Тұсаукесер тойының әндері


ТҰСАУКЕСЕР ЖЫРЫ


Қаз-қаз, балам, қаз, балам,  
Қадам бассаң, мәз балам!
Қүрмеуіңді шешейін,  
Тұсауыңды кесейін.
Қаз-қаз, балам, қаз, балам.  
Тақымыңды жаз, балам!  
Қадамыңа қарайық,  
Басқаныңды санайық.  
Қаз-қаз, балам, жүре ғой,  
Балтырыңды түре ғой  
Тай-құлын боп шаба ғой,
Озып бәйге ала ғой.
Қаз баса ғой, қарағым,  
Құтты болсын қадамың!  
Өмірге аяқ баса бер,  
Асулардан аса бер,
Тәй-тәй, қаз-қаз,
Қадамыңды бас, бас.
 
* * * * * * * * * *
 
ТӘЙ-ТӘЙ

Бір жығылып, бір тұрған,
Қадамыңнаң айналдым.
Ер жетуге ұмтылған,
Талабыңнан айналдым, тәй, тәй, тәй!
 
Жүгірем деп балаша,
Сан сүрініп, сан тұрған.  
Болашағың тамаша,
Бақытты бол, балдырған, тәй, тәй, тәй!
 
Қ а й ы р м а с ы:
 
Адымдағып, әй, бөпем,
Жаңылмағын, тәй, бөпем!
Әй, әй, бөпем, әй, бөпем,
Тәй-тәй басшы, тәй, бөпем!
 
Тұсауыңды кесейін,
Салып ата салтына.
Ертерек сен есейіп,
Қызмет ет халқыңа, тәй, тәй, тәй!
 
Аттай көрме, бүлдіршін,
Ала жібін басқаның,
Бейбіт нұрлы күн күлсін,
Ашық болып аспапың, тәй, тәй, тәй!.
 
Қ а й ы р м а с ы.
„Жолы айқара ашылды,"
Енді адымдап кетед",— деп,  
Әжем жаны асыл-ды,  
Жүрді-сені жетектеп, тәй, тәй, тәй!
 
Күлгін, тағы күле ғой,
Аппақ сенің талабың.
Жүр бүлдіршін, жүре ғой,
Құтты болсын қадамың, тәй, тәй, тәй!
 
Қ а й ы р м а с ы.

* * * * * * * * * *

ТӘЙ-ТӘЙ
Өлеңін жазған — Е. Елубаев  
Әнін жазған — Ш. Жағыпаров

Сені қашан көрем деп,
Үйге асығып жетем.
Үлбір беттен өбем деп,
Ұшып-ұшып кетем.
 
Қ а й ы р м а с ы:

Тәй-тәй,
Тәй-тәй,
Күле қойшы, бөпешім.
Тәй-тәй,
Тәй-тәй,
Жүре қойшы, бөпешім.
 
Қатарыңнан кем болма  
Ер жеткенде, бөпем.
Қанаттасым, сен барда,
Жетер көкке төбем.
 
Қ а й ы р м а с ы.
 
* * * * * * * * * *
 
ӨМІР ГҮЛІ
Өлеңін жазған — Б. Серікбаев
Әнін жазған — Ж. Назаров

Тәй-тәй, балам, тәй-тәй, балам, жасқанба,  
Самғап әлі ұшырсың көк аспанға.
Ізің қалды жер бетінде шұбырып,
Сен дірілдеп тұнғыш қадам басқанда.
 
Алғаш рет аяғыңнан тік тұрып,
Өжеттікті кеттің маған ұқтырып.
Жер бетінде із қалдыру үшін де
Өзіңе-өзің сене білу — мықтылық.
 
Шек бола ма қуанышта бұл күнгі,  
Жүрегімде тәтті сезім бұлқынды.  
Ертіп алып бара жатыр бұлақтар  
Кірбіңі жоқ сенің мөлдір күлкіңді.
 
Өмір гүлі, өмірімнің жалғасы,
Түсті жерге табаныңның таңбасы.  
Тәй-тәй басты жер шарының несі,  
Мамасы, оны сүріндіріп алмашы!
 
* * * * * * * * * *


Шілдехана тойының әндері

Сүндет тойының әндері

Қыз ұзату тойының әндері  

Үлену тойының әндері

Қазақ елері мен әйелдердің есімдері


Басты бет > Дәстүр > Тағам > Ұлттық Ойындар > ЖігіттіңҮшЖұрты > Қолөнер > Әндер > Ырым-Тыйым > Бата > Жұмбақ > М.Мақатаев > ШешендікСөздер > Ертегі > ТөртТүлік > Қазақтар > Абай > Кочевник