Шілдехана тойының әндері


БЕСІК ЖЫРЫ

Әлди-әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат, бөпем!  
Жылама, бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін,  
Байқұтанның құйрығын  
Жіпке тағып берейін.  
Әлди-әлди, аппағым,  
Қойдың жүні қалпағым,  
Жұртқа жаман болса да,  
Өзім сүйген аппағым!  
Әлди-әлди, шырағым,
Көлге біткен құрағым.  
Жапанға біткен тірегім,  
Жаман күнде керегім!  
Қонақ келсе, қой, бөпем,  
Қой тоқтысын сой, бөпем,  
Құйрығына той, бөпем!  
Айналайын, айымыз,
Алты қарын майымыз,
Жеті қарын жентіміз,
Алуа секер қантымыз.  
Дауыл соқса, бақан бар,  
Сом темірге балға бар,
Сом сынғанға — алда бар.  
Қалқам, менің қайда екен?  
Асқар-асқар тауда екен.
Онда неғып жүр екен,  
Алма теріп жүр екен,  
Асқар таудың алмасы  
Жаңа пісіп тұр екен.  
Әлди, бөпем, ақ бөпем,  
Ақ бесікке жат, бөпем.  
Астыңа терлік салайын,  
Үстіңе тоқым жабайып,  
Тойға кеткен апаңды  
Қайдан іздеп табайын?  
Жылама, бөпем, жылама,  
Атекеңді қинама!
Арша ма екен бесігі?
Ала ма екеп әкесі?
Өрік пе екен бесігі?
Сүйе ме екен әкесі?  
Жиде ме екен бесігі?  
Жігіт пе екен әкесі?
Жылама, балам, жылама,
Ата-апаңды қинама.
Құрығыңды майырып,
Түнде жылқы қайырып,
Жаудан жылқы айырып,
Жігіт болар ма екенсің?
Айыр қалпақ киісіп,
Ақырып жауға тиісіп,  
Батыр болар ма екенсің?
Бармақтарың майысып,
Түрлі ою ойысып,
Ұста болар ма екенсің?
Таңдайларың тақылдап,
Сөйлегенде сөз бермей,
Шешеп болар ма екенсің?
Кең балағын түріскен,
Ұлы топта күрескен,  
Балуан болар ма екенсің?
Бал қайнатып, шай ішкен,
Қазы кертіп, жал жеген,
Асты болар ма екенсің?
Ұзақ жасап, көбірек,
Басты болар ма екенсің?
Қарағай найза қолға алып,
Жауға тиер ме екенсің?
Қашқан жаудың артынан
Түре қуар ма екенсің?
Жылама, бөпем, жылама,
Атекеңді қинама!  
Алтынмен шоқтап тақия,
Берсек пе екен осыған?
Біз садаға, біз зекет,
Кетсек пе екен осыдан?
Менің тәттім қайда екен,
Қыздарменен тойда екен,
Тойда болса, отырсын,
Әлди, балам, алда жар!
Армансыз дүние кімде бар?
Біреудің болып көңілі шат,
Армандылар аһ ұрар!
Жездей-жездей қолыңнан,
Жезделерің айналсын,
Аппақ-аппақ қолыңнан,
Апаларың айналсын!
Әлди, балам, батыр балам,
Шауып келе жатыр балам,
Отыз қызды олжалап,
Алып келе жатыр балам.
„Олжа-олжа!"— дегенге,
Әрбіріне бір қыздан  
Беріп келе жатыр балам.  
Көзімнің  ағы-қарасы,
Жүрегімнің парасы,  
Уайым-қайғы ойлатпас,
Көңілімнің сапасы.
Айналайын, шырағым!
Көлге біткен құрағым!
Маңдайдағы құндызым,
Аспандағы жұлдызым.  
Әлди, балам, ақ балам!  
Айналайын, балам-ай!  
Айналсын сенен анаң-ай!
Әлдилеп сені сүйгенде,  
Атаңның көңілі болар жай!
* * * * * *
Әлди-әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат, бөпем,  
Жылама, бөпем, жылама,  
Көзіңнің жасын бұлама.  
Әлди-әлди, бөпешім,
Қозы жүпі көрпешім.
Жұрт сүймесе сүймесін,
Өзім сүйген бөпешім.
Айнекем, балам, қайда екен?
Қыздарменен тойда екен.  
Қызыл алма қолында,
Қыздар мұның жолында.  
Әлди, балам, ақ балам,
Ақ бесікке жат, балам,  
Айналайын көзіңнен,  
Атасына нақ, балам.
Әлди, балам, әлди!
Әуедегі жұлдыздай,
Суда жүрген құндыздай,
Өзім қалап сүйгендей,
Жұмақтағы қор қыздай,  
Әлди, балам, әлди!
 
* * * * * * * * * * *
 
БӨБЕК БӨЛЕУ
Ілияс Жансугіров

(Ана жыры)

Бөл-бөл, бөбек, бөл, бөбек,
Бөлейін бері кел, бөбек.
Бедерлі бесік, төрт есік,
Төгілте салдым тер төсек.
Бөпешім, бесік — отауың,
Отауыңа кір, бөбек.
 
Бөл-бөл, бөбек, бөл, бөбек,  
Бүлдіршін шүмек бәйтерек.
Балалы үйрек, бас бармақ,
Кішкене бөбеқ, бес бөлек.  
Саусақайы салбырап,
Бөлене қойсын қос білек.
 
Бөл-бөл, бөпем, бөл, бөпем,  
Бөлесем, жөнге көн, көкем.
Көк ала жылқы көлде екен,
Көк ала тайың сонда екен.
Торсығыңды тосайын,
Тұмсық төсей сор, көкем.
 
Бөл-бөл, бөпем, бөл, бөпем,  
Бөлейін бері кел, көкем.  
Жұлдызыңды жұм, көкем,
Жуынып ерте тұр, бөпем.
Алшая атқа мін, бөпем,
Ақтап қара біл, көкем.
 
 

Бөл-бөл, бөбек, бөл, бөбек,
Бөлекең қонған көк өзек,
Көк өзекте көбелек,
Көлге көк құс шүй, бөбек,
Көк өзекте көбелек,
Көбелектей күл, бөбек.
 
Бөл-бөл, бөбек, бөл, бөбек,
Боларсың, бөпем, қолкөмек,
Әлпештеген ата-анаң,
Бола қалса мүгедек.
Таңайын, ұйықта, таң атсын,
Түнде ояпба, түн түнек.
 
Бөл-бөл, бөбек, бөл, бөбек,
Бөрідеіт бөстек ки, бөбек.
Ерінбей еңбек ететін,
Еліңе бол елгезек,
Елгезек болсаң, иісін  
Ендеше саған екі емшек.
Бөл-бөл, бөбек, бөл, бөбек,
Бөгелмей бөріп біл, бөбек,
Білмесең бәрін бекерсің,
Бет алдыңа кетерсің,
Елге есті ер керек,
Ер жет! Есей ертерек!
 
* * * * * * * * * *
Қасым Аманжолов
I

Әлди, әлди, әлпешім,
Ұйықта деймін,— ұйықтайсың,
Маза берсең қайтеді,
Ұйықта десем,— ұқпайсың,
Жоқсың бүгін көз ілген,
Көп ісімнен бөгедің,
Жаудыраған көзіңнен...
Ұйықтай қойшы, бөбегім,
 
Әлди-әлди, әлди-ді,
Әлди қашан қалғиды.
 
II
 
Ұйықта десем, күлесің,  
Айналайын күлкіңнен!
Ер жеткен соң білесің,  
„Тұр-тұрлармын" бір күн мен.  
„Кешіктің,-— деп,— сабақтан",  
Тынышыңды алсам „тұр-тұрлап",  
„Жоқ қой әлі таң атқан",—
Деп жүрмеші бұртыңдап,  
Әлди-әлди, әлди-ді,
Әлди біздің қалғиды.

III
 
Ұйықта, бөпем, ұйықтай ғой,  
Ұйықтайтын бұл шағыңда,  
Қызық өмір, думан той,
Тұр ғой күліп алдыңда.
Ұйықтап өткен не табар,
Бұл өмірге бекер кеп.
Ұйықта, бөпем, ұйықтап ал,
Ер жеткен соң бол сергек.
Әлди, бөпем, бөпемсің,
Кім боп шығар екенсің?
 
IV
 
Күлімдейсің — күнімсің,
Батар дағы күн шығар,
Уілдейсің, күйімсің,
Күй де бір кез тыншығар,
Сен де тынық бір мезгіл,
Толқып қана жат бөпем,  
Аспанымда жүзе біл,
Айым менің — ақ бөпем!  
Әлди-әлди, әлдиім, бөпешім.
 
* * * * * * * * * * *
 
БЕСІК ЖЫРЬІ
Өлеңін жазған — М. Әлімбаев  
Әнін жазған — И. Жақанов

Төбемдегі аспаным, 
Маңдайдағы жұлдызым,
Дәйім жырлар дастаным.  
Күңгірт тартпас күндізім!  
Әлди-әлди, бөбегім,  
Әлдилесін өлеңім.
 
Ерсі емес қой, еркешім,
Ұйықтасаң да қапшама,
Күш жинап ал, бөпешім,
Ер жеткенде шаршама.  
Әлди-әлди, бөбегім,  
Әлдилесін өлеңім.  
Ұйқышының үлесі аз,—  
Осы бастан біліп қой,
Өмір сүйген тыншымас, 
Еңбек — нағыз қызық той.
Әлди-әлди, бөбегім,  
Әлдилесің өлеңім.
 
* * * * * * * * * * *
 
СӘБИ БОЛҒЫМ КЕЛЕДІ
Өлеңін жазған — М. Мақатаев
Әнін жазған — Т. Рақымов

* * * * * * * * * * *
 
БӨБЕК ЖЫРЫ
Өлеңін жазған — Т. Молдағалиев
Әнін жазған — М. Қойшыбаев

Жаутаңдайды жанарың,
Жаным бөпем, жан балам.
Мен елжіреп барамын,
Сенің даусың — ән маған.
Әсем күлкің — мерекем,
Үйге кірген көктемім.
Атқа мінсең сен ертең  
Айтарым да көп менің.
Әлди, әлди, бөбегім.
Жүзімдегі ақ шуақ,
Кеудемдегі самалым.
Осы кезде жақсылап  
Ұйықтап алшы, қарағым.
Келер күнді ойласам,
Жаным сәуле шашады.
Жігіт болсаң, нұр болсаң,  
Ұйқы өзі де қашады,
Әлди, әлди, бөбегім.
 
* * * * * * * * * * *
 
ӘЖЕ ӘЛДИІ
Өлеңін жазған — Щ. Смаханұлы
Әнін жазған — А. Қоразбаев

Мамам қайда дейсің-ау,  
Папам қайда дейсің-ау.
Кетті десем гөлайттап,
Маған өкпелейсің-ау.

Қ а й ы р м а с ы:

Әлди-әлди-әлә-лай,  
Ұйықтай қойшы, балам-ай.  
Мамаң кетті курортқа,
Папац кетті курортқа.
Аман болғай, әйтеуір,  
Жүргеп кезде жырақта.
 
Қ а й ы р м а с ы.
 
Өз ұлым қандай дана бас,  
Келінім қандай дода бас.
Салыпты түскен суретін,
Жағажайда жалаңаш.

Қ а й ы р м а с ы.
 
Қырау толып шашына,
Жетсін менің жасыма.
Берсің осы күнімді,
Өздерінің басына
 
* * * * * * * * * * *
 
БАЛ БӨБЕГІМ
Өлеңнің жазған — Б. Тәжібаев
Әнін жазған — Р. Байқоңыров
 
Аңсйғанда жұлдызым сен мен көрген,
Шаршағанда маған сен ғой дем берген!  
Шалқытқан сен өмірдің нұр шырағын,  
Ағытқан сен көңілдің күй-бұлағын!
 
Қ а й ы р м а с ы:
 
Көз алдымда үлбіреген,
Жұпар гүлім — сен ғой менің!
Жаным сүйіп елжіреген,
Жарық күпім — сен ғой менің!  
Басымдағы бақытымсың,
Жарқылдаған жақұтымсың,
Бал бөбегім, жан бөбегім — шырын бал!
Таңым менің, сәнім менің,
Бал бөбегім — әнім менің,
Сен дегенде бітпейтұғын жырым бар!  
 
Қайырмасы:
 
Сенен алдым сұлулығын сезімнің,
Мөлдіреген қарашығы көзімнің.
Сен бар жерде мен жайқалып-жайнаған  
Бәйтерекпін тамыр жайып, бойлаған.
 
Қ а й ы р м а с ы.
 
Қызық-думан сен ғой әке-апаға,
Иіскегенде мейір әбден қана ма?
Сен бар жерде бірге болып көшпенен,
Жүрер жолда ізім менің өшпеген!
 
Қ а й ы р м а с ы.
 
* * * * * * * * * * *
 
ӘЛДИ, ӘЛДИ
Өлеңін жазған — Д. Мүсіров
Әнін жазған -— К. Қуатбаев

Құндақтайын, бөлейін,
Айым, күнім, ұйықта сен.
Тәтті ұйқыңды күзетіп  
Тұр Отаның, тұрмын мен.
 
Қ а й ы р м а с ы:
 
Айтайын әлди өлеңін,  
Қуанышым, өлеңім. 
Ұйықта, ұйықта, бөбегім.
Әлі өзің жетексіз,
Батыл басып кетерсің.
Оқу оқып, білім ап, 
Мақсатыңа жетерсің.
 
Қ а й ы р м а с ы.
 
Ағаларың баспаған  
Жерге аяқ басарсың.
Ағаларың ашпаған
Талай сырды ашарсың.
 
Қ а й ы р м а с ы.
 
* * * * * * * * * * *
 
ӘН ЖҮРЕГІМ, ЖАН ҰЛЫМ
Өлеңін жазған — Ш. Сариев  
Әнің жазған — Н. Тілендиев

Толғанамын, тебіренем,
Көңілі — әуен, өмірі — өлең,  
Елжірейді жан жүрегім,
Аққу құстай ұясынан,
Қыран қанат қиясынан,
Самғай ұшқан он жүрегім.
 
Қ а й ы р м а с ы:
 
Сыйлаймын саған сырлы әнімді,  
Нұрлы әнімді, жан ұлым.  
Сыйлаймын саған жыр жанымды,  
Гүл бағымды, жан ұлым.  
Сыйлаймын саған, өмірімді,
әң гүлімді, тағдырымды,
тағдырымды, жан ұлым!
 
Нені аңсайды, нені тілеп,
Нені іздейді, нені жүдеп,
Өмірге іңкәр жан жүрегім.
Таңы шуақ күндерімдей,
Мәуелі бақ гүлдеріндей,
Көңілім — көктем, ән - жүрегім.
 
Қ а й ы р м а с ы.
 
* * * * * * * * * * *
 
ӘКЕ ӘЛДИІ
Өлеңін жазған — М. Көбегепов
Әнін жазған — С. Рысбаев

Ақ бесікке бөлейін,
Мазамды алма жат, балам!
Өлең айтып берейін  
Өмір бойы жаттаған.
 
Әлди, балам, әлди-ай!  
Әлди, балам, әлди-ай!
 
Ұнамайды тербеткен,
Саған қазір не қызық?
Сүт берейін шөлмекпен  
Қайда әлгі емізік?
 
Әлди, балам, әлди-ай!  
Әлди, балам әлди-ай!
 
Болса да әкең қамалдай,  
Орны бөлек апаның.  
Көңіліңді таба алмай,  
Таусылды ғой амалым.
 
Әлди, балам, әлди-ай!  
Әлди, балам, әлди-ай!
 
Сен ғой менің тілегім,  
Тынышталшы, балам-ай!  
Сәбилердің жүрегін  
Кім түсінер анадай.
 
Әлди, балам, әлди-ай!  
Әлди, балам, әлди-ай!
 
* * * * * * * * * * *


Тұсаукесер тойының әндері

Сүндет тойының әндері

Қыз ұзату тойының әндері  

Үлену тойының әндері

Қазақ елері мен әйелдердің есімдері


Басты бет > Дәстүр > Тағам > Ұлттық Ойындар > ЖігіттіңҮшЖұрты > Қолөнер > Әндер > Ырым-Тыйым > Бата > Жұмбақ > М.Мақатаев > ШешендікСөздер > Ертегі > ТөртТүлік > Қазақтар > Абай > Кочевник