоғары, биік болсын
Мал-басты үйіп берсін,
Босағаң берік болсын,
Тату-тәтті махаббатты
Бір-біріне серік болсын,
Дастарқандарыңа береке берсін,
Бастарыңа мереке берсін,
Астарыңа адалдық берсін,
Бастарыңа амандық берсін,
Дендеріңе саулық берсін,
Қызметтеріңе табыс берсін,
Қол жеткісіз ырыс берсін!
Дастарқандарың тоқ болсын,
Уайым-қайғыларың жоқ болсын,
Отбастарың шуылдап,
Күлшашарларың көп болсын!
Бақ-дәулет берсін бастарыңа,
Ғұмыр берсін жастарыңа,
Пәле-жала, жын-шайтан
Жоламасын қастарыңа!
Аллау әкбәр!..
ӘСКЕРГЕ АТТАНАТЫН АЗАМАТҚА БЕРІЛЕТІН БАТА
Сапарыңды оңдасын,
Алаштың рухы қолдасын,
Тәртіпке түсіп, шынығып,
Сайланып қару бойға алсын
Сен еліңнің шырағы,
Отанды қорға қырағы,
Ел шетіне жау тисе,
Ажал болсын тұрағы,
Мәнісін ұқ батаның,
Борышын өте Отанның,
Амандық пен саулықты,
Мен де тілеп отырмын,
Аман барып, сау қайтып,
Берсін жолдың төтесін,
Екі жылдық міндеті
Абыроймен етелсін,
Бере берсін тілеуді,
Бейбітшілік жасасын,
Білме жасып, жүдеуді,
Ширап, бойың жарасын,
Шыныға бер болаттай,
Елге жауды жолатпай,
Қатаң сақта тәртіпті,
Тура жұрген сағаттай.
ТОИ БАТАСЫ
Әуелі құдай оңдасын,
Хақ Расул жәрдем ғып,
Әулиелер қолдасын.
Сапар шықсаң, басшы боп,
Қызыр болсын жолдасың.
Шүкірлік қыл Аллаға,
Пейіліңді құдай алмасын.
Тәубе қылып журіңіз,
Іриядан болмасын.
Тауфих берсін бір Алла,
Арамға ауырың салмасын.
Бақытты болсын ұл-қызың,
Жоғары болсын жұлдызың.
Риза болса мейманың
Орнынан келер жиғаның,
Таңда махшар болғанда,
Алдыңнан шығар бергенің.
Көпшіліктен бата алсаң,
Мұратыңа жетерсің.
Жомарттың қылсаң тірлікте,
Қуанышпен өтерсің.
Қабыл болғай батамыз,
Кешіре көр, Алла, қатамыз.
Пәлені дұға қайтарар,
Бұрынғыны айтамыз.
ЬІқыласқа тойдың біз,
Шақырған соң келдік біз,
Келмек — суннәт,
Қайту — парыз,
Тойыңыз тойға ұлассын,
Келген ізбен қайтамыз,
Аллаһу акпар!
БЕКЕНТАЙ ПІРӘДАРДЫҢ БАТАСЫ
Әуелі құдайым оңдасын,
Оң жолына бастасын.
Ғайып ерен қырық шілтен
Қолдаушың боп қорғасын.
Малың менен басыңа
Еш жамандық болмасын.
Бақыт берсін басыңа,
Береке берсін асыңа,
Келмесін дұшпан қасыңа.
Бата беруші біздерден болсын,
Қабылдаушы құдайдан болсын.
Ішкенің адал болсын,
Айтқаның әділ болсын.
Таразылы, берекелі бол,
Ақ жузді кеңпейіл бол.
Қаз дауысты Қазыбек,
Қара балуан Жәнібек,
Адассаң жолға сала жүрсін,
Пәле-жаладан қаға жүрсін.
Түркебай атам аруағы қолдасын
Баталы ата торласын,
Дастарқанға бал төксін,
Қыдыр ала нар шөксін.
Бақ қарасын,
Қыдыр дарысын,
Берген батам қабыл боп,
Жарылқасын құдайым.
Аллаһу акбар!
Аруаққа иман берсін,
Пайғамбарға салауат берсін.
Жарылқасын құдайым,
Болмасын ешбір уайым.
Шаңырағың биік болсын,
Босағаң берік болсын.
Алла ісіңді оңдасын,
Ауру-сырқаудан қорғасын,
Адал іске жолдасын.
Көрген күндер ашық боп,
Аспаннан бұлт төнбесін!
Дос болған адам қас болса,
Бұл дүниеде оңбасын.
Арыстанның айбатын,
Жолбарыстың қайратын берсін,
Абырой бер амандық,
Бере көрме жамандық.
Жарылқа құдай, қабыл ет,
Нұрмұхаммед жәрдем ет,
Ғайып ерен қырық шілтен қолдау ет.
Жарылқасын алла,
Көңілге қайғы салма.
Ынтымақ, бірлік, жомарттық
Берекесін алма.
Жарылқасын құдайым,
Тарттырмасын уайым.
Тілегімді қабыл ет.
Баталар
Құрдасыңа — қуаныш бол,
Сырласыңа — сының бол.
Жылағанға жубаныш бол,
Туысыңа тұнық бол.
Татулыққа — тамаша бол,
Ықыласқа — иық бол.
Ана алдында аласа бол,
Ар алдында биік бол.
Тіресем тілек ат басын —
Тізгініңді ешкім қақпасын.
Іргеңде ібіліс жатпасын,
Ізіңді іріткі бақпасын.
Атаның наласынан сақтасын,
Баланың шаласынан сақтасын.
Ағайынның аласынан сақтасын,
Жамандардың жаласынан сақтасын.
Ізетті — ине етіп,
Иманды — түйме етіп,
Инабатты — күйме етіп,
Жүрейікші жамандықты куйретіп.
Жосықсыз ыға берер тырнақтыдан,
Су жұқпас жылтыр болма
құрғақсыған.
Кем божаң, кем боларсың бір данадан,
Кем болма, бірақ, ұлым, бір жақсыдан!
Кетпесін көшің қырынға,
Қиянатқа әсте ұрынба
Өтіне өсек жылынба
Өжет бол өмір сынында.
Жақсылықты суратпай
Жамандықты қақпайла.
Ардың туын құлатпай
Адалдыққа ат байла.
Жаттың да қызығына қуана біл,
Жаныңды жақсылыққа суара біл.
Қыз берсін қызығы — бал, парқы биік
Ұл берсін улағатты, ұраны әділ.
Берекеміз қашпасын,
Белімізді ешкім баспасын,
Адал жан болып астасың,
Арыңды кулдей шашпасын.
Бақыт болса бастасың,
Мейманың, сірә, таспасын.
Тірлікте тузу жол тапсаң,
Тәңірім берер басқасын.
Керегеміз кертілмесін,
Өнегені өрт ілмесін.
Тереземіз теңселмесін,
Теріс қылың еңсермесін.
Іріткі сөз иықтамасын
Тұрлаусыздық тұйықтамасын.
Тілекті-тәңірім қайтармасын,
Шаңырағымыз шайқалмасын.
Ел ішіне сыймаған —
Өріс тауып жарымас.
Еншілесін қинаған —
Ердің ісін танымас
Бол сондайға жаны қас –
Әділеттің әрін аш.
Мұрның кеуіп мақтана берме,
Сырыңды сыртқа ақтара берме.
Кердеңдесең кесір соғар,
Мұратыңа даң сала көрме.
Жетсе-дағы төбең көкке —
Желікпемен желең кетпе.
Халқыңды босқа елеңдетпе,
Парқыңды досқа төмендетпе.
Ағайынға аза берме,
Аңдып сорды қаза берме.
Туысқанды түте берме,
Түңлігіңнен үрке көрме.
Ел ішінде езбе болма,
Ебедейсіз кезбе болма.
Парасатсыз пақыр болма,
Таз басындай таңыр болма,
Көпке ұнаған келісті бол,
Өнегелі, өрісті бол.